Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі

24. Нарық сәтсіздігі мен тиімділігі.

Нарықтың «сәтсіздіктері» (фиаскосы)— бұл нарықтың ресурстарды тиімді бөлуді және пайдалануды қамтамасыз ете алмауы жағдайындағы туындайтын мәселелері.

Әдетте, нарықтың «сәтсіздіктерін» сипаттайтын тиімсіз жағдайлардың төрт типі ерекше қарастырылады:

1) монополиялық іс - әрекеттер;

2) асимметриялық (жетілмеген) ақпараттар;

3) сыртқы әсерлер;

4) қоғамдық игіліктер.

Енді осындай мәселелерді шешудегі мемлекеттің рөлі мен мүмкіндіктерін, үкіметтің саяси шешім қабылдау механизмдерін қоғамдық таңдау теориясы тұрғысынан толық қарастыруға тырысамыз.

25. Микроэкономикалық талдауда қолданылатын негізгі зерттеулер әдісі.

Микроэкономикалық талдаудың келесі қағидалық белгісі – экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы. Экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе білу болып есептеледі. Бұл жерде пайда – экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып абылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.

Нарықтық экономикада пайда көбінесе ақша түрінде бағаланады, яғни ақшалай түсім немесе түсім түрінде беріледі. Ал шығындар – жұмсауға кеткен қаражаттар немесе шығындар түрінде болады.

Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ақша түрінде – табыспен көрсетуімізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығы экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.

Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі қосымша түсім мен қосымша шығындарды да салыстырады. Шекті (қосымша) түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті (қосымша) пайда оң сан болады. Сондықтан өз пайдасын мейлінше арттырғысы келетін экономикалық субъект бұнымен тоқталмайды. Жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті түсім шекті шығынға тең болғанда пайда ең жоғары деңгейге жетеді, сонда ғана рационалды (тиімді) субъект өз мақсатына жетеді.

Микроэкономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал модан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.

26. Қиылысқан икемділік мәні.

Бір тауардың бағасының пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэфицент.

27. Монополиялық билік және оны есептеу жолдары.

28. Субститут тауарлар мәні?

Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды.

29. Сублемент тауарлар мәні?

Толықтырушы...

30. Бірін-бірі толықтырушы тауарлар бағаларының өзгерісі осы тауар көлеміне әсері?

31. Бюджеттің шектеулігі.

Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.

Наши рекомендации