Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия

(1929-1933 жж.).1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды, инфляция күшейдi; жұмыссыздық көбейiп, 7,5 млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсiп орындары жабылып қалды; еңбекшi халықтың жалақысы 25-40%-ға азайды; 31 мың өнеркәсiп банкроттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлерi жерлерiн сатуға мәжбүр болды; Германияның қаржы-несие жүйесi дағдарысқа ұшырады; мемлекеттiк бюджет азайды. Соғыстан жеңiлген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлiнген заем мөлшерi қысқартылды. Әлемдегi экономикалық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтiк-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристiк-фашистiк күштер дағдарыстан шығу жолдары - Версаль бiтiмiн жою, Еуропаны қайта бөлiске салу, жаңадан өмiр кеңiстiгiн iздестiру деген талаптар қоя бастады.

Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтiк-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкiметтiк дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетiп, оның орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкiмет құрды. Г.Брюнинг үкiметi елдегi буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсiресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсiндi. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердiң ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билiгiн орнатуға шақырды.

Экономикалық дағдарыс iрi буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Iрi буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристiк кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтiп, А.Гитлер бастаған фашистiк партия елдегi барлық әлеуметтiк топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсiндiрдi. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтiп А.Гитлер үкiмет басына келетiн болса, әлеуметтiк дағдарыстан шығарады деген үгiт-насихат жұмысын күшейттi. Фашизм iрi саяси күшке айнала бастады.

Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билiк, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтiк топтар қолдай бастады. Фашистiк партия НСДАП үкiметтiк билiктi алуға шақырды. Iрi монополия иелерi Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистiк партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кiру жарнасы үшiн 300 мың марка төлеген. Iрi монополияның көмегiмен фашистiк партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жеттi. 1930 жылы рейхстаг сайлауында НСДАП-сын қолдап 6,5 млн адам дауыс бердi. Парламентте депутаттар саны жағынан екiншi партияға айналды. Фашизм беделiнiң тез өсуiне не себеп болды? Соғыстан кейiнгi Веймар Республикасының үкiметi орта және ұсақ буржуазияның жеке меншiгiне қолдау көрсеткен жоқ. Iрi монополия үстемдiгi басым болды. Орта және ұсақ буржуазияға салынатын салықтың мөлшерi жоғары болды. Жеке меншiк иелерi қайшылықта өмiр сүрдi. Әлеуметтiк қайшылыққа түскен орта және ұсақ топтар фашизмнiң үгiт-насихат жұмысын қолдап, оның негiзгi әлеуметтiк қолдауына тiрек бола алды. Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi – орта және ұсақ буржуазия, кәсiпкерлерден тұрды. Фашистiк партия НСДАП бұл топқа көмек көрсетiп, жағдайларын жақсартуға уәде бердi. Тiптi кәсiпкерлерге дүкендер ашуға көмектесетiнiн де айтты. Ұсақ және орта шаруаларға iрi помечиктердiң жерлерiн тартып алып үлестiретiнiн, жер рентасын жоятынын айтып, уәде бердi. Ұсақ буржуазия алдында Версаль шартын жойып, «Ұлы Германия» құруға шақырды. 1932 жылы орта және ұсақ кәсiпкерлердi қолдайтын «орта кәсiпкерлердiң одағы» ұйымын құрып, iрi кәсiпкерлердiң қолындағы иелiктердi ұсақ-орта кәсiпкерлерге алып беру туралы талап жасай бастады. Фашизмнiң ұлттықсоциализм идеологиясы орта буржуазия мен немiс аристократия мүддесiн қолдады. Ұлттық социализм марксизмге қарсы болғанымен, фашистiк идеологияның түпкi шыққан негiзi социалистiк қозғалыс болды. Социалистiк идеяның солшыл қанатынан қалыптасты. Коммунистiк идеяның негiзi де социалистiк қозғалыстың солшыл революциялық жолын қолдады. Қазiргi кезде фашизм және коммунистер арасындағы ұқсастық осыдан басталады. Фашизм дегенiмiз – iрi монополияның қолдауынан туындаған шовинистiк, тоталитарлық диктатура. Коммунистiк партия жүргiзген саясатқа тоталитарлық және ұлтшылдық тән болғандығына СОКП (Совет Одағы Коммунистiк партиясының) КСРО-да жүргiзген саясаты дәлел болды. Екi идеологияның негiзi бiр екенi тарихта дәлелденiп отыр. Герман фашизмі негiзiнде үгiт-насихат, ұлттық және әлеуметтiк уәде арқылы жүргiзiлдi. Пролетарлық интернационализм жұмысы тобының мүддесiн сатты, Антанта мемлекеттерi Германияны тонауға қатысты, сондықтан немiстерге соғыс, кек алу керек деп уағыздады.

