Тұндырғылардың конструкциялық ерекшеліктері.

1. Үздіксіз жуылатын тұндырғылар туралы түсінік. Мұндай үздіксіз жуылатын тұндырғылардың арнайы оқулық кітаптарда келтірілген әртүрлі түрлері көп. Дегенмен, үздіксіз жуылатын тұндырғылар деп, негізінде энергетика саласында пайдаланатын тұнырғылар келтірілген. Бұл тұндырғылар негізінде қалқыма тасындылардың 0,2-0,25 мм және бұдан ірі фракцияларын ұстауға арналған. Бұл тұндырғыларды бір немсесе көп камералы қылып салады және оны су торабы құрамында немесе су алғыш құрылымнан алысырақ, канал бойына орналастырады

2. Тұндырғылардың жұмыс істеу режимі. Тасындыларды үздіксіз жуатын тұндырғылардың жұмыс ерекшеліктері - тасындылардың шөгуімен, оны жуумен қатар тұтынушыға тазаланған су беріліп отырады. Тұндырғыдағы су тереңдігі тұрақты, бірақ камераның ұзына бойына су ағымының өзгеруіне байланысты су ағымы режимі бірқалыпты емес, себебі су ағымының белгілі бір бөлігі камерадағы тасындыларды жууға жұмсалады. Бұл тұндырғылар– дың тағы бір ерекшеліктері - бұларда тасындылар шөгетін, яғни пайдаланбайтын (өлі) көлем болмайды және камераларының ұзындығы оқтын-оқтын жуылатын тұндырғылардың камераларынан қысқа болатыны.

3. Тұндырғылардың құранды элементтері. Үздіксіз жуылатын тұндырғылар да оқтын-оқтын жуылатын тұндырғылардың элементтерінен құралады. Бұл қиылыстырғыш учаскелер, кіре берістегі және шыға берістегі су реттегіш шлюздар, камералар, тасынды жуғыш құрылғылар және оның жалғасы- тасынды жуғыш тракт. Бұл тұндырғының қиылыстырғыш учаскелері, кіре берістегі және шыға берістегі су реттегіш шлюздары оқтын-оқтын жуылатын тұндырғылардыкіндей. Тек бұлардың камералары мен тасынды жуғыш құрылғыларының конструкциялық ерекшеліктері бар. Тасындыларды үздік- сіз жуатын тұндырғының ұзына бойына қимасы 21.1. суретте көрсетілген.

Тұндырғылардың конструкциялық ерекшеліктері. - student2.ru

21.1. сурет. Тасындыларды үздіксіз жуатын тұндырғының ұзына бойына қимасы. 1) кіре берістегі су реттегіш шлюз; 2) қызметкерлер жүретін көпір; 3) камера; 4) шыға берістегі су реттегіш шлюз; 5) тасынды жуатын галерея; 6) тасынды жуғыш реттегіш шлюздың қақпағы; 7) түпкі галерея; 8) деформациялық саңылау; 9) су алғыштың түпкі тасынды жуғыш галереялары.

4.Тұндырғының камералары. Камералардың кесе көлденең қимасы тік бұрышты, табаны жайпақ, жазық болып келеді. Егер камераның ені үлкен болмаса, оны док конструкциясы тәріздес, бүтін қылып құю мүмкін, мұндай конструкция шөкпейтін, сығылмайтын топырақтарда да жарамды. Ал камераның ені үлкен болып, табанындағы топырақтар бірқалыпты шөкпейтін топырақтар болса, онда камераны бөлек-бөлек элементтерден салады. Де- формациялық саңылауларды камера табаны мен қабырғалары жанасатын жерде орналастыру тиімді. (21.2.а,б. сурет) Саңылаулардан су өтпеуін қамтамасыз ету үшін оларды герметикпен нығыздайды. Деформациялық саңылауды камера табанының ортасынан жүргізуге де болады, бұл жағдайда камера табанына арматура салынады (21.2.в сурет). Камераның ұзына бойына бірнеше түпкі галереялар салынады, бұларға шөккен тасындылар түсіп ағын сумен жуылып отырады. Түпкі галереялардың беті тормен жабылады, биіктігін камера табанымен бірдей қылып салады. Бұл түпкі галереялардың ені тұрақты болады, ал тереңдігі ұзына бойына өзгеріп отырады. Түпкі галереялардың кесе көлденең қимасының ұзына бойына өзгеруі тасындыларды жуатын су ағымының ақырындап көбейуіне байланысты, ал галереядағы су жылдамдығы ұзына бойына өзгермейді.

Камера табанына, ұзына бойына тартылған түпкі галереялар арасына тасындылар үшбұрышты призма түрінде шөгеді, бұлардың еңістік бұрышы тасындылардың табиғи еңістік бұрышына тең деп қабылданады. Алдын ала есептегенде бұл бұрыш шамасын 35-45º-қа тең деп қабылданады, сосын бұл бұрыш шамасын далалық зертеу барысында анықтайды. Мұндай тасынды шөгінділері тұндырғы жұмысына кедергі келтірмейді, ал жөндеу барысында галереяның беткі торын алып тастау арқылы тасындыларды сумен жылдам жуып жібереді. Галерея арасына тасындыларды шөктірмеу үшін алдын ала жиналмалы үшбұрышты призмалар орнатады. (21.2.в сурет). Тасындылар үшбұрышты призманың жақтаулары арқыла түпкі галереяға сырғанап түсіп, сумен жуылып отырады. Бұл үшбұрышты призмалардың биіктігін е=(0,25-0,3)Н деп қабылдайды. Мұнда Н-тұндырғы камерасындағы су тереңдігі. Камераның енін ойша секцияға бөлінеді, бұл тұндырғының гидравликалық есептеулеріне қажет.

