ОҒамныҢ тарихындаҒы информация

Информация және информациялық процестер

Информация қандай процестерге қатысады, мұндай процестерде ол қандай өзгерістерге ұшырайды? Біздің әрқайсымыз информацияны жинауға, сақтауға, тасымалдыуға, өңдеуге тжәне пайдалануға болатынын естідік. Жүріп келе жатқан жолымызға қарап, біз көру мүшеміз арқылы информация жинаймыз. Көздің нерв талшықтарында информация өте күрделі түрлендіруден өтіп, мидың көру бөлікьеріне беріледі. Бұл жерде ол одан әрі өңделеді де , өңделудің нәтижесі бірден пайдаланылады: біздің бұлщық еттерімізге сигналдар келіп жетеді – сондықтан біз шалшық суларды айналып, ал тастардан аттап өтеміз.

Біздің организдегі информация жинау мен өңдеу жүйесінің тағы бір жүйесі – жылу реттеу жүйесі. Біздің терімізде 300 мыңға жуық сезімтал клеткалар бар, олар дененің температурасы туралы информация жинайды. Жиналған информация мидың белгілі бөліктеріне; тап айтқанда, жылу қайтару орталықтарына және жылу өндіру орталығына беріледі. Бұл орталықтарда информация өңделеді де, қажетті жағдайларда, мысалы жылыту керек болса, тамырларға қан үдемелі түрде жіберіледі, ал суыту керек болса, тер шығару процесі күшейтіледі. Егер жылу шығару орталықтарына жалған информация жіберілсе (мысалы, оларды электр тоғымен тітіркендіріп), олар денені өте қатты қыздырып, өлу температурасына дейін жеткізуі мүмкін.

Адамзаттың қолымен жасалған әр алуан құрылғылар мен жүйелердің әрқайсысында қандайда бір дәрежеде информация жинау мен өңдеу жүргізіледі. Тіпті газды су сатуға арналған қарапайым автоматтың өзі тиындықты қабылдағаннан кейін ол туралы информация жинайды, осы информацияны талдайды да, ол не тура келмейтін тиындықты қайтарады немесе стакан суға құяды. Қазіргі кездің өзінде адамдар тобының ішінен қбылданған тәртіпті бұзушыларды тауып, оларды ұстап алатындай құрылғыларда бар! Метроға кіреьін жердегі автоматтар дәл осындай жұмыс істейді.

ОҒАМНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ИНФОРМАЦИЯ

Өзінің бүкіл даму тарихында адам баласы затты , энергияны және информацияны меңгерумен келеді. Адамзаттың дамундағы бүтіндей дәуірлер сол кездегі алдыңғы қатарлы технологияның атымен аталады. Мысалы , «тас дәуірі» - бұл еңбек құалдарын жасауға арналған тасты өңдеу технологиясы дәуірі, «қола дәуірі» металды өңдеу технологиясын меңгеру дауірі , «кітап басу дәуірі»- информация таратудың жаңа әдістерін меңгеру дәуірі. Жиырма-отыз жыл бұрын «атом дәуірі» туды деп айтылын, ал қазір «информация дәуірі» және «ЭЕМ дәуірі» дегенді көп естуге болады.

Иноформация айтып білдіру және беру қажеттілігін тіл, жазу , бейнелеу өнері пайда балды , кітап басу, почта байланысы,телеграф ,телефон , радио және теледидар дүни келді. Не себепті «информация дәуірі» туралы тек ЭЕМ пайда болғаннан кейін ғана айтылып жүр.

