Курорттық іс әрекеттің рекрециялық негіздері

Курорт белгіленген тәртіпте заң негізінде болып танылған емдік профилактикалық мақсатпен ұйымдастырылған және табиғи-емдік факторларды және оған қажетті шарттарды иеленетін аумақ. Курорт көбіне мемлекеттік меншікке жатады.

Сонымен қатар курорттар минералды бастаулармен, емдік балшықтармен емдеу үшін қолданатын немесе ерекше климаттық шарттарды (өзен, көл, теңіз, тау ландшафттары, орман, құрғақ жері) және табиғи емдік қасиеті иеленетін мекен.

Курорттарға келесі негізгі талаптар қойылады:

1. Курорттың дұрыс қызмет етуін және оның дамуын қамтамасыз ететін зерттелген табиғи-емдік факторлардың бар болуы.

2. Курорттық факторларды рационалды қолдану үшін қажетті техникалық құралдарды иелену (ванналық ғимараттар, бассейіндер, пляж, балшықпен емдеу және т.б.).

3. Емдеу және тұру үшін арнайы мамандандырылған орындар.

4. Науқастарға медициналық қызмет көрсетулерді қамтамасыз ететін емдік профилакториялық мекемелердің бар болуы.

5. Сауықтыру мекемелері, спорттық құрылғылар және алаңдардың бар болуы.

6. Қоғамдық қолданылу мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, мәдени, ағартушылық мекемелердің бар болуы.

7. Санаторлы-гигиеналық норманың барлық талаптарына жауап беретін қолайлы шарттар (су қоры, канализация, аумақтың тазалығы).

8. Қолайлы жолдар және ақпарат құралдары.

9. Жалпы курорттық режімді сақтау қажеттілігі.

Курорттың типі оның құрылысын, дамуын, табиғи емдік құралдарды қолдану сипатын, науқастар мен демалушыларға қызмет көрсетудің ұйымдастыруды анықтайды.

Курорттық аймақта бірнеше қызметтік зоналар болады: мысалы, курорттық, коммуналдық-қоймалық, жасыл зоналар және т.б.

Курорттарда және курорттық мекемеде де табиғи емдік факторларды сақтау үшін курортты санитарлы қорғау немесе курорттық тәртіп бекітіледі.

Курортты санитарлы қорғау дегеніміз –курорттың санитарлы қолайлығын, қоршаған ортаны қорғаудың, соның ішінде табиғи емдік факторларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар жүйесі. Курорттар үшін санитарлық қорғау округі бекітіледі, ол 3 зонадан тұрады:

Қатаң тәртіптегі зона

Шектеу зонасы

Бақылау зонасы

Курорттық тәртіп режімі- курортта демалу және емдеу үшін қолайлы шарттарды және курорттық- санаторлық қорғауды қамтамасыз ететін ережелер іс шаралар жүйесі.

Қандай да болмасын курорттың мамандануын курорттық факторлар анықтайды. Қурорттық факторлар дегеніміз-курортта және курорттық мекенде науқастардың профилактика, терапия және медициналық реабилитация мақсаттары үшін қолданылатын табиғи емдік факторлар. Негізгі курорттық факторларға ландшафттық-климаттық шарттар, емдік балшықтар және минералды сулар жатады.

Курорт – табиғи емдік ресурстары мен оларды пайдалану үшін салынған ғимараттарды және инфрақұралым объектілерін біріктіретін емдік-сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын арнайы табиғи аумақ. Курорт мемлекеттің меншігі болып табылады.

Курорттық орын – табиғи емдік факторлары (климат, минералды су көздері, емдік балшық және т.б.) бар, денсаулықты жақсартуға, емдеуге, аурудың алдын алуға жағымды әсер ететін орын. Табиғи емдік факторлардың негізінде курорттық орын мемлекеттік және жергілікті мағынадағы орын болып бөлінеді.

Курорт болып қалыптасу үшін келесі факторлар қажет:

Курорттың қалыпты жұмыс істеуін және оның дамуын қамтамасыз ететін табиғи емдік факторлардың жай күйі;

Курорттық факторларды қолдану үшін техникалық құралдардың болуы (ванналық ғимарат, бассейндер, балшықпен емдеу орны, жағажайлар т.б.)

Емдеуге және тұрақтауға арналған арнайы маманданған орын (санаторий, демалыс үйлері)

Ауру адамдарға медициналық қызмет көрсететін емдік-сауықтыру орындарының болуы;

Сауықтыру мақсатындағы спорттық орындардың және алаңдардың бар болуы;

Қоғамдық пайдалану орындарының, тамақтандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, мәдени –танымдық орындар және т.б. болуы;

Курорт территориясының барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы;

Ыңғайлы байланыс және көлік жолдарының болуы;

Жалпыкурорттық режимді сақтау қажеттілігі;

Кез – келген курорттың мамандануын курорттық факторлар – емдеу мен сауықтыру мақсатындағы табиғи-емдік факторлар анықтайды. Негізгі курорттық факторларға: ландшафттық-климаттық жағдай, емдік балшықтар мен минералды су көздері жатады. Бір ғана табиғи емдік факторға негізделген курорттар өте сирек кездеседі. Көбінесе барлық курорттық факторлар бір арнайы курортқа біріктіріледі.

