Тері былғары өндірістегі қалдықтар 1 страница

Кіріспе

1.1 «Семей былғары-тері комбинаты»

1.2 «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер сипаттамасы

1.3 «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін және жұмыс уақытының қорын пайдалануды талдау

1.4 «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің еңбек өнімділігін және орташа еңбек ақы қорын талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді. Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді. Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады. Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді. Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады. Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады. Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс. Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке қаратып, соңғы рет кептіреді. Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.

Сату.

Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді

1.1 «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек персоналын зерттеу және талдау, еңбек көрсеткiштерiн ары қарай жетiлдiру бойынша кәсiпорынның қолда бар қорларын бағалау және оларды қолдану бойынша кеңестердi өндеу.

Курстық жұмыстың міндеттері болып келесілер табылады:

- Кәсіпорынның персоналының құрамы, құрылым мен маңыздылығын қарастыру; персоналды басқару жүйесі және процесін қамту;

- «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарын паудалануды талдау;

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорны жұмыс секторында өткендіктен, сол кәсіпорынның басқаруына талдау . Бұл кәсіпорнында жұмыстарды адам ресурстары басқармасы атқарады.

«Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорнындағы персоналды басқару жүйесін дамыту туралы жазылған. Жұмыстың қорытындысында жалпы ұйымның бүгінгі қызметінің негізгі мәселесі басқаруды ұйымдастырып, жүзеге асыруда ұсыныстар мен нұсқаулар келтірдім.

Курстық жұмысты жазу барысында оқулық және әдістемелік әдебиеттер, «Семей былғары-тері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепті құжаттары, өндірістік тәжірибе есебі, Қазақстан Республикасының нормативті және құқықтық актілері пайдаланылды.

«Семей былғары-тері комбинаты» – кәсіпорынның маңызды стратегиялық дамушы ресурсы

Басқару дегенге анықтама берейік: бұл адамның мақсатқа бағытталған саналы қызметі, қоғам осы арқылы сыртқы ортадағы элементтерді реттеп өз қызығушылын бағындырады, тірі және өлі табиғат, техника. Басқару әр түрлі түрде болады және басқарудың обьектісіне мен субьектісіне бөлінеді.

Басқарудың өз объектісі мен субъектісі бар. Бұл қызмет бағытталған элементтерді басқару объектісін құрайды. Әдетте оның белгілі бір уақыты болады. Әйтпесе нақтылық жойылады да, оны басқару мүмкін емес және сапасыз болады.

Басқару қызметін бағыттаушы деп субъектісі деп аталады, ол жеке адам немесе адамдар тобы болуы мүмкін. Егер басқару растайтын болсақ нақты сипатта ие болады, оның субъектісі басқарудың бөлімшесін құрайтын ұйымдастырушы және заңды түрде қызмет немесе қызметтер жиынтығы ретінде тағайындайды.

Басқару субъектісінен басқару қызметінің субъектісін бөліп көрсетуіміз керек. Басқарудың субъктісіне және объектісіне жататын басқару қызметінің субъектілері арқылы басқару қатынастары жүзеге асырылады. Басқаруда еңбек заты мен өнімі болып ақпарат табылады: біріншіде ол «шикізат» түрінде сондықтан тәжірибеде қолданылмайды; біріқ басқару қызметі нәтижесінде оның негізінде шешім, яғни ақпарат құрылады, осыдан шыға отырып бақару объектісі нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Басқару қызметінің операцияларын жүргізу құралдары болып ақпаратпен жүзеге асыруға септігін тигізетін барлық нәрсе табылады – машина, телефон, авторучка, компьютер, қағаз, және т.б.

Басқару қызметі адамның жүйелік - психикалық түрінде жүзеге асырылатын ақыл – ой еңбегінің категориясына жатады.

Басқару қызметінің күрделілігі бірнеше жағдайлармен түсіндіріледі.

