Азақстан Республикасының кеден органдары жүйесі

1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кіріс органдары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелері, жоғары кәсіби және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.
4. Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгісі болады.
Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4-1. Кедендердің, кеден бекеттерінің және Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
Нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар кеден органдарының лауазымды адамдарының тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.

Еркін кедендік аймақ және еркін қойма режимі. Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен жүргізілетін операциялар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады. Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар және салықтар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.

Кеден құқығының құқық жүйесіндегі орны . Кеден саласы Қазақстан үшін мем/к егемендікті және тәуелсіздікті, оның экон/к қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді мем/ң қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қарғаныс және т.б. салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болды. Кеден құқығының кешендік болуы Қаз/ның құқық саласын жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Кеден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына, Қаз/н үшін кеден саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының атқаратын қызметтерінің күшіне орай дербестікке қмтылды. Ю. А. Тихомиров сияқты бірқатар ғалымдар кедендік реттеуді әкімшілік құқық институты ретінде қарастырды. Кедендік реттеуді кодификацияланған заң қабылданғанға дейін әкімшілік құқықтың пәні арқылы қарастырсақ, онда ол әуел бастан ақ қазіргі кездегі кеден ісі тәрізді мем/к монополиялық қызмет аймағы болған деп айтуға болады. кеден құқығы заңмен айқындалған құқықтық реттеудің өзіндік мәселелеріне ие. Кеден құқығы пәніне К.К. Сандровский берген анықтама өзіне көңіл аудартады: « кеден құқығына сәйкес мем/тбекіткен режимге және жалпы кеден саясатын жүргізуге байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығына қолданылатын әдіс тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген: 1)ерік беру; 2)тыйым салу; 3) міндет жүктеу.кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалармен және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды.

Декларант

Мына тұлғалар:
1) қазақстандық тұлғалар;
2) шетелдік жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде);
3) осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік ұйымдардың өкілдіктері осындай өкілдіктердің өз қажеті үшін әкелінетін тауарлардың уақытша әкелінуінің, транзитінің сондай-ақ еркін айналыс үшін шығарылуының кедендік режимдерін мәлімдеген кезде декларант бола алады.


Декларанттың құқықтары

Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де кедендік операциялар жасау барысында декларант:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға, сондай-ақ кедендік декларация мен кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттарды бергенге дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарларға берілген кедендік декларацияда көрсетілетін жағдайда оларға жеке кедендік декларация берілмейді;
2) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде, олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;
3) кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысуға;
3-1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган белгілеген тәртіппен сарапшылар тартуға;
4) өзінің құқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешіміне, кеден органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Наши рекомендации