Фашистер Германияда «ұлттық социализм» қоғамын құруға шақырды. Социализм барлық әлеуметтiк топтарға жеңiлдiк әкеледi дедi. Жұмысшы табы ірi өнеркәсiптердi национализациялауға, өндiрiстi басқаруға қатыстырылып, олар семья және баланы қорғау, халыққа бiлiм беру, халық армиясын құру және т.б. талаптар қойды. Фашистiк партияның үгiт-насихат жұмысын жұмысшы табының 20%-ы қолдады.

Фашистiк партия қоғамдағы әлеуметтiк жағынан қорғалмаған жастар арасында жүргізілген үгiт-насихат жұмысын өте тиiмдi пайдаланды. Жастар арасында жұмыс жүргiзу үшiн «жастар одағы» ұйымын құрды. Бұл ұйымдар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында жұмыс атқарды. Жастарға арналған арнаулы кешкi клубтар ашылып, жастар таңға дейiн көңiлдерiн көтерiп, ойын-сауық өткiздi.

Фашистiк партия - НСДАП жастар арқылы әскери-патриоттық ұйымдар құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек көрсетiп отырды. Оларға арнаулы әскери киiмдер кигiзiп, арнайы танылым белгiлерін беріп отырды. Олардың iшiнде СА (штурмовые отряды) және СС (охранные отряды) ұйымдары жұмыс iстедi. Бұлардың саны тез өсiп отырды. 1929 жылы 280 адам болса, 1933 жылы 52 мың адамға жеттi. Фашистердің iрi монополия мен аристократтардың қолдауымен өкiметтiк билiктi өз қолдарына алуы шындыққа айналды. Фашизм қаупi елде кең етек алды.

Германияда фашизм қаупiне қарсы күресушi саяси күштер де болды. Олар: Германия социал-демократ партиясы (ГСДП) және Германия коммунистiк партиясы. Рейхстагта депутаттардың Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия - student2.ru

бөлiгi болды, бiрақ та бұл екi саяси партия фашизмге қарсы күресте тактикалық қателiктер жiбердi. Фашизм қаупiне онша сене берген жоқ, ұсақ және орта топтардан құрылған фашистiк партияны социалистiк қозғалыстың бiр бөлiгi ретiнде қарады. ГПК-сы да осы тактиканы ұстап, фашизмге қарсы күресте бiртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ. ГСДП-ын социалфашистiк партия деп бағалады. Сондықтан екi партия да фашизм қаупiне сене бермедi. Бiрақ та ГКП фашизмге қарсы үгiт-насихат жұмысын жүргiзiп, антифашистiк акциялар ұйымдастырды. Ереуiлдiк қозғалысқа еңбекшiлердiң көбi қатысты. ГКП-ның беделi өстi. 1931 жылы ГКП-ның саны 195 мың болса, 1932 жылы 360 мың адамға жеттi. 1932 жылы рейхстаг сайлауында ГКП-сы 6 млн сайлаушылар қолдады. Пролетариат диктатурасын орнату ұраны, сол кездегi ГКП-ның тактикалық қателiгi болды. Антифашистiк күрестiң барысында ГСДП мен ГКП фашистiк партияға қарсы шыққан iрi оппозициялық саяси күшке айнала алмады.

Гитлердiң үкiмет басына келуi.Экономикалық ж¸не сая-си дағдарыс үкiметтiң елдi басқару қабiлетiн бұрынғыдан да төмендеттi. Фашистiк партия және профашистiк iрi монополия иелерi Ф.Тиссен, Флик, Феллер тез арада фашистiк диктатураның орнауын қалады. Германиядағы президенттiк сайлау қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бiрiгiп күрес жүргiздi. 1932 жылы сәуiр айында президенттiк сайлауда генерал Гинденбург 19,3 млн дауыс алып, жеңiске жеттi. Ал Гитлер болса, 13,4 млн дауыс алып, жеңiлiс тапты. ГСДП-сы Гинденбургтi қолдады. Сайлаудан кейiн елде саяси күштердiң ара салмағы фашистiк күштер жағына ауысты. 1932 жылы мамыр айында Брюнинг үкiметi отставкаға кетiп, Папен канцлер болып тағайындалды. Папен үкiметi елдi саяси дағдарыстан шығара алмады, олар төтенше шаралар жүргiздi. Саяси дағдарыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шiлде айында Пруссияда мемлекеттiк төңкерiс болды. Пруссия үкiметiнде социал-демократ министрлерi қуылып, оның орнына профашистiк реакциялық топтар жаңа үкiмет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы шiлде айының 31-і күнi рейхстаг сайлауы өткiзiлдi. Сайлауда 13,8 млн дауыс алған фашистiк партия үкiмет құру мүмкiндiгiн алды. Веймар Республикасы өзiнiң тарихында саяси дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жеттi. Парламентте Папен үкiметiне сенiмсiздiк бiлдiрілдi. Президенттiң жарлығымен рейхстаг таратылып, А.Гитлерге жол ашылды. Бiрақ Гитлер канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг сайлауында фашистiк партия 11,3 млн дауыс алды, яғни алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн дауыс жоғалтты. НСДАПсында iшкi дағдарыс күшейдi. Антифашистiк күштердiң қарсы күресi де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер тағайындалды. Гитлердi үкiмет басына жiбермедi. Iрi монополия иелерi Шахт, Тиссен т.б елдiң президентi Гинденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлердi рейхканцлер тағайындауын талап еттi. Мұны ірi қаржы олигархиясы түгелдей қолдады. Президентке тiкелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-ы күнi Гинденбург амалсыздан Гитлердi рейхканцлер етіп бекiттi. Сөйтiп Германияда Веймар Республикасы құлап, фашистiк диктатура орнады.