Түпкі галереялардағы су ағысының гидравликалық режимі арынды және галереядағы су жылдамдығы шөккен түпкі тасындыларды тасымалдауды қамтамасыз етуі шарт. Судың тасындыларды тасымалдау мүмкіндігін көбейту үшін су ағысының циркуляциясын туғызған тиімді, ол үшін галереяға суды бүйірлей келтіреді, немесе галерея қабырғасына қиғаштап тақтайлар қояды.

Тұндырғылардың конструкциялық ерекшеліктері. - student2.ru

Тұндырғылардың конструкциялық ерекшеліктері. - student2.ru

20.2. сурет. Үздіксіз жуылатын тұндырғылардың камераларының кесе көлденең қимасы. а) табаны мен қабырғанаң жанасқан жеріндегі деформациялық саңылау - камераға тасындылар шөкпеген кезең; б) тұндыр- ғының док конструкциялы табаны - түпкі галереялар арасына тасындылар шөккен; в) деформациялық саңылау камера ортасынан жүргізілген және камераға жиналмалы үшбұрышты призмалар орнатылған. 1) камераның ұзына бойына қабырғасы; 2) тасынды жуатын ұзына бойына түпкі галереялар; 3) деформациялық саңылау; 4) түпкі галераялар арасына шөккен тасындылар; 5) секциялар; 6) түпкі галереялар арасына орнатылған жиналма- лы үшбұрышты призмалар.

5. Тасынды жуатын құрылғылар. Тасындыларды жуатын құрылғылар құрамына жуғыш реттегіш шлюз, тасынды жуатын галерея және оған жалғасатын тасынды жуғыш тракт кіреді. Тасынды жуғыш реттегіш шлюзды екі қабат қылып салған тиімді (21.3 сурет). Төменгі қабаттың тесігіне түпкі галереядан тасынды жуған ағын су келіп түседі және бұл тесіктің қақапақтары тұрақты ашық тұрады, тек камераның жұмысын тоқтатқанда ғана бұл қақпақтар жабылады. Егер тұндырғыға су аз ғана лайлықпен түсетін болса жоғарғы қабаттың тесігі камераны тек оқтын-оқтын жууға ғана пайдаланылады. Бұл кезде ұзына бойғы түпкі галереялар жұмыс істемейді және төменгі қабаттың тесіктерінің қақпақтары жабық болады. Жоғарғы қабаттың тесіктерін ұзына бойғы түпкі галереялардың торлары қоқыспен бітеліп қалғанда, оларды автоматты түрде тазалауға пайдаланылады. Бұл үшін төменгі қабаттың тесігінің қақпағын тез жабады, осы кезде, су ағысы жылдамдықпен келіп қақпаққа ұрғанда түпкі галереяда гидравликалық соққы пайда болады да, қоқыс тордан көтеріліп, сумен жоғарғы қабаттың тесігі арқылы жуғыш галереяға түседі. Бұл екі қабатты тасынды жуғыш реттегіш шлюзбен қатар бір қабатты шлюздар да қолданылады, мұнда тасынды жуған суды өткізуге арналған тек төменгі қабат болады. (20.1 сурет)

Тасынды жуғыш галереяны шыға берістегі реттегіш шлюздың табалдырығының астына орналастырады. Галереяның қимасын ауыспалы қылып салады, себебі оның ұзына бойына су ағымы өзгеріп, көбейіп отырады. Су ағысының режимі галереяда арынды да, арынсыз да болуы мүмкін, осыған байланысты тасынды жуғыш трактіні ыңғайлап салады. Арынды режимде тасынды жуғыш реттегіш шлюз бір ақ қабат болуға тиісті. Тұндырғы камерасынан жуылған қойыртпақ тасындылар өзен арнасына тасталып отырады. Тасынды жуғыш тракті ашық, канал түрінде салған тиімді, тек канал өте терең болып кететін болса ғана құбыр түрінде жүргізеді. Егер тракт құбыр түрінде салынса, онда пайдалану талабына сай - құбырдың биіктігі 1,5 метрден кем болмауға тиісті.

Тұндырғылардың конструкциялық ерекшеліктері. - student2.ru

20.3. сурет. Екі қабатты тасынды жуғыш реттегіш шлюз.

1) түпкі галерея; 2) төменгі қабаттың қақпақтары; 3) жоғарғы қабаттың қақпақтары; 4) қақпақ білігі; 5) қақпақта ашып-жабатын дөңгелек-штурвал; 6) қызметкерлер жүретін көпір; 7) шыға берістегі реттегіш шлюздың қақпақтары.

Су шаруашылығы саласында үздіксіз жуылатын тұндырғылар көп қолданылмайды, осыған байланысты оларды есептеу тәсілдерін келтірмейміз. Су шаруашылығы саласында, оның ішінде мелиорация саласында, негізінде оқтын-оқтын жуылатын тұндырғылар қолданылады. Оларды есептеу тәсілі жоғарыда келтірілді.

Наши рекомендации