Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн

Жұмыссыздықпен күресу бағдарламасы. Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді.

Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету табылады.

Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылып, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2009 жылға белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалады.

Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір көлемде болып жатады. Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай мемлекеттің араласуын талап етеді.

Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысы мен әл-ауқаты деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Жұмыссыздық – Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздық пен қатар хылықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуін, жұмыс істейтін кедейлер жалақысының төмен деңгейін, коммуналдық және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, азаматтардың жекелеген санаттарының масылдық көңіл-күйін, сондай-ақ кедей халықтың қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызған жөн.

Жұмыссыздықтың деңгейі жылдан жылға әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Мысалы: 2010 жылғы 3 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға азайып, ол 6,0 пайызды, ал 2010 жылғы 2 тоқсанда - 6,6 пайызды құрады. 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,6%-ға дейін жетті, ал бұл көрсеткіш 2008 жылы 6,6% құрады ал 2007 жылы 7,3% құраған болатын. Яғни, жылдан жылға жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін байқауға болады. Жұмыссыздардың жалпы саны 2009 жылы 554,7 мың адамды, 2008 жылы 557,8 мың адамды, ал 2007 жылы 597,2 мың адамды құрады. Оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 2009 жылы 6,7%, 2008 жылы 7,4%, ал 2007 жылы 9,4% құрады. Соның ішінде әсіресе жастар жұмыссыздығы мәселесі өзекті болып отыр.

Қалай десек те, жұмыссыздық дерті – ауыр дерт. Осыншама жастарымыздың жұмыссыз болып, олардың арасында нашақорлық, түрлі қылмыс көбейе түскендігіне түк таңдануға болмайды.

Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу – тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар-намысын, абырой-беделін жоғалту деп есептеледі. Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмыссыз қалу өзінің қасірет жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен.

Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі категориядағы адамдарға дифференциалды түрде қарау көзделген. Әсіресе жастарға. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып, ол өмірге ендірілді. ҚР Президентінің 1996 жылы 6 қазанда «Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру шаралары туралы» шешім шығып, онда осы мәселелерді қарастыру көзделген.

Еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында келесідей шараларды жүзеге асыру қажет:

·2010-2015 жылдарға тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру;

·Шағын кәсіпкерліктің ары қарай дамуы үшін жағдайлар құру;

·Қала кәсіпорындарында жаңа жұмыс күшін құруға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құруда жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

·Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру арқылы жұмыс күшінің біліктілігін жоғарылату;

·Көптен бері жұмыссыз жүргендердің мониторингін жүпгізу;

·Еңбек құқығы мәселелері жөнінде жұмыссыздарға кеңес беру бойынша қызметтер көрсетуді ендіру;

·Нақты мамандықтар бойынша бос орындар жәрменкесін өткізу тәжірибесін жалғастыру және арнайы бос орындар банкісін қалыптастыру;

·Жұмыс бастылық, еңбек ақы және еңбек жағдайлары, бейімделу үрдісін қамтамасыз ету мәселерін шешуде әлеуметтік серіктестіктердің ролін жоғарылату;

·Мүгедектердің кәсіби жүйесіне инвестицияларды көбейту;

·Жаңа жұмыс орындарын құруда жұмыссыздардың құрылымын ескеру.

Елдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуде кемшіліктер, кедергілер аз емес. Мәселен, халықты жұмыспен қамту туралы заңға бір жылда екі рет өзгеріс енгізілсе, оның орындалу механизмін кешіктіру жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге кері әсерін тигізеді. Яғни, бұрынғы заңның жетімсіздігін өмір көрсетті. Кейбір мекеме, кәсіпорын басшыларының заңды құрметтеу мәдениетінің төмендігі жұмыссыздарды еңбекке орналастырғанда қиыншылықтар туғызатыны жасырын емес. Осындай сәйкессіздіктің салдарынан күнделікті жұмыста қолбайлаулар да кездесіп жатады.

Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткерлердің жалақысын арттырып, отырғанымызбен, ол бәрібір инфляция жетегінде кетіп жүр. Әсіресе, осыдан жұмыссыз отбасылар қатты зардап шегеді. Сондықтан әрбір отбасының жағдайын жақсарту және инфляция деңгейін бәсеңдету үшін адамдарды жұмыспен қамту шарт. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономика мен әлеуметтік әділеттілік негізінде жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған мемлекетіміздің бүгінгі тіршілігінің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Орытынды

Кедейлік, жұмыссыздық бір қасірет. Жұмыссыздық бүкіл дүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Жоғарыдағы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығады.

1. Бізде жұмыссыздық бар, ол мәселе шешім күтеді.

Наши рекомендации