Гитлер кезiндегi Германия(1933-1939 жж.).Гитлер рейхканцлер болғаннан кейiн Германияда құрама (коалиция) үкiмет құрды. Үкiметтiң құрамына 4 министр НСДАП-сынан, 11 министр буржуазиялық партиядан кiрдi. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны өзгерiссiз қалдырып, демократиялық жүйенi өзгертедi. Рейхстагтағы саны аз болған НСДАП жеке үкiмет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзiнiң диктаттық билiгiн орнату үшiн жаңа парламенттiк сайлау күнiн белгiледi. Рейстаг сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетiн болып белгiлендi.

Сайлау қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысы арқылы антифашистiк күштердi әлсiрету үшiн үкiмет көптеген шаралар жүргiздi. Демократиялық күштерге қарсы әр түрлi арандатушылық шараларды iске асырды. Үкiмет саясатына қарсы шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуiлге шыққандарды қару арқылы күшпен басып отырды. Антифашистiк топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпыұлттық ереуiлге шақырды. Антифашистiк қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды. Гитлер үкiметi саяси күштердiң әлi де болса басым екенiн бiле отырып, сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердiң тiкелей нұсқауымен 1933 жылы ақпан айының 27-і күнi Германияның парламент үйi Рейхстаг өртелдi. Өртенiп жатқан Рейхстаг үйiне келген Гитлер «бұл коммунистердiң жасаған iсi, сондықтан коммунистердi жою керек» деп баға бердi. Осы күннен бастап Гитлер өзiнiң тап жауы коммунистерге қарсы террорға шықты.

Рейхстагтың өртенуiн сылтау ете отырып, елде жеке билiк орнату үшiн билiктi өз қолына алып, заңды құқығы бар декреттер шығара бастады. Веймар Республикасының Конституциясын тоқтату туралы заң қабылдады. Коммунистердi жаппай тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күнi ГКП-ның мүшесi Э.Тельманды, 9 наурыз күнi Коминтерннiң басшысы, Болгар коммунистiк партиясының мүшесi Г.Димитровты тұтқындады. Оған рейхстагты өртеген деп айып тағылып, 1933 жылы қыркүйек айында Лейпциг сот процесi болды. Сот процесiнде Г.Димитров өзiн фашистiк сот алдында ақтап шықты. Бұл антифашистiк күштердiң iрi жеңiсi болды.

Гитлер үкiметi рейхстаг өртенгеннен кейiн екi төтенше декрет қабылдады: «Мемлекеттiк сатқындыққа қарсы», «Халық пен мемлекеттi қорғау». Халықтың конституциялық құқығы тежелдi. Бiрақ та сайлауға дейiн Гитлердің террор, арандатушылық және қорқыту секілді шараларды жүргiзуiне қарамастан, парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай жеңiске жеттi. Фашистiк партияны 17,2 млн адам қолдап, 43,9% дауыс алды. Рейхстагта барлығы 647 депутаттық орын болатын. Басқа партияларды қолдап 22 млн адам дауыс бердi. Террорлық әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12 млн адам дауыс бердi. Төменде берілген кесте сайлау қорытындысын анықтауға мүмкiндiк жасайды.

Парламент сайлауында ойдағыдай жеңiске жете алмаған Гитлер жеке билiк арқылы парламенттiң жұмысын тежедi. Контитуция жұмыс iстеген жоқ. Гитлер елдi басқаруда төтенше билiктi өз қолына алды. Сөйтiп, заң және атқарушы сот билiгi бiр кiсiнiң қолына көштi. Сайлауда жеңiске жеткен 81 коммунистiң парламенттегi мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын тартып алды.

Наши рекомендации