Біріншіден, проблемалардың масштабымен, санымен, сонымен қатар құрылымымен, қолданылатын ұйымдастыру принциптердің, әдістердің әртүрлігімен. Әрине, техника жүйесін және зауыттың бригадасын басқару бұл әртүрлі; бірінші жағдайда терең білім, тәжірибе, эрудиция, кең сыртқы контактілер, аналитикалық ақыл –ой; ал екінші жағдайда тек басқара алу қажет.

Екіншіден, басқару қызметінің күрделілігі қолданылатын шешімдердің жаңалық дәрежесімен, басқару жағдайында қажет объектісімен, оларға дәстүрлі емес әдістерді іздеумен сипатталады. Бұл жағдайда инновацияларды басқару ағымдағы қызметті басқаруға қарағанда өте күрделі, өйткені ағымдағы қызметті басқаруда барлығы бірқалыпты жүреді, дәстүрлі жылдан жылға қайталанатын проблемалар шешіледі.

Үшіншіден, басқару қызметінің күрделілігі қабылдауға қажет шешімдерің тәуекелділікпен, жауапкершілікпен, өзінділікпен, жеделділікпен анықталады. Мысалы, жүздеген адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беретін жолаушы самолет капитанының еңбегі.

Басқару қызметі арқылы басқару қатынастарын жүзеге асыратын басқару субъектісі мен объектісі арасындағы өзара іс-әрекет жүзеге асырылады. Мұндай өзара іс-әрекет тиімді болуы үшін бірқатар шарттарды орындау қажет.

Біріншіден, басқару субъектісі мен объектісі бірі біріне тепе-тең болуы керек. Егер мұндай сәйкестік болмаса, оларды келістіру қиын болады, олар бірі бірін жұмыс барысында түсіне алмайды, ал сәйкесінше өздерінің потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Мысалы, ақылды және қабілетті адам өз қызметі туралы нақты білмейтін облыста басқарушы болатынын көру жеңіл. Қабылданатын шешімдер бағынушылар үшін түсінікті болмас, және олар қажетті түрде жұмыс істей алмайды. Және де басқарудың субъектісі мен объектісі қызмет жасау процесінде бірі бірімен сәйкес болуы керек. Осылайша, егерде басқарушы мен бағынушы психологиялық жағынан сай болмаса, басында немесе соңында олардың арасында жанжал болады, ол олардың жұмыстарына кері нәтиже береді.

Екіншіден, бірлік рамкасында басқарудың субъектісі мен объектісі қатысты өзіндікке ие болуы керек. Басқару субъектісі объектінің барлық қызығушылықтарын және оның қандай да бір жағдайдағы іс-әрекеттеріне мүмкін болатын варианттарын қарастыра алмайды, әсіресе егерде ол кенеттен пайда болса. Ең алдымен қабылданатын шешімдер оптималды болатынына кепілдік жоқ, өйткені болған жағдайдан ауытқу, пайда болған іс-әрекеттермен байланысы көптеген детальдарды білмеу және тағы да басқалар бұған бөгет болады. Басқару субъектісі қандай да бір себептер бойынша шешімнің өзін ұстап қалады, оның өзі осымен уақыттың жоғалуына және объект үшін осымен байланысты кері нәтижелерге әкеледі. Сонымен, басқару объектісі ретінде өздерінің қызығушылықтары, ұмтылыстары, жағдайға өздерінің көзқарастары бар адамдар шыққан кезде олар осы тәжірибеде қолданулары керек. Мұндай мүмкіндік болмаған кезде адамдар белсенділік танытапайды, немесе өздерінің айтқанына жету үшін барлық шараларды қолданады. Егерде бұлардың бәрін елемесек, субъект және объект өзара әрекеттері жағымды болмайды.

Үшіншіден, басқарудың субъектісі және объектісі екінші жақтан алынған басқарушылық ақпаратқа белгілі бір түрде әсер ете отырып, кері байланыс принциптеріне негізделе отырып, өзара екі жақты іс-әрекет жасап отыруы керек. Мұндай реакция басқару субъектісі мен объектісінің сыртқы жағдайды ғана емес, сонымен қатар бір-бірінің жаңа жағдайын өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз ететін келесі іс- әрекеттерді жөндеудегі бағыт болып табылады.

