Vi ғасырда Қазақстан аумағында іс жүргізудің бастаулары

Іс жүргізгу сессия сұрақтарына жауаптар

Іс жүргізудің дамуы

1. Ежелгі Шығыста,Рим мен Грекияда іс жүргізу ісінің пайда болуы

Империя кезіндегі Римнің іс жүргізудің қалыптасуы шарықтау шегіне жетті.Римдіктер Іс жүргізудің күрделі құрылымын ойлап тапты,ол құрылымды тек Римде ғана емес Египетте,Грецияда сонымен қатар Римнің басқа да колонияларында қолданылды.І.ж жүйесі Римнің қоғамдық өмірінде маңызды болғаны соншалық,Римнің билік және басқару институтының кешені і.ж кешенінің бір бөлігі ретінде құрылды.Мәлімет тасушы ретінде олар ағашты,сонымен қатар керамикалық пластинкаларды қолданды.Ағаш тақтайшаларындағы құжатар,белсенді пайдаланудан шыққандықтан олар бірге жабыстырылып кодекс атты құжаттарды құрды.Барлық тақтайшалардағы кодекстер номерленіп,келесі іздестірулерге керек деген ниетпен индекстермен жабдықталды.Тақтайшалар сақталынды-Таблинумдарда.Таблинум гр.т аударғанда «тақтайшалар үйі» деген мағына берді.Б.д.д 79ж Римде Табуляриум салынды.Бұл ғимарат республикадағы құжат сақтайтын орталық болды.Табуляриумды 14 квасесторлар басқарды және де республика кезінде Римнің әрбір азаматына бұл архивке кіруі еркін болды.Соңғы жылдары Табуляриум өзінің мағынасын жоғалтып,императорлар өзінің құжаттарын депазитарияларда сақтады.Ең алғашқы Шығыстық өркениет империя дәуіріндегі Римде қалыптасып дамыды сонымен қатар Римде іс жүргізудің жалпымемлекеттік жүйесі қалыптасты.

2.Ежелгі Русьте і.ж-ң пайда болу алғышарттары

Бұл елде іс жүргізудің болғанын біз басқа елдермен болған келісім шарттардан,өздерінің заңдарынан,шығарған бұйрықтарынан,өтініштерден,ережеден көре аламыз.Ежелгі Русьте іс жүргізу Х ғасырда қалыптасып дамыды.Іс қағаздарының болғанын біз летопистерден көреміз,олар 907,911,944,971ж аралығында гректермен болған келісімшарттар.Жазу материалы ретінде олар-пергаментті пайдаланған. Ең жақсы пергаментерді Грециядан алып келген.Ежелгі орыстардағы ең бірінші заң «Русская правда».Ол ХІ ғ жасалған.Киев Русінде В. Святославич билік құраған кездері боярлар мен үлкен дружинниктердің балаларына мектептер ашылған болатын.Осы мектептерді бітіріп шыққандардан « печатник»-княз мөрлерін сақтайтын адамдар, «металник»-сот хатшылары,жазушылар,дьяктар осы лауызымдарға адамдар таңдайтын.Осы жылдары құжаттың заңдық қатынасы қүшейіп,грамоталар мен өсиетнамалардың түрлер пайда болады.Бұл елде іс жүргізуге қатты көңіл аударған.Еі маңызды деген құжаттарды шіркеулерде сақтағанСол кездегі құжаттарды славян тілінде жазған.Іс жүргізетін арнайы адам болған,оны дьякдеп атады.Князьдар өздерінің маңызды деген құжаттарын арнайы жерлерде сақтаған.Әсіресе мөрге қатты мән аударған,мөрді сақтайтын адам болған,оны печатникдеп атады.Бұл елде сот жүйесі де жақсы дамыған.Соттың жанында арнай ыхатшылар отырған.Оларды металлник деп атады.Сонымен қатар орыстарда жылнама жазу да болған.

