Шінші: Қиран қажылығы

"القران" - «қиран»сөзі тілде «екі нәрсені қосу» деген мағына береді. Шариғаттағы мағынасына келсек, қиран қажылығы дегеніміз - бір сапарда қажылық пен умраны бірге жасау. Қиран қажылығы меккеліктерден басқаларға ғана арналған.

Қажылық түрлерінің абзалы - қиран қажылығы.Хаттаб ұлы Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(سمعت النبي صلى اللّه عليه وسلم بوادي العقيق يقول: (أتاني الليلة آتٍ من ربي فقال: صلِّ في هذا الوادي المبارك، وقل: عُمرة في حجة)

Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ақиқ сайында былай дегенін естідім: «Түнде маған Раббымнан келген келуші: Осы берекелі сайда намаз оқып: «Қажылық ішіндегі умра»-деп айт,-деді[1231].

Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің былай дегенін естіді:

(لبيك بعمرة وحج)

«Аллаһым, қажылық пен умраға ниет етіп, алдыңда тұрмын»[1232].

Сондай-ақ ғұламалардың іштерінде ифрад қажылығын да, таматтуъ қажылығын да абзал деушілер бар.

Иран қажылығының сипаты

- Миқатта екі рәкәт ихрам намазын оқыған соң умра мен қажылықты бірге атқару үшін: «Аллаһым, қажылық пен умра жасауға ниет етемін. Маған ол екеуін жеңіл атқаруымды нәсіп етіп, менен қабыл ала гөр. Аллаһым, умра мен қажылықты бірге жасау үшін, алдыңда тұрмын»-деп қиран қажылығының ихрамына кіреді. Бұл сөздің арапша мәтіні:

"اللّهم إني أريد الحج والعمرة فيسرهما لي وتقبلهما مني. لبيك اللّهم بعمرة وحجة معاً"

- Меккеге кіргенде умра үшін тауаф жасап, Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарады.

- Сосын қажылық амалдарын орындауды бастайды: келу тауафын жасап, Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарады. Умра амалдарын әрдайым қажылық амалдарының алдында орындайды. Умраның шаш алу рәсімін ғана атқарусыз қалдырады. Өйткені қиран қажылығында шаш құрбан шалынатын күні бірақ алынады. Әйтпесе шаш алуымен қажылық ихрамын бұзып алады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(خرجنا مع رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم عام حجة الوداع، فأهللنا بعمرة. ثم قال رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: من كان معه هدي فليهل بالحج مع العمرة، ثم لا يحل منهما جميعاً)

«Қоштасу қажылығы атқарылатын жылы Аллаһтың елшісімен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге жолға қажылық үшін жолға шығып, умра үшін ихрамға кірдік. Сосын Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Өзімен бірге құрбандық малын әкелген кісі ихрамға қажылық пен умраны бірге атқару үшін кірсін. Екеуін толық атқарып болмайынша, (умра) ихрамынан шықпасын»[1233].

Иран малын шалу

Таматтуъ қажылығын атқарушыға таматтуъ малын шалуы уәжіп болғандай қиран қажылығын атқарушыға да шүкір ретінде қиран малын шалуы уәжіп. Қиран малын шалуға мүмкіншілігі жетпеген кісі қажылықта үш күн, еліне оралғанда жеті күн ораза ұстайды.

Ажылықты аяқтау немесе ихрамнан шығу

Қажы кісі ихрамнан екі мәрте шығады. Бірінші мәрте ихрамнан жартылай шығады. Ал екінші мәрте ихрамнан толық шығады. Ифрад қажылығын атқарушы қажы Ақаба жамратына тас лақтыру мен шаш алдыру рәсімдерінің атқарылуымен жартылай ихрамнан шығады. Сосын ифада тауафын атқаруымен толық ихрамнан шығады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا رميتم الجمرة فقد حللتم من كل شيء كان عليكم حراماً إلا النساء، حتى تطوفوا بالبيت)

«Тас лақтырып болғандарыңда шаш алуларыңмен сендерге арам етілген нәрселердің бәрі өздеріңе енді адал етілген болды. Алайда Қағбаны тауаф етпегендеріңше әйелдеріңе жақындауларыңа болмайды»[1234].

Қажы кісіге ихрамнан толық шыққанына қарамастан, жамараттарға қалған тастарын лақтырып болғанға дейін әйеліне жақындасу рұқсат етілсе де, оны кешіктіре тұруы мустахап.

Таматтуъ пен қиран қажылығын атқарушы кісі Ақаба жамратына тас лақтыру мен шаш алудың арасында мал шалады. Осы үшеуі атқарылғанда жартылай ихрамнан шығады. Кейін ифада тауафын атқаруымен толық ихрамнан шығады.

Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау

Бұл тақырып алты мәселені қамтиды:

Бірінші мәселе: Құлшылықтың қандай түрін біреудің орнына жасауға болады және қандай түрін жасауға болмайды?

Құлшылықтар үшке бөлінеді:

1 -Мал-мүлікпен ғана жасалатын құлшылық. Бұған зекет, кәффарат төлеу және құрбандық шалып тарату секілді құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықтарды біреу арқылы барлық жағдайларда атқаруға болады.

2 -Дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық. Бұған намаз және ораза секілді құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықтарды біреу біреудің орнына атқаруына мүлде болмайды.

3 - Дене мүшелерімен және мал-мүлікпен жасалатын құлшылық. Бұған қажылық секілді құлшылықтар жатады. Ханафи, шафиғи және ханбали мәзһаптарында мұндай құлшылықты біреу арқылы тек мәжбүрлі жағдайларда ғана атқаруға болады.

Мәлики мәзһабінда қажылық пен умраны марқұм кісінің орнына ғана жасауға болады.

Наши рекомендации