Неркәсіп жерлеріне салынатын салық.

Базалық салық ставкалары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне 1 гектарға есептеліп, бонитет балына бара-бар мынадай мөлшерде белгіленеді:

Кесте 4. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары

Бонитет балы Базалық ставкалары (теңге)
1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 100-ден жоғары 48,25 91,67 – 482,50 530,75 – 1084,66 1138,70 – 1592,25 1646,29 – 2074,75 2126,86 – 2582,34 2634,45 – 3136,25 3188,36 – 3715,25 3769,29 – 4319,34 4371,45 – 4921,50 4975,54 – 5693,50 5790,00

Мысалы,«Қазақмыс» корпорациясының материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының қоймалары Жезқазған қаласы шегінен тыс өнеркәсіп жерлерінде орналасқан. Қоймалардың жалпы көлемі 8,1 га құрайды. Топырақтың орташа бонитет балы 10 балға тең.

Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы (8,1 га * 482,5 теңге\га), мұндағы 8,1 – жер учаскесінің көлемі, га.

482,5 – 10 бонитет балына тең елді мекен жерінен тыс орналасқан өнекәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкасы, теңге\га.

Егер осы қоймалар елді мекен жерлері шегінде орналасқан болса, онда салық төмендегіше есептеледі:

((8,1 га * 10000) * 8,2 теңге\м2), мұндағы, 10000 – га-дан м2-ге көшу үшін ауыстыру коэффициенті;

8,2 – Жезқазған қаласына елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2.

Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық.

Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.

Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалардан кем болмауға тиіс.

Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекеннің базарлар аумағында бөлінген жерлеріне елді мекен жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.

Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына жоғарыдағы тәртіп бойынша салық салынады.

Мысалы, «Тұлпар» ӨК-нің иелігінде жалпы көлемі 160 м2 автотұрақ бар. Автотұрақ Қызылорда қаласында орналасқан.

Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 13888 теңгені ((160 м2 x 8,68) х10) құрайды, мұндағы, 160 - жер учаскесінің көлемі, м2.

8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2;

10 – Салық кодексінің 337 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жер салығының ставкасын өсіру саны.

Мал сату жөніндегі базарларға жер салығы елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

4с.Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.

Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.

Жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге тиіс.

Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады.

Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.

Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін 10 күн мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

Наши рекомендации