Оның себебі мынада.Технологияның сипаты жалпыға бірдей,әмбебап болғанда ғана оның қоғамға әсері төңкеріс жасай алатындай болады.Мысалы,заттарды өндіру,жинақтау,беру және өңдеудегі шын мәніндегі төңкеріс металл өңдейтін әмбебапстаноктардың пайда болуынан және жалпы транспорттық жүйенің (темір жолдар,автомобиль жолдары және басқа жолдар жүйелерінің) құрылуынан басталды.осығанұқсас,егер ежелгі машиналарда (мысалы,жел немесе су диірменінде) энергия көзі машинаның өзімен біріктірілген болса,қоғамның дамуына байланысты энергияны өндіру,беру,тұтыну бір-бірінен ажыратылады.энергияны пайдаланудағы түбегелі өзгерістер ең алдымен әмбебап электр машиналары мен электр энергиясын тасымалдау желілерінің пайда болуына байланысты.

ЭЕМ-нің-информацияны өңдеугеарналған әмбебап машинаның-пайда болуы информацияны жинау,тасымалдау және өңдеу саласындағы төңкерістің басталғанын білдіреді.Бұл төңкеріс зат пен энергияны меңгерудегі төңкерістерден кейіңгі орында тұрады.Және ол материалды өндіріс саласын ғана түбегейлі өзгертіп қоймайды,сонымен қатар өмірдің интелектуалды «рухани» салаларын да қамтиды.

ЭЕМ шығарудың өсуі,информациялық желілердің дамуы, жаңа информациялық технологиярдың жасалуы қоғам өмірінің барлық салаларында:өндірісте ғылымда,білім беруде,медициянада және т.б,информациялық компоненттердің пайда болуына және өсуіне әкеліп соғады.Информациялық қоғамға көшу процесі қазіргі кезде барлық дамыған елдерді қамтып отыр.Осы процестің өзегі, негізгі мәні информацияны ЭЕМ-өңдеу болып табылады.Біздің оқып-үйренуге кірісетін пәніміз міне осыған арналған.

«Зат,энергия,информация»үштігі салыстырулар мен ұқсастықтар үшін бай материал береді.Мысалы,информациялық желілердің болмауын электрдің және жолдардың болмауымен салыстыруға болады.Компьютерлендіруді (компьютер-ЭЕМ-нің басқаша аты)электрлендірумен және индустрияландырумен салыстыруға болады.Информатиканы физикамен салыстыруға болады. «Мектепте программалауды оқыту керекпе әлде дайын программаларды пайдалануды үйрету керек пе?деген сұрақты былайша: «мектепте электр негіздерін (кернеу,ток,Ом заңдары) окыту керек пе әлде электр жарығын өшіріп-қосуды және электр шамын бұрап шығаруды үйрету керек пе?»деп тұжырымдауға да болады. Әрине,мұндай ұқсастырулар сұрақтарға жауап бере алмайды, алайда олар информатиканың қоғамдағы ролі мен орнын көрсетуге мүмкіндік береді.

Зат, энергия және информация арасындағы ұқсастықтарға сүйеніп, болашақты болжауға, қандайда бір гипотезаларды тұжырымдауға болады. Мысалы, бұрынғы жылдары еліміздеқорытылып шығарылған металдың (шойын мен құрыштың) мөлшерінің стратегиялық мәні бар болатын және ол елдің дамуының сипаттамасы ретінде алынатын. Қазір біз металды үнемдеу туралы, металл мен энергияны көп қажет етпейтін технологиялар туралы айтып жүрміз. Дәл осы қасиеттер информацияға да тән болатынын болжап айтуға болады. Болашақта күнделікті тұрмысымызға «аз өлшемді информациялық технологиялар» немесе «қоршаған ортаны информациялық ластаумен күрес» деген сөздердің енуі әбден мүмкін.

Басқа жағынан алғанда, 19 ғасырдың соңында болашақ қоғамдағы электірдің ролін көрсету қаншалықты қиын болса, қазір болашақтағы информатика мен ЭЕМ-нің ролін көрсетіп беру соншалықты қиын. Тек бір күнге ғана электр жоқ болып кетсе не болатынын көз алдарыңа елестетіп көріңдерші! Ал ЭЕМ алып келген өзгерістердің тереңдігі мен жаңашылдығы одан ешбір кем емес.

Наши рекомендации