Төртіншіден, басқарудың субъектісі және объектісі нақты өзара іс-әрекетке қызығушылық таныту керек: біреуі–берілген жағдайда командаларды беруде, екіншісі–оларды нақты және өз уақытында орындауға. Мұндай жағдай егер басқару процессіне қатысушылардың жеке мақсаттары бір уақытта басқару объектісі мақсаттарымен сәйкес болған жағдайда кездеседі. Яғни басқару қызметіне қатысушылардың өз мақстаттарына жетуі объектінің өз қажеттіліктерінен шығатын басқару мақсаттатрына жетуді дәрежесінен тікелей тәуекелділікте болуы керек. Бұл субъект және объект меншік қатынастарымен байланыспаған жағдайда басқарудың ең үлкен проблемасын құрайды.

Басқару прпоцесі белгілі бір принциптерге яғни ережелерге сәйкес орындалады. Тәжірибеде олар өте көп болуы мүмкін. Ең маңызды болып келесілер табылады.

Басқару процесі мақстақа бағытталған болу керек, яғни ол «жай әншейін» емес ал ұйымның алдында тұрған қандай да бір проблемаларды шешугу бағытталағн болуы керек.

Басқару қызметінің маңызды принципы болып әмбебаптылықпен сәйкестендірілген функционалды мамандану табылады. Яғни басқарудың әрбір объектісіне қызмет етуінің бағыты мен ерекшеліктеріне сәйкес жеке әдістеме болу керек. Кез келген басқару процесі бірізділік принципіне негізделген болу керек. Бұл олар тұратын іс-әрекеттер жеңістікте және уақытта қатаң белгіленген тәртіппен реттелетінідігін білдіреді. Мысалы алдымен шешім қабылдап алып соданкейін оны қортындылауға болмайды. Бірқатар жағдайларда басқару іс-әрекеттерінің бірізділігі қандай да бір уақыт аралығына олардың қайталануын көздейтін циклдық сипатқа ие болады.

Басқару үздіксіз болуы керек. Бұл пайда болатын проблемаларды өз уақытында анықтауға және шешуге сәйкесінше ұйымның жеке элементтерінің орталықтандырылған реттеу мен өзіндік рететудің оптималды сәйкестігін талап ететін ұйымның тұрақты дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басқарудың өзі адамдармен жұзеге асырылатындақтан, ол жұмысшылардың жеке ерекшелктері мен психологиясын есепке алу принципін жән жеке аралық қатынастармен топтық тәртіпті заңдылықтарын ұстанусыз мүмкін емес. Бұл ұйымдағы дұрыс моральды психологиялық климатты және дұрыс орныдалатыны ойластырылған шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

Басқару процесі дұрыс өту үшін әрбір бөлімшедегі жауапкершілік пен құқық бірлігін қамтамасыз ету принципін ұстану қажет. Жауапкершілікпен қатар құқықтардың көп болуы тәжірибеде басқарушылық өз беттілікке әкеледі: жеткіліксіздік іскерлік белсенділік пен ынтаны тоқтатады, өйткені үлкен алушылық мұнда ірі жағымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Басқару процесінің маңызды принципі болып материалды ынталандыру, қызмет бойынша жоғарылау, өзін жүзеге асыру, жаңа білімдер мен қабілеттілерді алу сияқты әртүрлі ынталандырулар көмегімен қолданылатын жеке қызығушылық негізінде басқаруға қатысушылардың жарысуы табылады.

1.2. «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің қысқаша даму тарихы мен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер сипаттамасы

«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС – қазіргі аумақтық нарықта тон-тері және былғары өнімдерін шығарушы ірі өнеркәсіп. Ол қазіргі жағдайда ұсақ малдардың, мүйізді ірі-қараның терісінен тон-тері өнімдерін тігетін, былғары жартылай фабрикаты бар, республикамыздың басқа жерінде жоқ Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Қазіргі өсуде комбинатта үлкен сапалы жұмыс жүруде.

