Тақырып № 5. Кәсіпкерлік ерекшеліктері

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

· жаңа жұмыс орындарын құрады;

· жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

· ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

· арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.

Жаңа жұмыс орындарын құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШда шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген, барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.

Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс орындары мен тауарларды даярлап ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

Кіші бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%ы кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.

Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1ден 500ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20дан 49ға дейін; 50ден 99ға дейін; 100ден 199ға дейін; 200ден 499ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.

Критерилер Ірі бизнес Шағын бизнес
Өндіріс және қызмет көрсету саласы Өнеркәсіп, отынэнергетикалық кешен, энергетика Өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші
Шығарылатын өнім сипаты бойынша Жалпылай өндіріс Ұсақ немесе жекелеген өндіріс
Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы Инновациялық ашылуларға өте ыңғайлы емес Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп
Стратегияның өзгеруі 610 жыл 0,51 жыл
Қызмет ету аясы Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда
Бәсекелік ортаны құруы Нарықтың ауқымды үлесін қамту есебіне бәсекенің шектелуі Бәсекелік ортаның күшейтеді
К/о тіркеу және қалыптастыру Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік талаптар
Жаңа жұмыс орындарын құру Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде төмен Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады
Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды Жұмысшылардың бірінбірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде іске асады
Басқару құрылымы Аумақты, айбынды басқару Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі
Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра білу Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды Басқару жүйесінде қарамақайшылық кездеспейді

Кесте 1. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста 300 адамға дейін, көтерме саудада 100, қызмет көрсету саласында 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар.

Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:

Ø өнеркәсіпте 200 адамға дейін;

Ø құрылыста 100 адамға дейін;

Ø көтерме саудада 50 адамға дейін;

Ø ауылшаруашылықта 50 адамға дейін;

Ø ғылым мен өндірістік емес салада 25 адамға дейін;

Ø бөлшек саудада 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:

ü өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта 50 адамға дейін;

ü саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында 30 адамға дейін;

ü көлік және байланыс саласында 25 адамға дейін;

ü ғылым мен инновациялық салада 20 адамға дейін.

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарымқатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШтың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50 жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %дан 65,5 %ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7% ға дейін жетті.

Шағын бизнестің қалыптасуы

Жаңа к/о бастамасы
Жанұялық бизнес
Қызмет етуші бизнесті сатып алу
Франчайзингтік қарым-қатынас жүйесі

Кесте2. Шағын бизнесті құру жолдары

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы.

Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды ісшаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді.

Наши рекомендации