Банк ашу және банк операцияларын лицензиялау тәртібі

ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынандай 3 кезеңнен тұрады:

1. Банк ашуға рұқсат алу;

2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу; Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы. Бірінші кезеңде банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1. Рұқсат алу үшін өтініш

2. Құрылтайшылық шарт (түпнұсқа)

3. Банктің жарғысы (түпнұсқа)

4. Банк жарғысын қабылдау және банк органының сайлау туралы хаттама

5. Құрылтайшылар туралы мәліметтер

6. Құрылтайшылардың соңғы екі жылдық есептелген бухгалтерлік балансы заңды тұлғалар үшін

7. Құрылтайшылардың қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды

8. Егер банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы құрылтайшылық шарты соңғы есеп мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытындысы

9. Банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер соның ішінде бас бухгалтерінің банк төрағасының банк жұйесінде кемінде 3 жыл, ал олардың орынбасарларында кем дегенде кем дегенде 2 жыл банк филиалдарының жетекшілері мен бас бухгалтерінің еңбек тәжірибесінде 1 жыл болуы қажет

10. Жаңадан құрылған банктің толық ұйымдастыру құрылымы ( банктің өкілетті органымен) бекітілуі тиіс

11. Жаңадан құрылған банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі ( банктің өкілетті органымен) бекітілуі тиіс

12. Жаңадан құрылған банктің несиелік комитеті тураалы ережесі

13. Жаңадан құрылған банктің бизнес-жоспары, банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп-айырысу балансы), бастапқы қаржылық 3 жылға арналған пайда және зияны туралы есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын қалыптастыру жолдары.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш 3 ай әрі кеткенде 6 ай мерзім ішінде өкілетті органда қаралады.

Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рұқсат беру өтініштерінің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құрылған банк қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап 1 ай ішінде ҚР-ң Әділет Министрлігінде Банк мемлекеттік тіркеуге алынады, оған қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға рұқсат берген және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алуы тиіс. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап, 1 жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

1. Ұйымдастырушылыұ, техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктердің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

2. Жарияланған жарлық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындамағанын растайтын құжатты берген уақыттан бастап 1 ай ішінде қаржылық қадағалау агенттігі қарайды, лицензиялық мерзімі шектелмейді және онда банктердің жүргізілген операциялар көрсетіледі.

Банк маркетингі: қағидаттары,әдістері және стратегиялары.

Банктік маркетинг – бұл сол аумақтағы клиенттер қажет ететін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі.Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттерді анықтауға бағытталған.Банктік маркетинг – бұл нақты саяси-қоғамдық және экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметінің, сыртқы және ішкі саясаты, стратегиясы мен тактикасы. Банк маркетингісі – бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет. Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, және осы базада банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттердң тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады. Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг басымдыққы ие болып келеді. Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға тартуға күрделі емес, сонымен қатар олар таратылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі – банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі – банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға – табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады. Бүгінгі маркетинг – бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз қніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге – шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете бәлу керек.

Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптері мынадай:

1. Нақты нарықтық мақсатқа – барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.

2. Маркетинг – бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау).

3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.

4. Маркетингі нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік ишешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.

5. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақты түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.

6. Маркетингі ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.

Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:

1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.

2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.

3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.

4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болады.

Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен – клиент пайдасы, содан кейін – банк мүддесі. Клиентке бағдарлану – жетістікке жеткізетін басты фактор.

Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:

1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

2. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.

3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.

4. Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.

Бұл міндеттер сәтті шешімін табатын болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады. Банктік жоспарлау жүйесі стратегиялық жоспарлаудан және маркетингті жоспарлаудан тұрады. Стратегиялық жоспарлау – банк қызметін стратегиялық басқару процесінің мәнді бөлігі. Ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілеу және оларға бағытталған ағымдағы қызмет жоспарларын жасау оның нәтижесі болып табылуы қажет.

Әдетте банктің стратегиялық жоспарында келесі көрсетілгендер көрініс табады: 1)бастапқы шарттар және банктің әрекетр етуі жоспарланған ортаны бағалау; 2)қаражаттарды бөлуге жүзеге асырылатын нарық басымдықтары; 3)банктің күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін бағалау; 4)нарық мүмкіндіктерді жүзеге асыру мақсатындағы стратегия түзетулері; 5)стратгиялық іс-әрекет уақытын таңдау; 6)күтілетін нәтижелер. Банк стратегиясына әсер ететін факторларды бағалау үшін: 1) банктік стратегияға әсер ететін факторларды анықтау қажет; 2) олардың әсер етуіне талдау жүргізу қажет.

Наши рекомендации