Еуразияшылық идея: қалыптасуы, мән-маңызы, интеллектуалдық алғышарттары.

Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Егемендік пен сыртқы саясаттағы дербестіктің айқын көрінісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жоба түрінде ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» мен Еуразиялық бастамасы болды. «Еуразия одағы» жобасы аймақтық мәселелерді парасатты тұрғыда, әрі өзара тиімділікпен шешу мақсатын көздейді. Еуразиялық бастама егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүддесін қорғаумен және оның Еуразия елдерімен өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастығымен ерекшеленеді. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы және оған қатысты туындаған көзқарастар, халықаралық пікір - таластар тарихтағы дәстүрлі еуразиялық идеяға елеулі өзгерістер енгізді. Бұл күнде Еуразиялық бастамаға теориялық және практикалық тұрғыдан бірқатар толықтырулар да қосылды.

5. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы

Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ.

Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Чол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты.

Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты.

Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме» деген еңбектері қайта басылды.

1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

1992 жылы «Нашего современник» журналының №2,3 нөмірлерінде Савицкийдің «Евразийство», «К преодолению революции», Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св.Александра Невского» атты еңбектері басылды. Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавин мен Кожевниковтың «Философия и ВКП» деген ортақ атпен жарық көрді.

1992 жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» атты кітап (құрастырушы И. А. Исаев) жарияланды.

1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927) еңбегі шықты.

1995 жылы аталған басылымда жаңа антология жарияланды, лгы құрастырушылар — Новиков пен Сиземсктй:"Мир Россия-Евразия. М,1995, Г. Флоровский «О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий «Подданство идеи» и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой «Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм», Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем».

1997 жылы «Беловодье» басылымында «Русский узел Евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушы С. Ключников) жарық көрді.

1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940 г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева» пьты кітап шықты.

1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С.Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы.

1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты.

1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды.

Срңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003) және «Чингисхан как полководец» шықты.

2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадскийдың «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории» мақаласымен қосымша жарияланды.

6. Еділ бойына жататын этностар.

Еділ бойы халықтары. Финтілдес халықтарға Орал тауларынан Балтық теңізіне дейін таралған эстон, корел, лопар, вепс, комизыряне, коми-пермяк, удмурд, марийц және мордва халықтары жатады. Келесі топты түркі халықтары-чуваштар, еділ бойы татарлары, башқұрттар Орталық Еділ бойы және Орал маңында Еділ бойы татарлары мен башқұрттар, Молдавиядағы гагауздар Украинаның аралас аудандарында тұрады. Мұнда үндіеуропа халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар және латыштар сонымен қатар Батыс Монғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар өмір сүреді.

Шығыс Еуропаның славян емес халықтарының түп-тамыры еуропоидтық нәсілге жатады. Орталық Еділдің, Орал маңының халықтарында монғолоидтық нәсілдің аралас белгілері байқалады. Бұл ерте кезден бастап еуропеоидтар мен Сібірден келген монғолдардың арасында қатынастың болғанымен түсіндіріледі.

Финтілді халықтардың байланыстары Орал маңы мен Прикамьем олардың б.з.б. II м.ж ата-бабаларының Орталық Еділ бойы мен Батысқа жылжуы, б.з.б I м.ж. олар Балтық теңізі мен Кольск түбегіне жетпегінен басталады. Ұзақ орналасу процесінде жекелеген және араласқан түпкі халықпен қосылып финтілді халық тобы қалыптасты, олардың алғашқысы перм халықтарын құрайды, екіншісі- поволждік финдер және үшіншісі- солтүстік-батыс финдер. Марий тілі перм және мордов тілі арасынан орташа дәрежені құрайды. Мардов тілі балтық маңы финдерінің тілдеріне жақын.

Еділ бойы және Орал маңы бойындағы түркі халықтарының этногенезі қүрделі тарихи жағдайлармен Еділ бойына ұлы халықтардың қоныс аудару кезеңіндегі қиындықтармен байланысты. Ежелгі түріктер Орталық Еділ бойында б.з. бірінші ғасырында пайда болды.

Кейін түрік халықтарының үздіксіз қоныстануы Алтын Орданың құлауына дейін жалғасты. VII-VIII ғғ. Солтүстік Кавказдан жылжып келген бұлғарлар Еділ бойын, оңтүстікте Кама сағасына дейін қоныстанды. Мұнда XIII ғ. татар-монғолдар күйреткен Волж Бұлғар мемлекеті қалыптасты (X ғ). Бұлғарлар Еділ бойындағы түркі халықтарының шығу тарихына үлкен із қалдырды. Чуваш халқының негізін кейін Бұлғар мемлекетінің құрамына кірген ежелгі түріктер, суварлар, суваздар қалады. Бұлғария құлағаннан кейін олар жергілікті марий халқын ығыстыра отырып, қазіргі Еділ бойына қоныс аударды.

