Тақырып. Әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесі.

Мақсат: әлеуметтік саясаттың шетелдік түрлерін жалпылыама мінездеу.

Негізгі түсініктер:жүйелілік принцип, нақтылыққа көшу методы, абстракция, теория, практика ұғымдары

Жоспары

Леуметтік саясат модельдері

2. Әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесі.

Леуметтік саясат модельдері

Леуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық.

Әлеуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың патерналистік моделі директивті экономикада және социалистік елдерде іске асады. Я. Корнайдый анықтауы бойынша патернализм моделі дегеніміз - бұл орталық басшылықтың экономикалық жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай болмасын құралын қолдануға ұмтылады. - Бір жағынан қарағанда, мемлекет әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін қажетті ресурстардың негізгі массасын өз қолында шоғырландырады, жинайды, топтастырады және қоғам мүшелерінің неғұрлым елеулі қажеттіліктері бойынша оларды үлестіреді. Алайда, тоталитаризмдік басқару жағдайында патернализм озбырлыққа, бақыланбайтын бюрократияға айналады, ол өз кезегінде жемқорлықтың пайда болуына, тиімсіз шешімдердің қабылдануына, азаматтардың жеке өмірлеріне мемлекеттің басып енуіне алғышарт жасайтын болады. Патернализмнің бұдан да жаман зардабы азаматтардың әлеуметтік енжарлылығының өсуі, бүкіл әлеуметтік проблеманы шешуде “жоғарғы инстанция” ретінде мемелектке үміттенуі;

- Патернализм моделінің тағы бір сипаты-өндірісті қатаң директивті реттеу, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді бөлу мен айырбастау;

- Патернализм моделінің үшінші сипаты-этатизм, яғни әлеуметтік сфераны, оның бөлек салалары мен мекемелерін мемлекеттендіру. Этатизм патернализмнің жалғасы болып табылады және әлеуметтік сфераның қызмет етуіне тікелей араласады, сонымен қатар бәсекелес немесе әлеуметтік проблеманы шешуде ынтымақтастықты ұсынатын қандай болмасын субъектіні ығыстырып шығарады;

- Төртінші сипаты-әлеуметтік сфера салаларындағы нарықтық қатынастардың мүлдем әлсіз дамуы, көбінесе болмауы. Болса да даму деңгейімен салалар бойынша айрықшаланауы. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында төлем нысандары кездеспейді және олардың дамуы үшін ресурстар мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және кәсіпорын қаржысынан бағытталады. Мәдениет, байланыс, дене шынықтыру, жолаушылар көлігінде нарықтық қатынастар модифицирленген, яғни түрленген нысанды иеленді. Бұл жерде төлем нысаны ескерілді, бірақ та бұл салалардағы қызметтердің өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағалар орнатылды. Салалардың үшінші тобында-сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетуде жекеменшіктің үлесі болғандықтан нақты нарықтық элементтері тарихи сақталған болатын, ал бұл салалардағы ерекше белсенді нарықтық қатынастар “көлеңкелі” экономика нысанында болуы, “қара” және “сұр” нарықтарының қызмет түрінде дамуы;

- Бесінші сипаты-эгалитаризм – материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынудағы теңділік. Маңызды әлеуметтік игіліктен мен жұрттың қолы жететіндіктей қамтамасыздандыруда оң рөлді иеленеді. Біздің елімізде оның негізінде жалпыға бірдей сауаттылық, миллиондаған адамдарға тұрмыс жағдайының жақсаруы, көптеген аурулар бойынша ауыршаңдылықтың төмендеуі, өмір сүру деңгейінің өсуіне қол жеткізілуі;

- Алтыншы сипаты-кепілденген жаппай жұмыспен қамту. Жалпы айтқанда, қоғам дамуының белгілі кезеңінде әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдірудің тежеуіші болып саналады.

Шведтік модель. Бұл модельдің маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтар мен халық қабаттарының ынтымақтастығы, тілектестілігі, бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл мүшелерінің мүддесін тең қорғауды өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық ұсынылатын игіліктер мен қызметтердің жоғарғы сапасымен бірге швед мемлекеті жағынан көп шығынды талап етті. Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы сапа мен әлеуметтік қызметтердің қол жетерлігі тән. Оған мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығыстарынан шамамен 40 пайызы шығындалады. Бұл жағдай швед моделін – рестриктивті (шектеулі) сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың жеке табыстарына және кәсіпкерлердің табыстарына тиесілі және мемлекеттік бюджетке бірінші бөлінген табыстардың көп бөлігін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті салық жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Қатаң салықтық жүйе жоғарғы сапалы әлеуметтік қызметтердің кең желілерін күшейтуге және түрлі трансферттік төлемдер түрлеріне қаржылық база болып табылды.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

Наши рекомендации