Табиғи – емдік факторларды есепке ала отырып барлық курортарды

6 үлкен топқа топтастыруға болады.

Бальнеобалшықтық курорттар – негізгі емдеу факторлары минералды су көздері мен балшықтар болып келетін курорттар. Бір уақытта барлық курорттық факторлары бар курорттар да кездеседі.

Мысалы, Ресейдегі осындай курорттарға: Бакиров, Үлкен Тараскуль, Гай, Ессентуки, Карачи, Старая Руса және т.б. жатады.

Бальнеоклиматтық курорттар – бұл курорттарда негізгі емдік факторлар климат пен табиғи минералды сулар болып келеді.

Мысалы: Аршан, Вешенский, Кисловодск, Сочи, Ямаровка, Дара – сун және т.б.

Бальнеологиялық курорттар – мұнда емдік фактор ретінде тек минаралды су көздері қолданылады.

Мысалы: Дарасун, Ессентуки, Железноводск (көмірқышқылды сулармен), Ангара, Бакиров, Серноводск, Сочи (күкірқышқылды сулармен), Беликуриха, Пятигорск, Усть – Кут (радонды сулармен); Начики, Паратунка, Талая (азотты сулармен) т.б. емдейді.

Бальнеологиялық курорттардың негізгі тобын минералды су көздерін ішке пайдалануға арналған курорттар құрайды. Мысалы: Борисовский, Дорохово, Дарасун, Кашин және т.б.

Балшықпен емдеу курорттары – негізгі табиғи фактор ретінде балшық пайдаланылатын курорттар.

Мысалы: Медвежье, Кисегач, Бакирово, Липецк, Талая, Тамга, Нальчик және т.б.

Климатоқымызбен емдеу курорттары – бұл курорттарды негізгі табиғи факторлар даланың жұмсақ климаты мен қымыз болып табылады. Мұндай курорттар Алтай аймағында, Орынбор облыстарында орналасқан.

Мысалы: Аксаково, Маныч, Юматово т.б.

Климаттық курорттар – тек қана климат негізгі емдеу факторы ретңнде қоладынылады. Климаттық курорттарға сонымен бірге ландшафттық рапия мен спелеотерапия кіреді. Айта кететіні, негізгі климаттық курорттар ішінде теңіз климаттық курорттары маңызды болып табылады.

Мысалы: Калининград курорттық аймағы, Ленинград курорттық аймағы, Ейск т.б.

Сонымен қатар таулыклиматтық курорттар жайлы да айта кеткен жөн. Таулыклиматтық курорттардың негізі емдеу көздері: жоғары тазалылық, ауа құрамы, күн сәулесі, оттегі қысымы және т.б. Мысалы, тек қана Үлкен Кавказ курорттарын айтуға болады.

Сонымен қатар куроттар: орман зонасының курорттары, орманды дала және дала зонасының курорттары, шөлейт және шөл зона курорттары, жерортатеңіздік климат курорттары, ылғалды субтроник және муссондық климат курорттары мен тауклиматты курорттар болып жіктеледі. Дегенмен де климаттың орналасқан орнына сәйкес ерекшеліктерін ескерген дұрыс, олар үлкен терапевтикалық ерекшелікке ие болуы керек. Сондықтан территорияның микроклиматтық бағалауының маңызы өте зор. Таулыклиматтық курорттар үшін негізгі орынды биіктік пен олардың орналасқан орны алады, соған байланысты оларды төменгітаулы (500-1000м), ортатаулы (1000 – 2000м) және биіктаулы (2000м жоғары) деп ажыратады.

Курорт түрі оның құрылымы мен дамуын; табиғи – емдік ресурстар эксплуатациясын; ауру адамдар мен емделушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыруды анықтайды. Курорт территориясында бірнеше функционалдық зоналарды анықтауға болады. Мысалы, курорттық, коммуналды – қоймалық, жасыл зона және т.б. ажыратылады. Курорттар мен курорттық орындарда табиғи емдік факторларды сақтау үшін курорттар мен курорттық режим санитарлық күзеті орналастырылады.

Курорттық санитарлық күзет – курорттың санитарлық жағдайын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи емдік факторларды қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады. Курорттар үшін 3: қатаң режим зонасы, шектеу зонасы және бақылау зонасынан тұратын санитарлық күзет округтері құрылады.

Курорттық режим – курорттық жағдайды жасауды қамтамасыз ететін, демалыс пен емдік шаралар үшін жағымды жағдай жасайтын және санитарлық күзетті қалыптастыратын ережелер мен іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Табиғи емдік факторлардың емдік эффективтілігіне қарай, курорттарға жағымды жағдайларға байланысты курорттар мен емдік – сауықтыру орындарын федеральдік, аймақтық және жергілікті мағынадағы деп ажыратады.

Федеральді мағынадағы курорт – емдік – сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады, мемлекеттік билік шеңберінде басқарылады.

Аймақтық маңызды курорт - белгілі бір аймақ шеңберіндегі емдік – сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи территория.

Жергілікті маңызы бар курорт – жергілікті жердегі өзін – өзі басқару органдарының қолындағы емдік – сауықтыру мақсатына негізделген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи территория.

Наши рекомендации