Иірудің тарақты жүйесі

Мазмұны

КІРІСПЕ ............................................................................................................

I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ......................................................................

1.1 Иірімжіптің сипаттамасы...........................................................................

1.2 Шикізатты таңдау .......................................................................................

1.3 Қоспа компоненттерінің сипаттамасы .....................................................

1.3.1. Табиғи жүн талшығы

1.4 Қоспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу ..................................

1.5 Иіру өндірісінің жоспары ........................................................................

1.5.1. Иірімжіпті дайындаудың жобаланған жоспарын негіздеу

II. ЖЕКЕ ТАПСЫРМА..................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................

Кіріспе

Тәуелсіз еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде әлемдік сауда ұйымына кіру арқылы Қазақстан экономиканың Халықаралық ұйымына интеграциясы туралы мәселе негізгі болып отыр. Алдыңғы қатарлы индустриалды кешендердің дүниежүзілік құрылымында жеңіл өнеркәсібі бірінші позиция алып отыр. Қазақстанреспубликасының текстиль өнеркәсібіүшінжүннегізгішикізатыболыптабылады. Дүниежүзілік текстиль талшығының өндірісі құрамында жүн мөлшері 5 % астам болу керек, ал оданжасалғандайынбұйымдардыңкөлемібағасынан 15 есекөп, және де ол тек қажеттітауарлардыжасауғаарналады.

Қазақстан республикасының текстиль өндірісі, экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады.

Республика Президенті «2030-ға дейін даму стратегиясында» тек шикізат өндіретін мемлекеттердің қатарында болмау үшін, сонымен қатар тұрғындарды сапасы жоғары, көрнекті, сәнді, қазіргі заман талаптарына сай және арзан текстиль бұйымдарымен қамтамасыз ету үшін, жеңіл және текстиль өнеркәсібіне жағдай жасауды белгілеген.

Кәсіпорындардың даму жолдарының бірі - құрал-жабдықтарды жаңа жоғарғы өнімділікті жабдықтармен алмастыру, яғни сонғымодельді, электронды басқаруы бар автоматтар, экологиялық таза, аз қалдықты технологияларды пайдалану.

Жоғары сапалы, халық сұранысын қанағаттандыратын, әсіресе жүн талшығы және одан жасалатын киімдер, көбінесе таза жүн талшығынан көрі, қоспа талшықтармен дайындалған матаны өндіру тиімді.

Жүн- қымбат табиғи шикізат, сонымен қатар оның бағасы талшық құрамы мен құрылысына, жіңішкелігіне, қасиеттеріне қарай тағайындалады. Осыған орай жүнді өңдеудегі негізгі шарт барлық типті шикізаттарды тиімді және үнемді пайдалану болып табылады.

Дайын өнімдерді сату нарығында жүн әр уақытта ерекше орында болған және болады да. Дүниежүзілік жүн өндірісі құрылымында жіңішке және жартылай жіңішке жүн үлесі үштен екі бөлігіне тең, ал жартылай қылшықты және қылшықты жүн үлесіне – үштің бір бөлігі.

Құрамына қарағанда , Қазақстанда өндірілетін жүн көптүрлі: меринос, жіңішке мериносты, жартылай жіңішке, аралас жартылай жіңішке, жартылай қылшықты, аралас қылшықты әртүрлі қылшықты жүнді тұқымдардан.

I Технологиялық бөлім

Иірімжіптің сипаттамасы

Иіру өндірісінде құрамы, қасиеттері және белгілеулері әртүрлі иірімжіптер өндіріледі. Иіру өндірісі дегеніміз - табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіптің қалыптасуын қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процестердің жиынтығы.

Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары және т.б.), штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.

Иірімжіп дегеніміз – салыстырмалы қысқа талшықтардан тұратын, ширату немесе желімдеумен байланысқан және белгілі төзімділігі мен тегістілігі бар, белгісіз үлкен ұзындықтағы және аз көлденең қималы жіптерді айтады. Иірімжіптер қарапайым, фасонды, әрмірленген болып бөлінеді.

Иірудің тарақты жүйесі

Иірудің тарақты жүйесінде (камвольды жүйе) ұзындығы және жіңішкелігі бойынша біртекті ұзын, тегіс жүн қолданылады. 60с жіңішке жүн және I ұзындықтан жоғары (70 мм және одан жоғары), II ұзындықты (55-70 мм) және аралас тарақты, көбінесе ақ жүн (боялмаған) қолданылады. Кейін оны әртүрлі түстерге бояйды.

Түрі және сорты әртүрлі жүндерден басқа, үлкен сызықтық тығыздықтағы жгут түрінде кәсіпорынға келіп түсетін химиялық талшықтар да кеңінен қолданылады.

Тарақты иірімжіптерден көйлек, костюмдік маталар, орамалдар, трикотаж жаймалары және бұйымдарының кең ассортиментті өндіріледі.

Тарақты иірімжіптен алынған маталар үлкен тығыздығымен, төменгі жылу өткізгіштігімен және жақсы ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Иірудің тарақты жүйесі бойынша таза жүнді иірімжіп және құрамында химиялық талшықтары бар (лавсан, нитрон, орлон және тағы да басқа) аралас иірімжіптер өндіріледі.