3.Ежелгі түріктерде і.ж орын алуын дәлелдеңіз

Күлтегін ескерткіштері, Орхон-енисей руналық жазбалары немесе түрік бітіктастары деп атап жүрген тас жазбалардың мазмұнында да ежелгі түрік тайпаларында іс қағаздарының болғандығы жөнінде мәлімет береді.Мәселен,бұл жазбаларда жарлықтар,бұйрық,үндеу несе жолдау,ереже,заң(төрүг ),т.бсияқты ресми іс қағаздарының жазылғандығына тас жазбаларды оқу арқылы көз жеткізуге болады.Бұйрыққа мысал келтірсек«екі арадағы қарусыз көк түріктерді осылай қоныстандырыңдар(Білге қаған айтты,бұйрықтары да білгір өзі де ер болған)».Бұл Күлтегін ескерткішінен алыған бұйрық.

Түріктерде арнайы іс қағаздарын жүргізетін арнайы адам болған оны-бітікші деп атады.Бітіг сөзінің мағынасы хат деген мағына береді,яғни түріктерде ресми хат жазу дәстүрі қалыптасқан.Жарлықтар сан жағынан өте аз болғандықтан,көлем жағынан да шағын болып келген.Жазу материалы ретінде-пергамент пайдаланылды.Белгілі бір құжаттарды дайындауда мөр пайдаланылды.

VI ғасырда Қазақстан аумағында іс жүргізудің бастаулары

VI ғасырда Қазақстан аумағында Түрік қағанаты құрылды.Сол кезеңдерде Түрік қағанатында іс жүргізудің элементтерінің пайда болуын- “Орхон-Енисей”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” бітік тастарынан көре аламыз. Түркі бітік тастарындағы жазулар үлкен тастарға қашалып жазылған.

Орхон ескерткіштері (VII-VIII ғғ.)Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі түрік мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас-Орхон ескерткіштері(VIII ғ.) жайында, Білге Қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке арналған құлыптастағы жазулар жайында болмақ.Бұл ескерткіштер Селенге, Орхон өзендерінің бойынан табылған. Көздің жасымен, жүректің қанымен құлыптастарға қашалып тұрып жасалып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің не бір көне үлшгілерін көреміз.Онда VIII ғасырдың іргелі мемлекеті-Түрік қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суреттелді

XVIII ғасырдың басы еді.Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты.Бір кезде сонау көз ұшынан булдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды. “...Зәулім тастар, белісіз таңбалар, тас болып қатып қалған адамдар... Әйтеуір, ұзына юойы созылған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ.Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ әлде адамның сиқырлы қолынан туған құдірет пе?!” Содан бері үш жүз жылдай уақыт өтті, бірақ ол меңіреу тастар “Орхон ескерткіштері” аталып, дүние жүзі ғалымдарынәлі күнге дейін тамсандырып келеді

Орхон ескерткіштеріндегі құпия жазуларды алғаш рет орыс ғалымы Н.Ядринцев оқыған болатын.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама береді: “Биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені - 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген.Тастың төрт жағы бірдей жазылған.Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған” (Н.М.Ядринцев. Отчет и дневник о путешествии по Орхону в южный Хангай в 1891 г. / Сб. Трудов Орхонской экспедиции.V т. - СПб, 1991. - II т.) [1.26].

В.Томсен Орхон жазбаларын қалай ашады?

Ол үшін Томсен екі шеткі таңбасы бірдей (ұқсас), ортаңғысы одан бөлек

Түркі халықтары ру, тайпа күйінде жасаған ерте кездерде көне түркі жазу дәстүріне ие болса да, кейінгі дәуірлерде мәдени даму дәрежесі жағынан да басқа халықтардан артта, кежелеп алғандығы мәлім[2.20]. Түркі тайпаларының өз тарихын анықтауда Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі материалдар көмектеседі.Ежелгі түркі тайпалары туралы мәліметтер өте аз. X ғасырдан бастап түркі тайпалары туралы мәлімет орыс жылнамаларында кездесе бастайды [2.21 ].

Наши рекомендации