Кокильдік (металл қалыпқа) құю

Құю өндірісіндегі кокиль - металл қалып, ол құйма алу ушін бірнеше рет қолданылады, оған балқыма еркін ағысымен құйылады.

Металл қалыптардың өзіндік құны салыстырмалы түрде өте жоғары, ал жасалуы күрделі; оларды пайдалану экономикалық жағынан сериялық және жаппай өндірісте ғана тиімдірек.

Конструкциясы бойынша кокильдер ажырайтын және сілкімелі тік, көлденең, немесе құрастырылған ажыратылумен болып бөлінеді. 4-суретте көлденеңінен ажыратылатын кокильдің түрі келтірілген.

1-металл қалып; 2-орталық өзекше (құю жүйесімен);

3-арқалық өзекше; 4-жүк; 5-құю тостағаны

4-сурет-Көлденеңінен ажыратылатын кокильдің түрі

Кокильдерде алюминий мен магний қорытпаларынан жасалған құймалардың жартысынан көбірегі және салмағы бірнеше кг-нан 10 тоннадан көп жай қалың қабырғалы болат пен шойын құймаларының біраз бөлігі алынады.

Кокильдер шойыннан немесе болаттан жасалады да, әдетте бірнеше бөлімдерден құрастырылады. Беріктігін жоғарылату үшін кокиль ойығының (қуысының) жұмыс беттерін кейде анодтайды, борлайды немесе хромдайды, ал әрқашан жылу өткізгіштігі аз бояулармен немесе сылақпен жабылады.

Кокильдердің беріктігі олардың әр қайсысымен жеңіл балқығыш қорытпалардан бірнеше жүз мың құймалар, шойыннан - 1500-5000, болаттан - 400-700 уақ құймалар алуға мүмкіндік береді.

Орталықтан тепкіш машинамен құю

Орталықтан тепкіш машинамен құю процесі мынадан тұрады, онда балқыма айналатын металл қалып-қа құйылады да, орталықтан тепкіш күштердің әсерімен қатаяды. Күштер балқыманы қалып қабырғаларына қысады, содан қуыс цилиндр тәріздес немесе басқадай құймаларды өзекше қолданбай алуға мүмкіндік береді. Сонымен, құйманың сыртқы кескіні қалыптың ішкі өлшемдеріне сәйкес, ал ішкі тесігінің өлшемдері қалыпқа құйылған балқыманың көлеміне байланысты болады.

Орталықтан тепкіш машиналар, қағида бойынша, екі түрлі болады; көлденең (5, а-сурет) және тік (5,6-сурет) айналу осімен.

Алынған құймалар үлкен тығыздығымен, ұсақ түйіршікті құрылымымен және жоғары беріктігімен ерекшеленеді. Бұл тәсілдің артықшылықтары - құю жүйесі мен выпордың жоқтығы, механикалық өңдеу әдібінің аздығы; ақаудың аз шамасы және жоғарғы өнімділігі.

Көлденең айналу ості машиналарда ұзыны диаметрінен айтарлықтай үлкен құймалар (әр түрлі құбырлар, гильзалар ж.б.) алынады.

а-көлденең айналу осімен; б-тік айналу осімен

5-сурет-Орталықтан тепкіш машина жұмысының схемасы

Ысыммен құю

Бұл процесте құйма алу үшін балқыманы үлкен қысыммен металл пресс-қалыпқа енгізеді, онда ол қатаяды және суынады. Осындай тәсілмен жаппай және ірі сериялы өндірісте алюминийдің, магнийдің, мыстың және басқалардың қорытпаларынан массасы бірнеше граммнан (шрифтер) 10 кг дейін (автомобиль цилиндрлерінің блогі) құймаларды дайындайды. Бұл құймалар беттері жоғары сапалы және геометриялық өлшемдері өте дәлді болады; кейбір жағдайларда оларды машиналарды құрастырғанда жалпы механикалық өндеусіз немесе жеке отырғызылатын беттердің тек ажарлануымен пайдалануы мүмкін.

Балқыманы пресс-қалыптардың қуысына жоғары жылдамдықпен жіберілуі онымен ауаның механикалық араласуына және кей жағдайда кеуек құймалардың алынуына әкеп соғады. Сондықтан негізінен қабырғаларының қалыңдығы 6 мм аспайтын құймаларды дайындайды.

Қазіргі тәжірибеде қысыммен құю үшін көптен-көп тарағаны пресс ыстық немесе суық камерамен прес-ейтін гидравликалық машиналар. Ыстық камерамен престейтін поршенді машиналар жеңіл балқитын қалайының, қорғасынның және мырыштың қорытпаларынан жасалынатын құймаларды алу үшін қолданылады. Ыстықтай престейтін машинаның схемасы 6-суретте келтірілген.

Төменнен қыздырылатын тигелде (3) балқыма болады. Толтырылар алдында пресс-қалыпты жауып қояды. Мүштіктің ұшы (7) түтікке (6) кіреді де оны қалыптың қуысымен жалғастырады. Цилиндр 1 қосылғаннан кейін поршень 2 төмендегенде балқыманың цилиндрге (5) пресстелуі орын алады, және пресс-қалыптың түтігімен оны сығып шығарады. Балқыма арнаға (6) тесік (4) арқылы түседі, сонымен пресс-қалып ашылады да құйма одан итеріп шығарылады. Пресс-қалыптың беттерін үрлегеннен кейін процесс қайталанады.

6-сурет-Ыстық камерамен престеу машинасының сұлбасы

Наши рекомендации