Кәсіпорынның маркетингтік қызметіне талдау

Мейрамхана бизнесінде қызмет көрсетудің стандарттары барлығына ортақ болғанымен әр елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына байланысты дамып отыр. Әсіресе, жылдар бойы қалыптасқан Еуропа мемлекеттеріндегі мейрамхана бизнесінің мәдениеті туристер үшін қызықты. Біздің елімізде туризм индустриясын дамыту бағытында, оның ішінде тамақтандыру саласы үшін көптеген жұмыстарды атқару керек. Салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін айқындайтын бағыттағы мейрамханалардың саны мен сапасын арттыру еліміздің болашағы үшін маңызды.

2015 жылы ақпарат құралдары бойынша Алматы қаласында 345 мейрамхана, оның ішінде 150-га жуығы ұлттық асханасы бар мейрамханалар жұмыс жасайды.

Туристерге сапалы қызмет көрсету үшін мейрамхана бизнесінің қызмет сапасын жетілдіру қажет. Алматы қаласында ұлттық асханасы бар мейрамханалар болғанымен, ұлттық деңгейге сай келетін мейрамханалар тапшы. Әрине, елімізде туризм индустриясы енді ғана қолға алынып жатқандықтан, ұлттық мейрамханаларды жетілдірудің мемлекеттік стандарттары әлі қарастырылмаған. Сол себепті, біздің ұлттық мейрамхана бизнесінің даму үрдісі төмен деңгейде. Ішкі туризмді жетілдіру үшін бірінші ретте ұлттық мейрамханалардың рөлін арттыруымыз қажет. Ол үшін елімізде мейрамхана бизнесіне қатысты нормативтік-стандарттарды енгізу керек.

Ал келесі кестеде «Хикмет» кафесінің жағдайына баға беріледі (Кесте 6).

Кесте 6 - «Хикмет» кафесінің қызметіне SWOT-талдау

Артықшылықтары: 1. Бәсекеге қабілетті, жоғары сұранысқа ие, сапалы әрі қолжетімді қызмет түрлері; 2. Қызметкерлердің жылы жүзді, сыпайы болуы; 3. кафе интерьерінің жоғары дәрежеде болуы; 4. Өнім ассортиментінің алуан түрлілігі; 5. Басқа компаниялармен серіктестік қатынаста болуы; 6. Мемлекеттік қолдау; 7. Тегін интернет. Кемшіліктері: 1. Банкеттер ұйымдастырмауы; 2. VIP-орындардың болмауы; 3. Тәжірибенің аздығы; 4. Бәсекелестердің белсенділігі.  
Мүмкіндіктері: 1. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; 2. Уақыт өте келе тұтынушылар санының артуы; 3. Асхана мәзірін кеңейту; 4. Қызмет сапасын арттыру; 5. Қосымша қызметтердің саны мен сапасын арттыру; 6. Нарықта көшбасшы болу мүмкіндігі; 7. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту. Қауіп-қатерлері: 1. Нарықта бәсекелестердің пайда болуы; 2. Инфляция; 3. Еуропалық асхана бәсекелестерінің болуы; 4. Халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы; 5. Тұтынушылардың сұраныстарының ауытқуы.
Ескерту: зерттеу негізінде анықталған

Жоғарыда ұсынылған 6 кестеде талданып отырған кафенің артықшылықтары мен кемшіліктері, мүмкіндіктері мен қауіптері айқын бейнеленген.

Маркетингтік зерттеуде PEST-талдау жүргізу маңызды болып табылады. PEST-талдауда негізгі 4 фактор қарастырылады. Олар: 1. Саяси факторы; 2. Экономикалық әсері; 3. Әлеуметтік-мәдени үдеріс; 4. Технологиялық инновация. PEST-талдауды келесі 5-ші кестеде қарастырамыз (Кесте 7).

Кесте 7 - «Хикмет» кафесінің қызметіне PEST-талдау

Саяси факторы: 1. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2015 жылғы, 29 қазандағы ҚР Заңы; 2. ҚР «Салық кодексі» 2013 жыл, 30 қаңтар; 3. ҚР «Еңбек кодексі» 2016 жыл, 1 қаңтар; 4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау күннен-күнге артуда; 5. Нормативтік-стандарттарды енгізу қажеттілігі. Экономикалық ықпалы: 1. Инфляция деңгейі: 6-8%; 2. Шетелдік туристердің, қала тұрғындарының мейрамхана қызметтерін тұтыну қабілеттерінің артуы; 3. Валюта бағамдарының өзгерісі; 4. Төменгі несие пайызы арқылы бизнесті ашу; 5. Жұмыспен қамту артады; 6. Тамақтану саласының сапасының артуына алып келеді.
Әлеуметтік-мәдени үдеріс: 1. Демографиялық факторлардың артуы; 2. Халықтың жеке табыс көздерінің деңгейі; 3. Мейрамхана бизнесіндегі жаңа қызмет түрлері. Технологиялық инновация: 1. Мейрамхана бизнесіндегі инновация; 2. Мейрамхана саласындағы жетістіктер; 3. Мейрамханаларды жабдықтаудағы инновациялар.
Ескерту: зерттеу негізінде анықталған

PEST-талдау бойынша (Кесте 7) «Хикмет» кафесіне қарастырылып отырған төрт фактор да ықпалын тигізеді. Саяси факторлар негізінде мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық фактор бойынша мейрамханаға нарықтағы және мемлекеттегі қаржылық жағдайдың қаншалықты және негізгі әсер етуші механизмдерді ерекшелеуге болады.

