Тақырып 13. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау

1.Инвестицияларды жоспарлау мен талдау

2.Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар

3. Зиянсыздық нүктесі және маржиналлды табыс.

Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе іс жүзіне келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт. Біздің кәсіпкерлеріміздің бұрын-сонды нарықтық экономикада өмір сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлім.

Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау әдістері, әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VINDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобаларың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Бүгінгі таңда «Кеш-Флоу» талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың «классикалық» әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінде қолданылатындығына байланысты болып отыр.

Cash-Flow (Кеш-Флоу) дәл тәржімалағанда «бар ақша ағымы» деген мағынаны білдіреді.

Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: «Бухгалтерлік баланс», «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есер» және «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп». Алғашқы құжат, кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес, нақты мерзімдегі, мысалы, 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс, белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді.

Баланс, егер де көлденен нысанды жасалған болса, екі жақтан құралады: актив (сол бөлігі) және пассив (оң бөлігі), олардың қосынды мәндері үнемі өзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншіншігіндегіні көрсетеді. Пассив кәсіпорынның кімге, қанша қарыз екендігін көрсетеді.

Жобаның үш түрлі вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарастырып өтелік.

Инвестициялық жобаның үш вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп

Баптын атауы Инвестициялық жобаның варианттары
өнімді өткізуден түскен түсім
Айнымалы шығындар негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны
Жалпы табыс
Кезең шығындары (тұрақты шығындар)
Негізгі қызметтен түскен табыс
Негізгі емес қызметтен алынған табыс
Қалыпты қызметтен алынған
Табыс салығы
Таза табыс

Ықтимал табыстар мен шығындарды сипаттайтын варианттарда кестенің кез келген жолында байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы мәнді міндетті түрде өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен кәсіпорынның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей таьыс табу болып табылатын басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.

«Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» кәсіпорын қызметі үш негізгі салаға бөлінген:

1. операциялық

2. инвестициялық

3. қаржылық

Кәсіпорынның қаржылық қызметі «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» көрініс табады.

«Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде сатып алынған активтер үшін төленген барлық төлемдер көрсетіледі, ал түсу көздері ретінде өндірісте қолданылмай тұрған, ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсім болып табылады.

«Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде түсімдер есебінде кәсіпорын иелерінің салымдары, акционерлік капитал, ұзақ және қысқа мерзімді қарыздар, алымдар бойынша пайыздар есептеледі.

«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.

Әрине кәсіпорын капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш баланс кәсіпорын қызметінің барлық кезеңінде оң бөлген уақыт аралығында теріс шаманың болуы кәсіпорынның банкрот екендігін көрсетеді.

2. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.

Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін екі негізгі топқа бөлуге болады.

Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткіштері.

Екіншісі – инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.

Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолдайды, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерге сату көлемін өзгерткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болаған жағдайда оның кәсіпорыны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқандай, зиянсыздық нүктесін табу қажет.

3. Зиянсыздық нүктесі - кәсіпкердің өз шығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.

Зиянсыздықты талдау мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

*шығындарды жауап, қажет мөлшерде табыс алуға мүмкіндік беретін сату көлемі;

* кәсіпорын табысының өнім бірлігінің бағасының, тұрақты және айнымалы шығындардың өзгерісіне байланыстылығы;

* жалпы шығындарды жабу үлесіндегі әрбір өнімнің маңызы.

Зиянсыздықты талдау әдісін пайдалануда бірқатар шектеулерді ескеру қажет:

1. өнім бағасы есепті кезең бойына үнемі тұрақты болып есептеледі.

2. Бір ғана өнім талданады, ал егер бірнеше өнім болса, аралас сауда тұрақты деп есептеледі.

3. өндірістік тиімділік есепті кезең бойына үнемі тұрақты болып саналады.

4. Кезеңнен-кезеңге өтердегі өндірістік қорлардың өзгерісі ескерілмейді.

5. Жиынтық тұрақты өндіріс шығындары да тұрақты деп саналады.

Зиянсыздықты талдау көмегімен тәуекелдің бір көрсеткіші болып табылатын қауіпсіздік диапазонының деңгейінесептеуге болады.

Инвестициялық жобаларды қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әідістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі денгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады. Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған.

Кәсіпекердің мәселелері жобаны жасау мен оны тиімділігің талдаумен бітпейді. Сонымен қатар, инвесторларды жобамен жете таныстыруы, мұны тиімділігіне олардың көзін жеткізуі, сондай-ақ, жобаның тиімді іске асуын қамтамаыз етуі керек болады. Дегенмен, бұл міндеттер қатарында, стратегиялық жоспарлау Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030» жолдауы тұрғысынан алағанда, нарық жағдайында оны бірінші рет іске асыратын біздің көптеген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады.

Наши рекомендации