Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу

ТАҚЫРЫП. АҚША ҚАРАЖАТЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

1. Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу

2. Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсуі мен есептен шығуы бойынша операцияларды есепке алу тәртібі.

3. Ақша қаражаттарын есепке алу бойынша құжаттама. Ақша қаражаттарын түгендеу.

Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу

Мемлекеттік мекемелер шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегiндегi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жүргiзедi

Бюджет қаражатын пайдалану нысаналы мақсатына сай қатаң жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.

Есепті кезеңдегі ақшалай қаражат ағындары туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ағындарға бөле отырып, беріледі.

Ақша қаражатымен және олардың баламаларымен жасалатын операцияларды есепке алу үшін «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімінің шоттары пайдаланылады:

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»;

1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»;

1030 «Есеп айырысу шоты»;

1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ»;

1050 «Шетелдік валютадағы шот»;

1060 «Арнайы шот»;

1070 «Өзге де ақша қаражаты»;

1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;

1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».

Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оның кассалық қызмет көрсету ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чекі бойынша қолма-қол ақша алу кезінде мынадай жазба жүргізіледі:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»

Есепке қолма-қол ақша қаражатын беру мынадай жазбамен көрсетіледі:

Дт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті.

Кінәлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы

Дт 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» бойынша

Кт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»

1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Жетіспеушілікті өтеуге мемлекеттік мекеменің кассасына соманың түсуі көрсетіледі

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»;

Кт 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер».

Мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған артық сомасы бюджет кірісі болып табылады және Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі,

бір уақытта Дт бойынша 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» Кт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек».

Бюджетке ақша қаражатын аудару көрсетіледі:

Дт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты».

Корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуды іске асыру рұқсат етілетін шығыстар мен лимиттердің экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің тізбесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен анықталған.

Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын толықтыру сомасына 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» немесе 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.

Ағымдағы шоттан кассалық операцияларды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган (есеп беретін тұлға) алған ақшаның сомасына 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебеті және 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Кассаға енгізілген ақшаның сомасына: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» дебеті және 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» кредиті жүргізіледі.

1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.

Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi: 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының дебетi және 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi. Елшiлiктер жүргiзген аударымдар 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының тиiстi қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» және 1410 «Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар» қосалқы шоттарының дебетi және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.

1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер ескеріледі.

Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ түскен сомаға 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты дебеттеледі және 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» қосалқы шоты кредиттеледі.

Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін өнім берушілерге демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ-дан қаражат аудару кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес пайдаланылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан алынатын ақшаның түсімі мен жұмсалуы ескеріледі.

Ақылы қызметтер ҚБШ-ға түскен сома 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазылады.

1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақылы қызметтер ҚБШ-дан төленген сома және мемлекеттік мекеменің кассасына алынған және кіріске жазылған қолма-қол ақша сома көрсетіледі. Бұл ретте 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3270 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі.

Бюджет кірісіне ақылы қызметтер ҚБШ-дан аударылған сома 3130 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қосалқы шоттарының дебетіне жатқызылады.

1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтаруы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір шарттар басталған кезде аудару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша қозғалысы ескеріледі.

Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да ақшаның түсуі 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Жеке не заңды тұлғаларға ақша қаражатын қайтарған не тиісті республикалық не жергілікті бюджеттерге ақшаны беру кезінде 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының кредиті және 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті бойынша жазылады.

Бұдан басқа 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында түзеу мекемелерiнiң сотталғандары орындаған жұмыстар үшiн түскен ақша көрсетiледi.

1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотында Ереженің «Валюта бағамдары өзгеруінің әсері» бөлімінің ережелеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілген валюталық операциялардың есебі жүргізіледі. Шетел валютасындағы шоттар бойынша операцияларды жасау және ресімдеу тәртібі валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік есепте шетел валютасындағы шоттарда қаражат қозғалысы және шетел валютасындағы операциялар есеп айырысу-ақшалай құжаттарды берген күні әрекет ететін валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетел валютасын қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасының валютасында көрсетіледі. Осы операцияларды есепке алу бір уақытта есеп айырысу және төлемдер валютасында жүргізіледі.

Шетел валютасын сатып алу кезінде 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.

Шотқа шетел валютасының түсуі мынадай жазбалармен көрсетіледі:

1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті, алынған шетел валютасының сомасына 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты және комиссиялық алым сомасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шоты.

Өнім берушілермен шетел валютасында есеп айырысу кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4110 «Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттарының қосалқы шоты дебеттеледі және 1050 «Шетелдік валютадағы шот» қосалқы шоты кредиттеледі.

1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотында байланысты гранттар бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша қаржы операциялары ескеріледі. Арнайы шотты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік байланысты гранттың есебінен жабу үшін және байланысты грант туралы келісімге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаларды әкімшілендіру үшін ашылады. Байланысты гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі: 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебеті, 6060 «Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті. Осы шоттағы қаражатты пайдалану 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының кредиті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» тиісті қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.