2001 жылы комбинат 80 жылдығын атап өтті. Қазіргі кезде «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС – бұл біздің республикамыздағы бірден-бір ірі өнеркәсіп.

1915 жылы қазіргі уақыттағы «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС территориясында, алғашқы былғары заводы Плещеевтің үлкен емес жер төреде ұйымдастырылған қөл өнер өндірісінен тұрды.

1922 жылы Семей қаласындағы Белағаш көшесінде орналасқан тон шеберханасы ұйымдастырылған болатын. 1923 жылы шеберхана өтімді болды және 1924 жылы Хлебная көшесінде қайтадан ұйымдастырылды.

Былғары заводы рентабельсіз болды, бүкіл өндіріс жұмыстары қолмен істелді, өндіріс қалдықтары қолданылмады, сондықтан 1926 жылы Семей қаласында жаңа былғары заводы құрылысы салына бастады.

1926-1928 жылдар арасында ҚазССР орталық кеңесінің халықаралық депутаттарының шешіміне байланысты осы ауданда екі қабатты былғары заводы салынды, 1928 жылдың 1 мамырында транспорттық пайдалануға берілді. Осы кезден бастап завод жоғары аяқ-киімдер үшін юфталық былғары тауарлары мен төмен аяқ-киімдер үшін қатты былғары тауарларын шығара бастады. Осы уақытқа дейін завод механикаландырылған кәсіпорын болып саналды. Сонда да үлкен еңбек жұмыстары қолмен өндірілді, олар жүнді түту, былғарыны қию, шикізатты қайта өңдеу жұмыстары болды.

1936-1938 жылдар арлығында бұрынғы ескі былғары заводында қой заводы және тон фабрикасы бар екі қабатты ғимарат тұрғызылды, оның өндіріс жылдамдығы екі есеге артты.

1936 жылдың 30 желтоқсанында Семейдегі заводтар топтары қайтадан «Былғары комбинат» болып ұйымдастырылды.

1943-1944 жылдар арасында 10 км-лік темір жол торабы салынды. Бұл «Былғары комбинатына» транспорттық жүктерді әкелуге біршама жеңіл болды.

1943 жылы екі қабатты корпуста қалдықтарды қайта өңдеу цехі болған жерде көмекші цехтар, сондай-ақ механикалық және орталық химиялық лаборатория құрылысы аяқталды.

1944 жылы цех өндіріс қалдықтарыннан юфталық және қатты етіктер, бәтеңкелер, офицерлік белдік, тонның қиығынан кеудеше, алжапқыш және қолғап тігілді.

Жүн завод ұйымдары қысқа тон тігуден қалған ақ жүнді тондардан қолғаптарды шығарды. Ал тігіншілер цехі соғыстың бірінші күнінен бастап фронтқа қажетті болатын белдік, қысқа тон шығарды.

1951 жылы былғары заводында ерекше жыл болды, өйткені өндіріс процесінде тетіктер мен реконструкциялар басталды.

1963 жылы қой заводын қайтадан өңдеді, үш қабат салынды, сондай -ақ өндіріс процесінің тетіктері өсті. Заводта көптеген импортық құрал-жабдықтар орналастырылды.

1964 жылдың 1 қаңтарында Семей қаласының халық шаруашылық кеңесінің шешімімен «Былғары комбинаты» тері және былғары шикізат заводтарымен қосылды және кәсіпорын «Былғары-тері қосындысы » деген атқа ие болды.

«Былғары-тері қосындысы» ұжымының жыл сайын өнімді шығару көлемі артты, еңбек өндірісі өсті, өткізілген өнімнің өзіндік құны төмендеді. Бұл шешімдер ұжымның жаңа технология және прогрессифтік технология негізінде, өндіріс процесінің автоматтандырылған және механикаландырылған негізінде, өндіріс мәдениетінің жоғарлауында жоғары нәтижеге жеткізді.

1984 жылы былғары заводында қайта өңдеу жүргізілді, мұнда екі қабатты ғимарат салынды, бірінші қабатта май цехі орналастырылды.

Ұзақ уақытта кәсіпорын тез дамыды. Ұжым барлық жарыс түрлеріне қатысты.

