БӨЖ – дің түрлері және білімгерлердің білімін бағалау критерилері

1. Материалды ауызша түсіндіру. Білімгер қойылған сұрақтарға өз бетінше дайындалып 10-15 минуттың ішінде жауап береді. Білімгердің жауабы тақырыптың мазмұнын қаншалықты ашқанына, тыңдаушылардың әңгімелесуге араласуына, әдебиеттерді қаншалықты пайдаланғанына қарай бағаланады.

2.Жазбаша жұмыс (Конспект, Эссе) әр модульдің соңында орындалады. Жазбаша жұмыста қолданған әдебиеттер де орын алады. Жазбаша жұмыста қарастырылған сұрақтың негізгі мәліметтері қысқаша 3-4 бетке жазылады.

3.Тесттерді оқытушы әр модульдің соңында немесе сабақ барысында кез-келген тақырып бойынша 5 мин аралығында алдын ала ескертпей-ақ орындауды талап ете алады.

4.Реферат пен баяндама орындауды білімгерлердің өздері таңдайды. Бұл жұмыстарды бірнеше білімгерлер бірігіп, тақырыптың әр бөлімін бөліп алып орындауға да болады. Реферат сұрақтың мазмұнын ашып, барынша баянды болып, және автордың өз қорытындысын көрсетуі керек.

5.Білімгерлердің презентациялар мен баяндамаларға бір-біріне берген пікірлері- алған мәліметтеріне қысқаша талдау жасап, оның күшті немесе әлсіз жақтарын көрсетуді қамтиды.

1. Тақырып бойынша шолу жасау- ұсынылған тақырып бойынша Интернеттегі ақпараттық ресурстарды, баспасөз беттеріндегі материалдарды қосымша пайдаланып және әдебиеттерге қысқаша шолуды жазбаша 2-3 бетке жазу.

2. Іскерлік-ойын –ролдік немесе командалық ойындар білімгерді келешектегі кәсіби іс әрекетіне машықтандырады.

3. Глоссарий – ұсынылған тақырып бойынша берілген терминдер мен ұғымдарды түсіндіру.

4. Топтық және жеке жобалар орындауды жақсы оқитын білімгерлер өз қалауынша таңдайды. Бұл жұмыста ерекше, өзекті тақырып зерттелуі керек, оның нәтижесі білімгерлердің конференциясында баяндалуы мүмкін.

5. Есеп шығару. Әр білімгер оқытушыдан жеке тапсырма алады да, оны жазбаша түрде орындайды.

6. Есеп құрастыру. Білімгер өтілген лекция тақырыбы бойынша есептердің шарттарын құрастырады. Сонымен қатар ол есептің шешілу тәсілдерін ұсыну керек.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалып тапсырылуы керек. Кешіктіріп орындалған жұмыстардың бағасы автоматты түрде төмендетіледі. Білімгерлер осы пәнді белсенді және ынта қойып оқып үйренулері керек. Әрбір лекция тақырыптарының негізгі мәселелері алдын-ала білімгерлерге таратылады. Яғни сол материалдармен танысып, лекцияның тақырыбын оқып келу қажет. Оқу барысында тақырып бойынша білімгерлер сұрақ қояды. Жауаптарын ойласып бір түйінге келтіргендері ынталандырылады және жоғары бағаланады. Лекциядан кейін әркім өз конспектісін қайталап оқып шығып, семинар сұрақтары мен БӨЖ тапсырмаларын толықтырып пысықтаулары қажет. Оқулықтарды тек тапсырманы орындаған кезде ғана емес, семестр аяқталғанға дейін үзбей оқып жүруі қажет. Сонымен қатар әрбір сабаққа мұқият дайындалып жүруі керек. Білімгер сабақтардан қалмауы керек, сабақтарға жақсы дайындалып, белсенділік танытып, тапсырмаларды уақытында орындап аттестация мен емтиханда жоғары баға алуға ұмтылу керек.