1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздар (қарыз қаражаты) бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша қаржы операцияларының есебін жүргізеді. Арнайы шот үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға және халықаралық қарыз шартына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкімшілік жүргізуге жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен жабу үшін ашылады.

Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының дебетiне, 6070 «Сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредитiне жазба жүргiзiледi.

1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотында активтерді жеткізгені үшін төлем бойынша өнім берушілер алдында туындайтын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелеріне сәйкес ашылған аккредитивтердің сомасы ескеріледі. Аккредитив ашу кезінде 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.

Пайдаланылған аккредитив сомасына 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті бойынша жазба жүргізіледі.
Аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы тиісті бюджеттік немесе ағымдағы шоттарға есептеледі: 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары қосалқы шоттарының дебетіне, 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті.

1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шотында жанар және жағар май материалдарына, тамаққа төленген талондар, демалыс үйлері, санаторийлер, туристік базаларда төленген жолдамалар, почта аударымдары үшін алынған хабарламалар, почта маркалары мен баж маркалары, еңбек кітапшаларының бланкілері және басқа ақша құжаттары ескеріледі.

1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотында шетелдік мекеменің шығындарын қаржыландыруға СІМ аударған, бірақ СІМ шетелдік мекемелерінің есептік шотына түспеген ақша қаражатының қозғалысы ескеріледі.

Шетелдік мекеменің есеп айырысу шотына жолда деп есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі: 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының дебеті және 1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотының кредиті.

1074 «Өзге де ақша қаражаты» қосалқы шотында алдындағы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты ескеріледі.

1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты мынадай қосалқы шоттардан тұрады:

1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;

1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1083 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»; 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1086 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;

1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар».

Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылдың кассалық шығындарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатты тағайындау бойынша Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:

1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1083 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1086 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.

1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шотының кредиті;

1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;

1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5012 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті.

Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге түскен сома 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоттарының, 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты қосалқы шоттарының және басқа шоттардың кредитіне жазылады.

Алғашқы құжаттардың негiзiнде қаражатты пайдалану кезiнде төлеуге берiлетiн шоттар бойынша сома 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының және басқа шоттардың дебетiне, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, ақшалай қаражаттың басқа да шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады.

Төлеуге берілетін шот негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аударған нысаналы трансферттер сомасына мынадай жазба жүргізіледі: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті.

Жалпы сипаттағы алынған трансферттер тиісті бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жеткізіледі, бұл ретте 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитті бойынша жазба жүргізіледі.

Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен жергілікті атқарушы органдардың есептері негізінде жүзеге асырылады: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті, 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті.

1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша қалдықтар (сыртқы қарыздар мен байланысты гранттарсыз) мемлекеттік мекеменің коды бойынша қаражаттың қалдығына сәйкес келуі тиіс.

Есепті жылдың аяғында бұрын кірістер құрамында ескерілген қаржыландыру сомасы мынадай тізбекпен пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар сомасына түзетіледі: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредиті.

Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» есебін және 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады.

Мемлекеттік мекеме 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеруі үшін 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді. Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылғы қаржыландырудың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатына сай бюджеттік сыныптаманың кодтарына сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:

1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті;

1092 «Күрделі салымдар бойынша міндетттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті;

1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;

1095 «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.

Активтер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттарға сәйкес төлемдерді жүзеге асыру кезінде мынадай тізбектер жүзеге асырылады:

3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» қосалқы шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті.

Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге бюджет шотына қаражат түскен кезде 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының дебетіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының, 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты қосалқы шотының және басқа шоттар кредитіне жазба жүргізіледі.

Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» есебін және 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады.

1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді.

Банктен алынған қолма-қол ақша сол күні Нысандар альбомының № КО-1 нысаны бойынша кіріс кассалық ордері бойынша мемлекеттік мекеменің кассасына кіріс ретінде тіркеледі. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін кассаға жіберілгенге дейін Нысандар альбомының № КО-3а нысаны бойынша бухгалтерия кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркейді.

Мемлекеттік мекемелердің кассалары қолма-қол ақшаны қабылдауды бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған кіріс кассалық ордерлері бойынша, соңғылары мен кассирдің қолы қойылған, кассир мөрімен (мөртабанымен) расталған түбіртек беру арқылы жүргізеді.

Кассалардан қолма-қол ақшаны беру Нысандар альбомының КО-2 нысаны бойынша шығыс кассалық ордерлері КО-2 нысаны бойынша мақсатына сай жүргізіледі.

Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін мемлекеттік мекеменің басшысы кассирге қол қойдыра отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген) Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн анықтау ережесiмен таныстыруға міндетті, содан кейін кассирмен немесе оны алмастыратын тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

Жұмыс істейтіндердің саны аз, штатта кассирі жоқ мемлекеттік мекемелерде кассирдің міндеттерін мемлекеттік мекеме басшысының жазбаша өкімі бойынша, онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасаса отырып басқа қызметкер орындай алады.

Егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер ҚБШ бойынша, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ бойынша ақшалай операциялар болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу кассалық кітапта Нысандар альбомының КО-4 немесе 440 нысаны бойынша жүргізіледі.

Әрбір кассалық ордер бойынша ақшаны алғаннан не бергеннен кейін, кассир дереу касса кітабына жазбалар жүргізеді. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир бір күндегі операциялардың қорытындысын санайды, келесі күнге қалған кассадағы ақшаның қалдығын шығарады және бухгалтерияға кассир есебі ретінде екінші жыртпалы бетті (бір күндегі касса кітабындағы жазбалардың көшірмесін) кіріс және шығыс құжаттарымен бірге, касса кітабындағы қолхат арқылы тапсырады. Кассир бір мезгілде кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын кассада нақты бар ақшамен салыстырады.

Кассалық кітаптың және Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша бюджет қаражаты бойынша жеке және демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен қаражат бойынша жеке мақсатына сай қолма-қол ақшаның, Нысандар альбомының 454 нысаны бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыруынан ақшаның пайдаланылуын бақылау кітапшаларының дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлғаға жүктеледі. Жоспарлы тағайындаулардың және төленген міндеттемелердің талдамалы есебі жоспарлы тағайындауларды және төленген міндеттемелерді ерекшеліктер бойынша бөле отырып, әрбір бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша Нысандар альбомының 294-а нысаны бойынша талдамалы есеп карточкаларында жүргізіледі. Карточкаларда бір айдағы және жыл басынан қорытындылар саналады.

Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты бойынша бюджет ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша кітапта жүргізіледі.

1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда жүргізіледі.

1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты жөнінде ақша қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны және оған қосымша берілген құжаттар бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Демеушілік, қайырымдылық көмектің жекелеген түрлері бойынша 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) жүргізіледі.

1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-33 «Ақылы қызметтердің ҚБШ қалдықтар туралы есеп», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандарының және оларға қосымша құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі.
1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу «Мемлекеттік мекеменің шотынан көшірме» 5-20, 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандары және оларға қосымша құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысаны бойынша карточкаларда (Нысандар альбомының 292 нысаны бойынша кітапта) жүргізіледі.

1050 «Шетелдiк валютадағы шот» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөнiндегi операцияны есепке алу теңгеде, Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосiнде, ал операциялардың талдама есебi Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292 нысанды кiтабында жүргiзiледi.

1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты байланысты гранттардың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (3-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.

1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шотының сыртқы қарыздар қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (2-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жазбалар екінші деңгейдегі банктің шоты бойынша үзінді көшірменің және оған қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі. 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шоты бойынша талдама есеп шығыстардың бюджеттік сыныптамасы кодтары бойынша Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.

1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) әрбір ашылған аккредитив бойынша жүргізіледі.
Жанар және жағар май материалдарына талондар (1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шоты) мемлекеттік мекеме басшысының өкімі бойынша жүргізушіге беріледі. Талондарды қайта беру алдында алынғандарға есеп тапсырғаннан кейін ғана жүргізіле алады.

Еңбек кітапшаларының бланкілерінен басқа ақша құжаттарының талдама есебі олардың түрлері бойынша Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (292 нысанды кітапта), еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке алу Нысандар альбомының 449 нысанды кітабында жүргізіледі.

Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу жинақтау ведомосінің Нысандар альбомының 381 нысаны бойынша (2-мемориалды ордер) жүргізіледі. Жазбалар «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 4-20 нысанды есептер және 5-15 «Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі» нысаны мен оған қоса берілген құжаттар негізінде жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылының төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін 2-38 нысаны бойынша төлем тапсырмасы мен аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 5-17 «Қалпына келтіру мен тасымалдар тізілімі» нысанының есебі негіз болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал жергілікті бюджеттің кірісіне бұрынғы жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аудару бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлемдік тапсырмасы негіз болып табылады.

Орталықтандырылған бухгалтерияларда жоспарлы тағайындаулардың және төленген міндеттемелердің талдамалы есебі Нысандар альбомының 294-а нысанды талдама есеп карточкаларында, бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бөлінісінде жүргізіледі. Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларындағы қорытындылар бір айға және жылдың басынан есептеледі.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының орындалуын дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жалпы жеке жоспарын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға, кассалық және нақты шығыстардың талдамалы есебі бағдарламалар, кіші бағдарламалар және бюджеттік сыныптама ерекшеліктері бойынша Нысандар альбомының 294 нысанды жоспарлы тағайындауларда және шығыстарды есепке алу кітабында жүргізіледі. Жазбалар бір күнде түскен әр құжат бойынша жүргізіледі.

Наши рекомендации