Эссе жазылуының ережелері

Эссе дегеніміз – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Ең біріншіден эссенің тақырыбын өзіңіз таңдағаныңызға немесе оқытушыдан алғаныңызға қарамастан, эссенің негізгі мақсаты тақырыпты ашу емес, оқырманды толғандыру екенін есте сақтау қажет. Егер сізде еркін тақырып болатын болса онда сізде өз ойларыңызбен бөлісуге тамаша мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда егер сізде еркін тақырып болса сізде қзіңізді ашуға жақсы мүмкіндік бар.

Басқа ғылыми жұмыстарға, реферат немесе курстық жобаға қарағанда эсседе қатаң құрылым жоқ. Алайда сіз эссені бірінші рет жазып жатсаңыз, басқа дайын жұмыстың құрылымымен танысып алу жөн болады. Ол сізге өз ойыңызды дұрыс ұйымдастыруға және білдіруге көмектеседі. Ал ол өз кезегінде табысты эссе жазу кепілдігі болып табылады.

Эссенің құрылымына тоқталып өтейік.

Эссенің жазылу құрылымы:

ü Бірінші парағы (үлгісі алдын-ала беріледі);

ü Кіріспе (эссенің 30 % көлемі);

ü Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

ü Қорытынды (эссенің 10 % көлемі).

Кеңінен тоқталатын болсақ:алдымен тақырыптың атауына мән беріп, мақсатын, сізден не сұралып отырғанын, оған қатысты жағдаяттарды, өзекті мәселелерді т.б. жан-жақты ойланыңыз. Тақырыпты ашатын, жазатын мәселелерді жүйелеп алу үшін жоспар құрыңыз.

Бірінші парағы сіздің оқу орныңыздың белгіленген нысандары бойынша толтырылуы тиіс.

Эссе құрылымында мынадай міндетті бөлімдер болуы тиіс:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім (жиналған материал негізінде тақырыптар дәлелді ашып көрсету)

3. Қорытынды (жалпылау және қорытындылар).

І.Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар компоненттерден құрылады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Эссе тақырыбында айтылған терминдерге түсінік беруге керек пе?», «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?»

ІІ. Негізгі бөлім. Бұл бөлімде негізгі идея мен көтерілетін мәселесі аясында шоғырланған дәлелдер мен сараптамалар, негіздемелер болу керек. Тақырыпты тақырыпшаларға бөліп, алға тартатын дәйектерді, сараптама жоспарын жүйелі түрде құрып алған жөн. Аналитикалық материал ретінде графикалар, сызба, тірек – схемаларын да қолдануға болады.

Эссе құрастыруда бір параграф тек қана бір дәлелдемеден тұратынын естен шығармаған дұрыс. Жоспар құрып, бөлімдерді тақырыпшаларға ажыратқанда, осы ережеден ауытқымау қажет. Сонда жоспар бөліміндегі тақырыпшалардан қарастырылатын тақырып дәлелдемелері қаншалықты жүйеге сай екендігі бірден байқалады.

ІІІ. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды ой түйіні. Қорытынды құрастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер: қайталау, иллюстрациялар, цитата, сенімді дәлел. Қорытындыда осы дәлелдеме қажет болатын жағдай немесе мәселелерге байланысы да көрсетілуі мүмкін. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.

Жиі кездесетін қателіктер:

1. Проблема ашылмайды;

2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;

3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;

7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;

8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. Логиканың болмауы.

• эссе көлемі 1-2 беттен аспауы тиіс.

• Сіз қысқа және анық жазу керексіз.

• Студенттер алған білімдерін және тәуелсіз ойлау негізінде белгілі бір мәселелер бойынша дәлелдеуге сыни ойлау дағдыларын көрсету қажет.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Фактілі дәлелдер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Наши рекомендации