Білімгер екі аралық бақылаудан өтеді. Аралық бақылау тек өткен материалдар бойынша жүргізіледі.

Конспекттер (сабақтар және негізгі әдебиеттер бойынша) міндетті түрде жазылады. Олар жиі тексеріледі және бағаланады. Егер білімгер тақырып немесе мәселе бойынша «Эссе» «Презентация» және тағы басқа жұмыстарды орындаса, онда ол сол тақырып бойынша конспект жазудан босатылды.

Білімгердің БӨЖ орындаудағы уақыт бюджеті

БӨЖ атауы Жоспарлы уақыт, сағ.
Лекция конспектілері бойынша дайындық 1*15=15
Семинар сабақтарына дайындық 1*15=15
Рубеждік бақылауға дайынды 2*2=4
Орындау БӨЖ-1
Орындау БӨЖ - 2
Орындау БӨЖ - 3
Орындау БӨЖ - 4
Орындау БӨЖ - 5
Консультация 1*15=15
  Барлығы

Дебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Экономикалық теория негіздері. (Я.Әубакіров, М.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, К.Табеев). -Алматы 1998ж.

2.Экономикалық теория. (Я.Әубакіров, Е.Жатқанбаев, К.Нәрібаев, т.б.)-Алматы,2000ж.

3.Шеденов, Жүнісов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. –Алматы-Ақтөбе,2004 ж.

4.Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. (Оқу құралы). Т.1.- ТарМУ,2004 ж.

5.Экономикалық теория.- Алматы,2004 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я.Аубакиров, т.б. Алматы, 1999

2. Экономикалық теория:курстың ұғымдық аппараты. Оқу құралы. Б.Көзжанов, М.Сейдахметов Тараз, 2004

3. Жаңа кезең экономикалық теориясы. Оқу құралы. С.Сахариев, А.Сахариева

4. Курс экономической теории. Учебное пособие М.Н. Чепурин, Е.М. Киселева Киров, 1997

Баға қою саясаты

Баға қою саясаты объективтілік, ашықтық және икемділік принциптеріне негізделген. Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында білімгерлердің оқу жетістіктерін бағалау балдық рейтингтік жүйемен жүргізіледі. Бұл жерде білімгерлердің білімі бақылаудың төмендегідей түрлері бойынша бағаланады:

- ағымдық (апта сайын семинар сабақтарында және ОБӨЖ жүргізіледі);

- рубеждік (деканаттың бекіткен графигі бойынша жүргізіледі);

- аралық бақылау (оқу пәнін біткен соң академиялық кезеңнен кейін өткізілетін білімгердің оқудағы жетістіктерін тексеру)

Баллдар келесі түрде бөлінеді:

- ағымдық бақылауға –1500 балл;

- рубеждік бақылауға – 200 балл;

- аралық бақылау– 100 балл;

Барлық жұмыстардың түрлеріне баға қою ережелері:

· білімді бақылау графигіне сәйкес баллдар қойылады.

· егерде білімгер семестр бойы семинар сабағынан қалмай, сабақта белсенділік танытып отырса, онда оған10 балл қосылады.

· егерде білімгер себепсіз сабақтарға қатыспаса, қарыздарын уақытында тапсырмаса, онда одан 10 балл кемітіледі.

· конспектісі болмаса 10 баллға кемітіледі.

· тапсырма уақытында орындалмаса 10 кемтіледі.

БӨЖ –ді орындауға қойылатын талаптар:

Білімгер бір семестрде 5 БӨЖ орындау керек. Ол оның әр қайсысына баллдар кестеге сәйкес қойылады.

Рубеждік бақылауға қойылатын талаптар:

Экономикалық теория курсы бойынша 2 аралық бақылау болады. Оның біріншісі тест түрінде жүргізіледі. (дұрыс/ дұрыс емес)

Наши рекомендации