Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқықтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.

Қайтарып алынатын облигациялар – эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төреуге құқық береді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым «қайтару бағасы» төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.

Жинақталған қор облигациялары –бұл пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу кең партиялармен сатылап жүргізілумен қатар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналды құнның бір бөлігі эіне жылдық пайыз кіреді.

Ұрғаймалы облигациялароны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.

Қысыңқы облигацияларұстаушыларына белгіленген шығару шартына облигацияны тапсыруға құқық береді.

Сериялы облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғарылатуды қамтамасыз етеді.

Айырбасталатын облигациялар –инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге сәйкес, облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбастауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады.

Ордерлі облигациялар (жыртылатын облигациялар) –жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай – ақ облигациялар акциямен сатылуы мүмкін, мұнда сауданың танысал қағидасы «жүктеме» қолданылады.

Облигацияның рейтингі –бұл олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы болып табылады. Әлбетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбайды, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ – та, мысалы, «Стэндарт энд пур» және «Мудиз инвесторз сервис» компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Мудиз» компаниясы облигацияны бағалауда төмендегі түрде жүргізеді:

· Ааа - өте жоғары сапа;

· Аа – жоғары сапа;

· А – ортадан жоғары;

· Ваа – орта сапа;

· Ва – алыпсатарлық элементтері бар;

· В – инвестицияға қажет белгілері жоқ;

· Саа – төмен сапа;

· Са – белгілі бір мөлшерде арыпсатарлық;

· С – ең төмен сапа.

Ең жоғарғы рейтигілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төмен рейтигілі облигациялар «алыпсатушылық» деп есептеледі.

Акция сияқты облигациялардың да номинал құны мен нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның бағамыдеп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылады деп айтылады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, проценттік табыс оның номиналына байланысты есептелінеді.

Акция сияқты облигацияның да номинал құны және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның бағамыдеп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылатындеп аталады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, проценттік табыс оның номиналына байланысты есептеледі. Облигация номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы мүмкін, мысалға, 100 тенгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизажиодеп атаймыз. Оған қоса, облигацияның өтелуі кезінде келісім бойынша номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын, яғни 100 тенгенің орнына 104 тенгеге сатылуын айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио деп атаймыз. Ажио облигацияның өтелу мерзіміне сәйкес келгенде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.

Ол облигацияның ажио және дизажио пайызына негізделетін табысының сомасы облигацияның сатып алу шартына баға берудегі маңызды көрсеткіш болып келеді. Іскерлік әлемде бағалы қағаздармен түсетін табысты рендит сөзімен бейнеленеді. Тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар рендиті мынадай формуламен есептелінеді.

Рендит=номиналдық пайыз/ эмиссиялық бағам *100

Тұрақты пайыздық облигациялар немесе басқа да бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама тқменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі облигацияны сатып алудан, сондай-ақ жаңа үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан, ол не зиян шегеді немесе ұтады.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ильясов К.К., Мельников В.Д. Қаржы. Оқулық. – Алматы, Экономика, 1994

2. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. М.: 1996 ж.

3.Рынок ценных бумаг и его финансовые институты/ уч. пособие под ред. Торкановского В.С. – 1994 ж.

4.Рынок ценных бумаг/ уч. пособие под ред. Галанова В.А., Басова А.И. М.: 1997 ж.

5.Рубцов Б.Б. Зарубежные фондовые рынки: инструменты, стуктура, механизм функционирования. М.: - 1997 ж.

6.Килячков А.А., Чалдаева Л.А. Практикум по российскому рынку ценных бумаг/ уч. пособие. М.: - 1997 ж.

Теориялық білімдердің бақылау сұрақтары:

  1. Облигациялардың жалпы сипаттамалары
  2. Облигациялардың жіктелуі
  3. Облигациялардың табыстылығы

СОӨЖ на арналған тапсырма:

  1. Облигациялардың табыстылығын айқындайтын көрсеткіштерді анықтаңыз
  2. Облигациялардың сату түрлерін анықтап, оның тиімділігі мен кемшіліктерін сызба түрінде көрсетіңіз

Наши рекомендации