Практикалық сабақ 11.

1.Лексикалық тақырып:Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.

2. Грамматикалық тақырып:Тыйым мәнді сөйлем.

Грамматикалық анықтағыш:

-(у)ға-(- (у)ге, -қа,-ке) болады (болмайды) лексика грамматикалық тіркесінің түрленуі

Етістіктің келер шақ формасы –Іс-әрекеттің келешекте болатынын білдіретін етістіктің шақ формасын келер шақ деп атайды. Келер шақтың үш түрі бар:

Ауыспалы келер шақ –а, е, й жұрнақтарының көмегімен жасалады. М., Сен ертең үйге қайт-а-сың.

Болжалды келер шақ –ар, ер, р, с жұрнақтарының жалғануымен жасалады. М., Күздің басқы айларында күн жылы бол-ар.

Мақсатты келер шақ –мақ, мек жұрнағының жалғануымен жасалады. М., Спортсмендер жазда жарысқа бар-мақ.

1. Мәтінді түсініп оқы.

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь, есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиді. Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

· Мысалдан салт және сабақты етістіктерді тап?

· Мәтіндегі негізгі ойды анықта?

· Салт және сабақты етістіктерге мысал келтір?

Мәтінді түсініп оқы.

Атақты спортшылар

Дәулет Тұрлыхановтың грек-рим күресінде зор табыстарға жетуіне әкесінің ықпалы зор. Әкесі Болат Тұрлыханов Дәулеттің әрі бапкері, әрі тәрбиешісі болды.Дәулет Сеулдегі Олимпиадада күміс жүлдегер атанды. Атлантадағы Олимпиадада ол жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және Олимпиаданың жүлдегері болған шәкірті Юрия Мельниченкоға демеу бере білді.

· Мәтіннен салт және сабақты етістіктерді тап, астын сыз.

· Қанадай атақты спортшыларды білесің?

3.Мәтінді түсініп оқы.

Лттық спорт

Ұлттық спорттың бір түрі «қазақша күрес».Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

· Мәтіннен салт және сабақты етістіктерді тап, астын сыз.

· Қандай ұлттық спорт түрін білесің?

Азақтың ұлттық ойындары

Бәйге

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең кең тараған түрі – ат жарысы. Мұны біздің халқымыз көбіне “бәйге” “аламан бәйге” деп атайды.

Ат жарысы, негізінен үлкен тойлар мен мерекелер, ас беру кездерінде өткізіледі. Бәйгеге мықты да жүйрік аты бар, өзі де ат құлағында ойнайтын өнерлі, шабандоз жігіттер қатыса алады.

Алдымен ат айдаушы жарысқа қатысушыларды күні бұрын белгіленген жерге алып барады. Бәйгеге қатысушыларды қатарластыра тұрғызып, көмбеден шығуға белгі береді. Сөйтіп, жарыс басталады.

Ақсүйек ойыны қараңғыда бағдарды, мөлшерді білуге және жылдам жүгіруге үйретеді. Ойын жаздың ойсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдап алынады. Ойын үшін ірі қараның кепкен жілік сүйегі керек.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Жеребе тасталып, ойынды бастаушы анықталады. Әр топ өз көмбесін белгілейді.

Жеребеде бірінші кезек алған топтың бастығы сүйекті алысқа лақтырады. Сүйекті кім тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы қуып жетіп, сүйекті тартып алса, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Көмбеге бірінші жеткен топ жеңеді.

Сөздік

ақ сүйек – белая кость

қараңғыда – в темноте

бағдар, мөлшер айыру – различать направление

анықтау - определить

арқасын беру – повернуться спиной

сап – строй

лақтыру – бросать

қуу – гнаться

жеңілген – проигравший

1-тапсырма:Сөздікті пайдалану арқылы мәтінді орыс тіліне аудару, түсініксіз сөздер мен жұмыс жүргізу.

2-тапсырма: қазақтың басқа да ұлттық ойындарын атау, жылқы малына байланысты сөздер тізбегін жасау.

Тапсырма:Мәтіннен әрекетті білдіретін сөздерді тауып, шақтық формасын анықтау.

Ажымұқан

Бұрынғы Ақмола облысының Қараөткел дейтін жерін мекендейтін қазақ руы алтыбас қыпшақ атанған. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой спортшысы Мұқан осы Қараөткел дуанына қарасты Қоспада дүниеге келді.

Мұқанның ата-бабалары шетінен батыр, ер жүрек, балуан болған. Атасы Ернақ балуан 1847 жылы дүние салған. Мұқанның өз әкесі Мұңайтпас балуанның қайтыс болған жылы – 1914 жыл.

Мұқан жастайынан мал бағып, шаруашылығы шағын Мұңайтпасқа сеп болады. Денесі ерекше зор, өте жігерлі бала 12-13 жасынан бастап ел көзіне ілігеді, 14-15 жасқа келгенде ересек, жиырмадан асқан жігіттерден басым түсіп, белдескендерін жыға бастағаннан кейін, ауылдастар бұл баланың балуандық, батырлық келешегінің мол екенін байқайды.

Мұқан 1909 жылы Варшава, Гетеборг сияқты күрес орталықтарына айналған ірі қалаларда ұйымдастырылған және рейтингі жоғары сатыға көтерілген халықаралық чемпионаттарға қатысты.

Қажымұқан – кәсіпқой күрестің үш түрінен, атап айтқанда, еркін күрестен, французша (грек-рим) күрестен, джию – джитсу күресінен әлем чемпионы. Ол кәсіпқой спорттың жарық жұлдызы, қазақ халқының бағына біткен күш атасы, қайталанбас біртуар тұлға.

1-тапсырма:Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аудару.

2-тапсырма:Қажымұқанның спорттық жолы туралы білетін мәліметтерін ортаға салу

Грамматикалық анықтағыш:Бір заттың жеке өзіне тән атауы-елді мекендердің, басқа да географиялық атаулардың аттары, адам аттары мен ғаламшарлардың атаулары жалқы есімдер деп аталады. Олар бас әріппен жазылады.

Бірнеше сөзден құралған етістікті күрделі етістік дейміз. Мысалы: Олжас көп жыл көрмеген досын бірден тани кетті.

Антоним сөздер- мағыналары бір біріне қарама- қарсы сөздерді антоним сөздер деп атаймыз. Мысалы: жақсы-жаман, биік-төмен, таза-кір

Тапсырма:3-тапсырма: Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, неге бас әріптен басталып жазылғанын түсіндіру. Батыр, мол, еркін, ересек сөздерінің антонимдерін табу.

Наши рекомендации