Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары.

Лы Жібек жолының қазақстандық тармақтары.

Бу Насыр әл-Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі.

Ахмет Йассауи – сопылық поэзияның көрнекті өкілі.

Ерте ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті.

Азақ этногенезі, оның кезеңдері.

Азақ мемлекеттігінің құрылуы.

Арахан мемлекетіндегі жер иелену, оның түрлері.

Азақстанда ислам дінінің таралуы.

Тадғу білік» – даналық сөз, ғибрат.

Шыңғыс-нама» – қазақ халқының қалыптасу тарихын зерттеудегі негізгі дерек ретінде.

Тарихи-и Рашиди» – Қазақ хандығының ерте тарихы бойынша маңызды дерек ретінде.

Еуропа саяхатшылары П.Карпини, М.Поло, Г.Рубрук еңбектерінің ортағасырлық Қазақстан тарихындағы ролі.

Асым ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Азақ-өзбек және қазақ-моғол қатынастары.

Азақ-жоңғар қатынастары.

Көшпелі қазақтардың елшілігі.

ХVI-ХVIІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.

ХVI-ХVIІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

Жеті Жарғы» заңдар жинағы, оның қазақ қоғамынан алатын орны.


Әдістемелік нұсқау:

Реферат жазу жұмысы тақырыпқа қатысты әдебиеттерді сұрыптап алудан басталады. Әдебиеттермен танысуды, оқуды және деректерді жүйелерді аяқтағаннан кейін рефераттың жоспарын құру ойластырылады. Жоспар құрастырған кезде оны бөлімдерге бөлудің бірыңғай ұстанымын сақтау маңызды. Әрбір бөлімнің негізгі тақырыпқа қатыстылығы және айтылған мәселенің қайталанбауы ескеріледі. Реферат жазу жұмысы материалды жүйелі түрде мазмұндауды, зерттелуші мәселеге қатысты түрлі көзқарастарға баға беруді, онда өзіндік ой-пікір көрсете білуді қажет етеді.

Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен құрылуы тиіс. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, оның зерттелу жағдайы қысқаша талданады, қарастырылатын мәселелердің ауқымы анықталады, жұмыстың міндеті қойылады.

Реферат жұмысының негізгі бөлімін екі-үш тарауға, ал тарауларды параграфтарға бөлуге болады. Тараулар мен параграфтардың атаулары олардың мазмұнына сәйкес келуі қажет. Тақырып бір сұрақтан келесісіне логикалық өту арқылы біртіндеп ашылады. Мазмұндаудың дәлелділігіне көңіл аудару маңызды. Әрбір көрсетілген деректің тезисі мен аргументтері болуы керек.

Қорытындыда қысқаша байламдар, теориялық тұжырымдар жасалады. Қорытынды бөлімдегі тұжырымдар мүмкіндігінше қысқаша болғаны дұрыс. Жұмыстың мазмұнында қарастырылмаған нәрселер туралы қорытындыда айтуға болмайды. Рефератта бірінші жақтағы есімдіктер мен етістіктер қолданылмайды. Мысалы: «менің пікірім бойынша», «мен ойлаймын» және т. б. деп жазудың орнына «автордың пікірінше», «автордың есептеуі бойынша» деп қолданған жөн. Аяқталған пікірді екіншісінен азат жол арқылы бөліп көрсетеді. Цитаталар мен сандық мәліметтерді пайдаланған кезде міндетті түрде деректерге сілтеме жасалады. Рефераттың соңында жұмысты дайындаған кезде пайдаланылған әдебиеттердің, деректердің тізімі беріледі. Олардың атаулары, жарық көрген жері мен уақыты көрсетіледі. Әдебиеттер тізімін жасағанда алдымен деректер, одан кейін оқу құралдары, монографиялар және мақалалар көрсетіледі.

Реферат компьютерде терілген кезде Microsoft Word редакторы, «times» типті, № 14 шрифт пайдаланылады. А-4 форматты парақтың сол жағынан

30 мм.-ден, оң жағынан 10 мм.-ден, жоғарғы жағынан 15 мм.-ден, төменгі жағынан 20 мм.-ден кем емес орын қалдырыла отырып басылады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:


Абдиров М. Хан Кучум: известный и неизвестный. Алматы, 1996.

Абуев К., Мухамадеева И. Султан Ураз-Мухаммед: жизнь и необычная судьба. Астана, 2007.

Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

Агаджанов С. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. Ашгабад, 1969.

Аманжолов Қ., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. А., 1994.

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.

Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1991.

Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. Москва, 1965.

Бдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.

Байпаков К.М., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992.

Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология Казахстана: Учебное пособие. Алматы, 1993.

Наши рекомендации