Көбінесе иірімжіп боялған талшықтардан өндіріледі.

Таза жүн немесе аралас иірімжіп өндірісі үш кезеңнен тұрады. Сапасы 60с және одан жоғары жүннен алынған таза жүнді иірімжіпті өндіру кезіндегі технологиялық процестер мен машиналардың тәртібін қарастырайық.

Бірінші кезең – иіруге талшықты материалдарды дайындау. Бұл кезеңде талшықтар келесі өңдеулерге түседі:

1. Қоспаның компоненттерін алдын-ала қопсыту, тазалау, майлау, компоненттерді араластыру және кардты тарау машиналарында тарау. Бұл процестердің барлығы ПЛГ-Ш ағынды желісінде жүзеге асырылады.

2. ЛМШ-220 типтес екі өрісті таспалы машиналарда бірнеше таспаларды созу және қабаттау (үш ауысым).

3. Оқтынды қозғалысты тарақты тарау машинасында таспаны тарақты тарау.

4. Екі өрісті таспалы машиналарда таспаларды созу және қабаттау.

5. Оқтынды қозғалыстағы аппараттарда немесе таспаны бояу және үтіктеуге арналған ағынды желісінде таспаларды бояу.

6. 40 таспаға дейін өңдеуде жуу-кептіру-үтіктеу агрегатында таспаларды үтіктеу және оларды астауға төсеу.

7. Екі өрісті таспалы машинада (екі ауысымда) созу және қабаттау. Бірінші ауысымда таспаны майлау.

8. Оқтынды қозғалыстағы тарақты тарау машинасында боялған таспаларды қайталап тарақты тарау.

9. Екі өрісті таспалы машинада (екі ауысымда) созу және қабаттау. Соңғы ауысымда созудың автореттегіші бар таспалы машина қолданылады.

Осымен өңдеудің бірінші кезеңі аяқталады.

Өндірілген таспалардың талшықтары жақсы түзуленген және сызықтық тығыздығы бойынша тегістілігі жоғары болып келеді.

Таспаны ары қарай өңдеу алдында, талшықтардың бетінде электростатикалық зарядтарды төмендету үшін, талшықтардағы релаксациялау процестердің жүруін жылдамдату үшін және талшықтың бүкіл салмағында майлағыштардың тегіс жатуы үшін 75-85% салыстырмалы ылғалды ауада және 18-200С температуралы арнайы бөлмеде 12-16 тәулік бойы ұстайды.

Екінші кезең – алдын-ала иіру, созбаның қалыптасуы.

10. Екі өрісті таспалы машиналарда араластыру.

11. Екі өрісті таспалы машиналардың үш ауысымында өнімді жіңішкерту және араластыру. Бірінші ауысымда созудың автоматты реттегіші бар таспалы машина қолданылады.

12. Созу аспабы бар созба машиналарында созбаны өндіру. Машинада есілген созба өндіріледі.

Үшінші кезең – иірімжіптің дайындалуы.

13. Сақиналы иіру машинасында иірімжіпті өндіру.

14. Үзіліссіз қозғалыстағы немесе оқтынды қозғалыстағыбуландыру камераларында иірімжіпті булау. Оның мақсаты – иіру процесінде пайда болған талшықтардағы кернеуді түсіру.

Жартылай жүнді иірімжіп өндірген кезде жгутты химиялық талшықтарды қолданады. Химиялық талшықтардың жгуты ЛРШ-70 штапельдеу машиналарында штапельденеді. Штапельденген химиялық талшықтардың таспасын екі өрісті таспалы машиналардан өткізеді. Осыдан кейін таспа боялады. Боялған таспалар жуу-үтіктеу-кептіру машинасында өңделеді.

Осындай жолмен дайындалған химиялық талшықтардың таспалары екі өрісті таспалы машиналарда жүн таспаларымен араластырылады.

Араластырылған таспа тарақты тарауға түседі. Мұнда жүн талшықтары екінші рет таралады, ал химиялық талшықтар бірінші рет таралады. Таспа тарақты таралғаннан кейін екі өрісті таспалы машинаның екі ауысымынан өтеді, осымен иіру өндірісінің бірінші кезеңі аяқталады.

Жартылай жүнді таспаны өңдеу тізбектілігі екінші және үшінші кезеңдерде таза жүн таспаны өңдеу сияқты жүреді.

Иірудің жіңішке тарақты жүйесінде ұзындығы бойынша жіңішке тегіс 60с және одан жоғары жүн қолданылады. Қоспаларда қысқа, ақаулы және беріктігі төмен жүнді қолдануға тиым салынады. Қоспаны дайындаған кезде жіңішкелігі жағынан бір-біріне жақын сапасы жағынан ұқсас болып келетін жүндер араластыруға жіберіледі.

Алдын-ала қопсыту, араластыру және кардты тарау үшін, құрамына АРТ-120-Ш үш қопсытып-түту агрегаты кіретін ПЛГ-Ш автоматтандырылған ағынды желі қолданылады.

Наши рекомендации