Чуваштардың тілі түрік тіл тобының бұлғар-хазар тармағына жатады. Қазан татарларының шығу тегіне бұлғарлармен қатар XV ғ. Қазан хандығының негізін қалаған ноғаймен тайпалары да үлес қосты. Башқұрлардың қалыптасуына түркі тайпаларымен қатар қыпшақтар да үлкен із қалдырды, осылайша, башқұр тілі түркі тіл тобының қыпшақ тармағына жатады. Башқұрлардың ата-бабалары Алдыңғы Орал халқының түркіленген угор тобы деуге негіз бар. Қазақ фольклорында башқұрлар «естек» этнонимімен аталады бұл олардың шығу тегінің угро-фин екенін көрсетеді.

Летто-литов тайпаларының қалыптасуы көршілес ежелгі славяндардың қоныстану үрдісімен қатар жүрді. Летто-литов тілі басқа үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда славян тіл тобына жақын. Латыш және литов халықтарының негізін летто-литов тайпалары құрады. Молдав халқының негізінде Рим патшалығы кезінде романданған дак-фракий тайпалары жатыр. Соңғы уақытта молдавандар мәдениет және тіл жағынан ерекшеленген шығыс славян халықтарының ықпалын сезінді.

7. Кавказ халықтары

Кавказ халықтары. Сыртқы физикалық келбетіне қарай еуропоидтық нәсілге жатады. Қазіргі кезде Кавказда қолданылып жүрген, Кавказ халықтарының көбісі- грузиндер, абхаздар, абазиндер, адыгейлер, черкесстер, кабардиндер, шешендер, ингуштар және Дағыстанның кумыктардан басқа халықтары сөйлейтін тіл-кавказ немесе яфет тілдері. Бұл тілдер бір-бірінен өзгеше және бөлшектенген. Соңғы уақытта кавказ тілдері бір тіл тобына жатпаған деген пікір айтылып жүр.

Келесі тіл тобын иран тармағына жататын үндіеуропалық тілдер құрайды. Кавказдың иран тілдес халықтарының қалыптасу жолы әртүрлі. Солтүстьік Кавказда б.з.б. I м. ж. бастап иран тілдес халықтар көшіп жүрген. Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде тауға ығысқан аландар кавказ тілдес халықтармен араласып, осетиндердің қалыпатасуына ықпал еткен.

Армян халқының қалыптасуы Кавказ бойымен байланысты. Армян халқының шығу тегіне б.з.б II м. ж. Балқан жарты аралынан келген үндіеуропа тайпалары ықпал еткен. Шығыста олар армян және халдармен араласа түсті.

Кавказ халықтарының үшінші тіл тобын әзірбайжан, Дағыстандағы кумыктар, балкарлар, қарашайлар және Солтүстік Кавказдағы ноғайлар сөйлейтін түрік тілі құрайды. Бұл халықтардың шығу тарихы түріктердің Солтүстік Кавказға және Кавказдың арғы жағына қоныстануына байланысты. Солтүстік Кавказда әр уақытта келген ғұн, болгар, хазар, қыпшақ тайпалары жергілікті кавказ тілдес халықпен қатынасқа түсті және олардың біраз бөлігі түркіленді. Осылайша тілдері қыпшақ тармағына жататын кумыктар қалыптасты. Қыпшақтар тіл жағынан бір-біріне жақын балкар және қарашайлардың шығу тарихында маңызды орын алады.

8.Алтай тіл тобы халықтары

Сібір халықтары. Антропологиялық белгілері бойынша моңғолоидтық нәсілді болып келеді. Сібір халықтары әр түрлі тілдік семья мен топтарға жатады. Алтайдық тілдер семьясы 3 топқа бөлінеді: түрік, моңғол ж/е тунгус-манчжур. Түрік тармағы өте кең тараған. Сібірде оған алтай-саян халықтары: алтайлықтар, гулымцылар, шорцылар, хакастар, тувалыктар, карагастар, Б.Сібір татарлары: тобылдықтар, барабиндік, томскілер жатады. Қиыр Солтүстікте – якуттар, долгандар, моңғол тобына буряттар енеді.

Алтай халықтары семьясының тунгус-манчжур тобына Обь өзені бассейнінен Охот теңізі жағалауына дейін ж/е Забайкальеден Мұзды мұхитқа дейінгі жеке топтар болып шашыраңқы мекендейтін эвенкілер (тунгустар) жатады. Солтүстік Якутияның кейбір аудандарында, Охот теңізі жағалауы мен Камчаткада мекендеген ж/е төменгі Амур халықтарының кейбірі нанайлықтар (гольдтар), ульчилер, негидальдықтар, сехалиндік ороктар енеді.

9. Орта Азия ежелгі халықтары.

Орта Азияның түпкі халықтарының негізін түркі тілдес халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен және иран тілдес тәжіктер құрайды.

Ал антропологиялық жағынан араласып кеткен. Сыртқы келбеті бойынша қырғыздар монғолоидтық, тәжік, өзбек және түркімендер - еуропоидтық нәсілге жатады. Қарақалпақтарда екі нәсілдің де белгілері бар.