«Семей-тері» ЖШС 1998 жылы өзіндік заңды тұлға ретінде АҚ «Айгерім» тон цехі базасында құрылды. 1998 жылы 10-тамызда өндірістік қызметі басталды.

2000 жылы 29 мамырда Шығыс Қазақстан обылысының әкімінің шешімімен Семей қаласының «Былғары-тері комбинаты» «Семей-тері» ЖШС-не сенімді басқаруға берілді. «Семей-тері» ЖШС, яғни қазіргі «Былғары-тері комбинаты» сатып алушылардың сұранысы бойынша тон-тері және былғары өнімдерін дайындауға бай қабілеті бар.

2005 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың комбинатқа келуінен кейін «Семей қаласының 2006-2008 жж. арналған даму бағдарламасы» қабылданды. Осы бағдарламаның аясында «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС өндірісін дамыту қарастырылған. Бұл міндетті жеңілдетілген несие беру арқылы орындау ҚР индустрия және сауда министрлігіне, ШҚО әкімдігіне және «Қазақстан даму банкі» АҚ-на жүктелеген болатын. Сонымен қатар, кәсіпорынның даму бағытына қолдау «2015 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан облысының өңірлік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы» арқылы да қарастырылған.

«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің өнім ассотименті келесідей: мехтық және тондық велюрдан балалардың, әйелдердің, ерлердің тондары; астарлы куртка, қысқа пальто, костюмдер, қой терісімен қапталған балалар және әйелдер пальтосы; түрі және үлгісі әртүрлі бас киімдер, сонымен қатар формалық киімдер мен арнайы қыстық жұмыс киімдерін шығарады. Қалдықтардан кеудеше, қолғап, шұлық т.б. тігіледі.

«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС Қазақстандағы аяқ-киім өнеркәсібін көтеруге мүмкіндік беретін терінің кең ассортиментін шығарады және республикадағы мал шаруашылығының өркендеуіне үлес қосады. Өнім шығаруды арттыру жергілікті шикізаттардың толық қолданылуын қамтамасыз ете отырып, шетелден келетін өнделмеген өнімді азайтады, импорттық терілердің көлемін төмендетеді.

«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің қолдануында экономикалық қызмет орналасқан әкімшілік персонал мен экономика және бухгалтерия бөлімі бар кеңседен тұрады.

«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің басқару аппараты алты адамнан құралады. Басқару аппараты толығымен қамсыздандырылған, яғни шаруашылық-экономикалық қызметтің барлық жақтары дұрыс деңгейде ұйымдастырылған. Басқару құрылымын келесідей көрсетуге болады. Ол 7-ші суретте бейнеленген..

Тері былғары өндірістегі қалдықтар 1 страница - student2.ru

Сурет 7. Басқарушы аппарат құрылымы

Директордың және басқарушылардың аппараты өндірістік қызметті жалпы басқарады, шикізаттар мен материяларды жабдықтау мәселелерін шешеді кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін реттейді. Сонымен қатар әкімшілік аппаратының басты міндеті өндірістік көрсеткіштердің орындалуына лауазымды бөлімдері арқылы бақылау жасау.

Экономика және бухгалтерия бөлімінде алты маман жұмыс істейді. Олардың негізгі атқаратын қызметі кәсіпорын қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу, экономикалық талдау, жоспарлауды жүзеге асыру, шаруашылықтың құжаттылығын қамтамасыз ету.

«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС-нің директорының өкілетті-лігі:

- Серіктестіктің қызметіне жалпы басшылық жасау;

- Сенімхатсыз серіктестік атынан қызмет жасау;

- Серіктестікті ұсынуға сенімхат беру;

- Серіктестік жұмысшыларына қатысты оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, жұмыстан шығару жөнінде бұйрық шығару, еңбекақы жүйесін анықтау, лауазымды окладтар мөлшерін тағайындау, сыйақы жөнінде шешімдер қабылдау, марапаттау шараларын жүзеге асыру, тәртіптік алымдарды жасау.

Наши рекомендации