Еліміздегі туризм индустриясын дамыту мақсатында тамақтану қызметін деңгейін жетілдірудің мемлекеттік стандарттарын енгізу маңызды. Мейрамхана бизнесі экономиканың бір бөлігі ретінде халықты тамақтандырып қана қоймай, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құрып, халықты жұмыспен қамтиды. Бұл елімізде шағын және орта бизнестің дамуына өз үлесін қосады. Туризм индустриясын дамыту бағытында шағын және орта бизнесті жандандыруымыз қажет, оның ішінде, туризм саласы үшін қызмет жасайтын кәсіпорындардың (мейрамхана, ойын-сауық, экскурсия және т.б.) бизнес-жобаларын ынталандырып, қолдау көрсетілсе, еліміздің туризм индустриясы дамып, еліміз әлемге танылады.

Мейрамхана бизнесінің дамуын ұйымдастырудың мәні зор. Себебі, жоғарыда айтып кеткендей, қазіргі таңда біздің елімізде туристер үшін туризмнің барлық салаларында, соның ішінде туристік қызмет көрсету саласының бір тармағына жататын мейрамхана бизнесінде сапалы қызметтің қажеттілігі күннен-күнге артуда. «Хикмет» кафесі осы талаптарға сәйкес келу мақсатында күннен-күнге қызметтерін дамытуда, басқару әдістерін зерттеп, жақсартуда, мамандарының кәсіби деңгейін арттыруда.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – ол кәсіпорынның тауар айналымы. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның тауар айналымы кәсіпорынның өндірістік және сауда қызметінің көлемін сипаттайды.

Мейрамхананың тауарайналымы негізгі екі бөлімнен тұрады:

- өзі өндірген өнімді өткізу;

- сатып алған тауарларды өткізу.

Өзі өндірген өнімнің тауарайналымы мейрамхананың ассортименттік тізімінде қарастырылған өзі өндірген барлық өнімнің сату бағасын анықтау негізінде және өзі өндірген өнімді даярлауға кеткен шикізат шығыны бойынша мәлімет негізінде есептеледі.

Қорытындылай келе, бөлімде «Хикмет» кафесінің жағдайына түрлі әдістермен талдау жүргізілді, сонымен қатар, қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде, кафе қызметі пайдасы жоғары және тиімді шаруашылық (бизнес) екені айқындалды. Бірақ қоғамдық тамақтану бизнесінде қызмет көрсетудің стандарттары барлығына ортақ болғанымен әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайына байланысты дамып отырады. Сондықтан мейрамхана шаруашылығының жағдайын талдамас бұрын, осы басты факторды ескерген жөн.

Қорытынды

Қазақстан экономикасына нарықтық қатынастардың белсенді түрде енуіне байланысты қоғамда капиталдың тез жиналуына мүмкіндік беретін қызмет саласының дамуы ерекше орын ала бастады. Қоғамдық тамақтандыру – негізгі қорлардың жоғары емес құны тұсында аяқталған өндірістік циклды алуға мүмкіндік беретін көп емес салалардың бірі. Маңызды реформалаудан кейін қоғамдық тамақтандыру Қазақстанда аяғына тұрып, дами бастайды. Қоғамдық тамақтандыруға капитал салудың артықшылықтары:

- бизнестің сенімділігі, себебі тамақтандыру – адамның өмір сүру мен жұмыс қабілеттілігінің басты факторы.

- құрылысқа, реконструкцияға, құрал-жабдық алуға кететін шығындар салыстырмалы түрде төмен.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының ішінде ерекше орында мейрамханалар тұрады. Олар халықтың демалысын ұйымдастыруда маңызды роль атқарады. Мейрамханаларға адамдар тек тамақтану үшін ғана емес, сонымен қатар мерейлі тойларды, адам өміріндегі маңызды оқиғаларды, үйлену тойларын, іскерлік немесе ресми шараларды өткізу үшін, жақын адамдар ортасында демалу үшін барып тұрады. Жайдары қарсы алып, тез әрі дәмді тамақтандырып, толыққанды демалыс жағдайларын қалыптастыруға жағдай жасау – мейрамхана басшылығы мен қызметкерлерінің міндеті. Мейрамхананың қызмет көрсетуші персоналының жұмысты дұрыс және нақты ұйымдастыруы оның қызметін тұтынатын адамдардың көңіл күйі мен хал-жағдайына әсер етеді [35].

Мейрамханалық сервис – тамақтандыру жүйесінде түрлі жеке талғамды ескере отырып өсіп отыратын қажеттіліктерді бейнелейтін мәдени-экономикалық динамикасы бар дербес мәдени-ұйымдық сала. Мейрамханалық бизнесте балансталған тамақтандырудың дамуы арқылы қонақжайлылық пәлсәпасы айқындалады:

- қонақ мейрамханада аз уақыт өткізгенімен, көп жағымды эмоциялар алады;

- дәстүрлердің тиімділігі;

- тағамдарды көркемдеу айқындығы әсерлер арқылы айығу түрі ретінде;

- тағамдарды әзірлеу шеберлігінде жаңа әлемнің ашылуы;

- тамақ тарту оригиналды суреттер символикасы арқылы жарқындылықтың көрініс формасы ретінде.


Наши рекомендации