Орта Азияның ежелгі халықтары арий-тур тілдерінде сөйлеп, еуропоидтық нәсілгге жатты. Б.з.б I м. ж мұнда Соғды, Хорезм, Бактрия және Маргиан сияқты ірі өркениеттер пайда болды. Бұл халықтардың түркіленуі жаңа дәуірден басталды. «Авестада» айтылғандай алғашқы түріктер турлар болған деген болжам бар. Шығыстан келген ғұндар түрік тілдес болған. Түркілену үрдісі Түрік қағанаты кезінде күшейді (VI-VIII ғғ).

Кейінгі орта ғасыр дәуірінде әртүрлі Шығыс монғол және түрік топтарымен араласқан қазіргі Орта Азия халықтары пайда болды. Мысалы, түрікмендердің шығу тегіне және тілдерінің қалыптасуына ықпал еткен оғыздар болды. Ал қарақалпақтардың шығу тегі қыпшақтармен байланысты. Тәжіктер жергілікті иран тілдес халықтың өкілдері. Бадахшанның таулы аудандарында шугнан, вахан, язгулен, ишкашим сынды иран тілдес халықтар мекен етеді.

10. Көшпелілердің рухани және материалдық мәдениеттерінің даму ерекшеліктері

Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай.
Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.

11. Көне қытай мәдениеті

Ытай мәдениеті

Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама–қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырды деп санады.
Қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады.

Біздің заманымыздың бастауында Қытайда кескіндеме өнері гүлдену сатысында болды. Көптеген ғалымдар өнердің осы саласындағы мұндай алға басушылықты будда ғибадатханаларында түрлі құдайлар мен әулиелердің мүсіндері көптеп орын ала бастады. Әсіресе, жібекке, қағазға тушпен салу кеңінен тарап, фрескалар өнері бой көрсете бастады. Бір айта кететін жәйт, ежелгі Қытайдың кескіндеме туындыларының әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Мысалы: шырша – ұзақ өмір белгісі болса, бамбук - қажымас қайрат пен ерліктің, ал көкқұтан – жалғыздық пен қасиеттіліктің белгілері болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, бүкіл көне Шығыс көркемдік мәдениеттің ең басты елементі – «Күн» болып саналатынын да атап өткенді жөне көрдік. Күн әдетте, Аспан құдайының мұрагері және туған ұлы ретінде адам бейнесінде беріледі. Күн «Аспан құдайының» бәрін көре де, біле де білетін қасиетін мұра еткен. Күн сонымен қатар Шығыс елдері мәдениетінде сұлулықтың басты мәдениеті болып саналады.
Қытайдың көркемдік мәдениетінде кескіндеме өнері мен әдебиеттің арасында үзілмес сабақтастық байқалады. Өйткені, қытай поэзиясы кескіндемелік сипатта болса, кескіндеме өнері поэтикалық сарында болып келеді. Цинь Шихуанди дүниежүзіндегі ең әйгілі әскери – инженерлік құрылыс – «Ұлы Қытай қорғанының» негізін салдырған тарихи тұлға болып есептеледі.

12. Үндістанның ежелгі мәдениеті

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағыныңсуларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км². Астанасы — Дели қаласы.

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі -Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

13. Еуразиядағы көне грек өркениетінің тарихы
І. Архаикалық кезең – б.д.б. V ғ. басы;

ІІ. Аттикалық кезең – б.д.б. V-VІ ғ.;
ІІІ. Эллинистикалық кезең – б.д.б. ІV-І ғ.;
IV. Римдік кезең – б.д.б. І ғ. аяғы;

Антикалык әдебиет курсының пәні – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады.

Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі - зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.
Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады. Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және «Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер мәселесі» деп қаралады.

14. Еуразия тарихындағы ғұндардың тарихи орны
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көш иенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемді көркениеттегі орны да ерекше.Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гунруң», «хуню», «шианю», «шиұңну» секілді атаулармен берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б.з.б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. Басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Олдеректер бойыншаб. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қоластына кіреді.
2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.
Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында
қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші реет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.

15. Еуразияшылдардың еңбектеріндегі «Көшпенлілер өркениеті» ұғымы

Халықтардың ұлы көші V ғасырдағы Атилланың Еуропаға жасаған осы жорықтарымен аяқталды. «Халықтардың ұлы көшінің» тарихи маңызы - ол адамзатты құл иеленушіліктен азат етуге септігін тигізді «Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде «қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады. А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады

16. Түрік қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы

Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Иштеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».

Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды. VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары орта ғасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.

Бүгінгі Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің саналуандығын мирас етті. Ел аумағында тұратын жүзден аса этностық топтың өкілдері азиялық және еуропалық компоненттерді үйлестіретін бірегей мәдени нақышты құрайды

17. Еуразия кеңістігіндегі ХІІІ-ХVІ ғғ. арасындағы түркі халықтарының империялары.

Наши рекомендации