Азақстан - Германия қатынастарындағы ерекшеліктер

Еуропа мен Азияның тоғысында тұрған Қазакстанның геосаяси жағдайы, халқының этникалық кұрамының ерекшеліктері, оның экономикалық қуаты - мұның бәрі жас тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясын, көп қырлы принциптерін айқындайды. Еуразиялық өзгешелік республиканың сыртқы саясатының қалыптасуында үлкен рөл аткарады. Еуройалық одақпен қарым-қатынас та, сондай-ақ оның құрамына енетін іргелі мемлекеттермен, бірінші кезекте әлем елдері ішіндегі анағұрлым экономикалық және саяси тұрғыдан дамыған Германиямен екі жақты қатынастары стратегиялық жағынан өте маңызды болып табылады.

Германия Еуропалық елдердің ішінде Қазақстанның егемеңдігін алғашқы таныған мемлекеттердің бірі, оның жан-жақты қатынастарды дамытуға деген мүлделілігі бірқатар себептермен айқындалып отыр. Бірінші кезекте - республикада мекендейтін неміс диаспорасының болуы. Этносаяси фактор Қазақстан - Германия қатынастарын дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан немістерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту проблемасы және көші-қон процесін қалыптастыру, мемлекеттік және үкіметтік деңгейлердегі келіссөздерде орын алған қашанда маңызды және тұрақты тақырыптың бірі болды.

Осы проблеманы шешудегі перспективалы жолдардың бірі - Қазақстандағы неміс диаспорасына экономикалық қолдау көрсету жөніндегі біріккен бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады, ол үшін республика экономикасына Германия тарапынан едәуір қаржыларды инвестициялау, онда қазіргі заманғы Германия технологияларын ендіру және дамыту, немістердің шоғырланған жерлерінде бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру. Мұның барлығы неміс диаспорасының республикада орнығуы проблемасын онды шешуге ықпал етеді.

Тағы бір маңыздылығы жағынан кем түспейтін бағыт - бірлескен мәдени және білім беретін бағдарламаларды көбейту, адамдар арасындағы байланыстарды өрістету, неміс тілін үйретудің мүмкіндіктерін және осы тілде газет және журналдарды және т.б. басылымдарды қамтамасыз ету болып табылады.

Елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға екі жақ та мүлделі болып отыр. Қазақстан үшін ол Германияның мықты экономикалық қуатымен, ондағы бар осы заманғы технологиялармен едәуір мөлшерде инвестицияларды тарту мүмкіндігімен, сайып келгенде, оның Еуропалық экономикалық одақтағы жетекші рөлімен айқындалып отыр..

Қазақстан — АҚШ қатынастарының қалыптасуы

Мемлекеттіліктің қалыптасуы мен шынайы егемендікті иеленудің қажетті шарты - республикада экономикалық реформаларды және әлеуметтік қайта құруларды жүргізуде оның халықаралық беделін, қауіпсіздік кепілдіктерін, аумақтық тұтастығын және әлемдік қоғамдастықтың іргелі елдері тарапынан шекаралардың мызғымастығын қамтамасыз ету болып табылады. Нақ сондықтан да, қазіргі таңдағы дүниежүзілік саясатта үлкен күш болып отырған АҚШ-пен тығыз достық қатынастар орнату - Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болмақ

Қазақстан үшін АҚШ-тың өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолымен көрсетілетін экономикалық жәрдемі де өте маңызды болып табылады, кұкықтық және экономикалық реформаларды жүргізуге көмек керсету ісі республика экономикасына инвестицияларды қамту, несиелер алу, іргелі батыс фирмаларымен және корпорациялары мен тең құқылы сауда-экономикалық қатынастарды өрістету нәтижесінде ғана жүзеге асырылмақ.

Тұтастай алғанда, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас әр түрлі салалар бойынша ұдайы дамып келеді.

Болашақты болжау қашан да оңай емес. Болжампаздықтың өзі де көбіне келешегі де жоқ кәсіп сияқты. Өйткені, әлем ұдайы өзгеріп отырады, сондықтан да ең әйгілі деген аналитиктердің болжамдары да кей кездері ақталмайды. Десек те, Қазақстан үшін болашақ халықаралық айқындама ынтымақтастық, интеграция, өзара іс-қимыл және тату көршілік арқылы ғана сипатталатын болады деуге негіз бар. Мұндай саясатқа басқа балама бүгінде жоқ.

Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық дамуы.

Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтар мен күрделі мәселелер

Наши рекомендации