Азақстандағы ислам

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың жанындағы Атлах қаласында араб армиясы қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді тастап қашқан. Осы жеңістен кейін бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария өңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы басқа да діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы көптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты, буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық арасында исламның таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты.
Ислам мәдениеттің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы білім мен өнер саласының өркендеп, мұсылмандықтың Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды

18 )Ұлы Жібек жолыVI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған

19) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуыШынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моң ғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.

Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды.

20) Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды.Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

1235 жы­лы Моңғол им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Қарақорым­да болған құрыл­тай­ды Ба­тысқа (Еуро­паға) шапқын­шы­лық жо­рық жа­сау ұйғарыл­ды. Бұл жо­рық 1236 жы­лы бас­та­лады. Шыңғыс хан­ның не­мересі, Жо­шы хан­ның ба­ласы Ба­тый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Ук­ра­ина жер­лерін бағын­ды­рып, Шығыс Еуро­па ел­дерін талқан­дап, Ад­ри­ат теңізіне дейін же­теді. Осы­дан кейін Еділ бойын­да Ба­тый Ал­тын Ор­да мем­ле­кетін құра­ды. Ал­тын Ор­даға Ертістен Днестірге дейінгі жер­лер кіреді. Орыс княз­да­ры Ал­тын Ор­да билігін мойын­дай­ды. Ал­тын Ор­да­ның ас­та­насы Са­рай-Ба­ту, ал кейінірек Са­рай-Бер­ке қала­сы бо­лады. Қоғам­дық-са­яси жағдайы. Ал­тын Ор­да әске­ри мем­ле­кет бол­ды. Ұлан-ғайыр өлке­де ор­на­ласқан мем­ле­кет халқының ба­сым бөлігі түркі тілдес қып­шақтар бол­ды. Мем­ле­кеттің бас­ты са­яси-мәде­ни тілі қып­шақ тілі бол­ды. Құрыл­тай мем­ле­кеттің негізгі ұйымы бо­лып са­нал­ды. Ал­тын Ор­да әскер­лері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мем­ле­кет ба­сын­дағы но­ян­дар мен бек­тердің, басқақтар мен тамғашы­лар­дың қолын­да билік көп бол­ды. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы мен оты­рықшы егін ша­ру­ашы­лығы Ал­тын Ор­да ха­лықта­рының бас­ты ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Ал­тын Ор­да ха­лықта­ры — мұсыл­мандар. Ал­тын Ор­да мем­ле­кетінің алғашқыда көне ұйғыр жа­зуы негізгі жа­зу бо­лып қалып­тасса, кейіннен ис­лам діні ықпа­лының күшеюіне бай­ла­ныс­ты араб жа­зуы да қатар қол­да­ныла­ды. Ал­тын Ор­да дәуірі ор­тағасыр­лық түрік әде­би­етінің да­мыған ке­зеңі бол­ды. Бұл ке­зеңдегі әде­би шығар­ма­лар: 1233 жы­лы «Қис­са Жүсіп» (Әли), 1303 жы­лы «Ко­декс-Ку­мани­кус», 1303 жы­лы «Қып­шақ тілі сөздігі», 1359 жы­лы «Ма­хаб­батна­ма» (Ах­мет Хо­рез­ми дас­та­ны), 1391 жы­лы «Гүлстан бит-түрки» (қып­шақ ақыны Са­раи), 1409 жы­лы «Жүсіп-Зы­лиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық ба­тыр» жы­ры дүни­еге ке­леді. Бұл ту­ын­ды­да қырық қып­шақ ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы ба­ян­да­лады.

Ал­тын Ор­да­ның ыды­ра­уы. Ыды­рау се­беп­тері:Эт­ни­калық құра­мы әр түрлі ха­лықтар бір мем­ле­кет­те тұра ал­ма­ды; Ша­ру­ашы­лығының өркен­деуі на­шар бол­ды; Билік үшін та­лас күшейді; Езілген ха­лықтың азат­тық күресі күшейді. Ал­тын Ор­да­ның тәуелсіз иеліктер­ге бөлінген кезі – XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы. Ақ Ор­да, Хо­резм, Еділ бұлғар­ла­ры т. б. Дер­бес мем­ле­кет­тер пай­да бол­ды. Бұлар­дың бар­лығы бұрын Ал­тын Ор­да­ның құра­мын­да, кейіннен Ал­тын Ор­да­ның қазақстан­дық бөлігінде Ақ Ор­да, Моғолс­тан, Әбілқайыр хан­дығы, Ноғай Ор­да­сы сияқты мем­ле­кет­тер билік жүргізген. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.

Наши рекомендации