Ойдың шыққан жабайы тектері

Ойдың шыққан жабайы тектері - student2.ru Қолда өсірілген үй қойлары жабайы қой тұқымдас малдардан үйретіліп шығарылған. Қазіргі кезде Натузус, Северцов, Насонов, Эверсам, Лейдеккер, Кюн, Неринг, Паллас, Келлер және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми тұжырымға тоқтады: дүние жүзіндегі барлық қойлардың шыққан тегі қазіргі кезде табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан муфлон, арқар, арғали және жалы бар жабайы қойлар. Бұлардың бәрі де қойменен шағылысқанда жақсы ұрпақ береді.

Ойдың шыққан жабайы тектері - student2.ru Муфлон – бұл жабайы қойлар, қазіргі кезде Жерорта теңізінің Сырдария, Корсика аралдарында, күнгей Кавказдың таулы аудандарында, Иран, Түркия тауларында өмір сүреді. Муфлондар жүрдек, таудың қолайсыз жағдайына төзімді, дене бітімі берік болып келеді. Түр-түсі қызғылттау, қоңыр-қошқыл қылшық жүнді, өте қатты болып келеді, оның астында өте жіңішке түбіт жүні болады. Салмағы шағын, қошқарлары 60-70 кг тартады. Муфлоннан Доман, Шотлан т.б. қысқа құйрықты қой тұқымдары таралған деп есептелінеді.

Арқар - Арал және Каспий теңіздері аралығындағы үстіртте, Қазақстанның, Орта Азия таулы аймақтарында кездеседі. Ұзын жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегі осы Арқар болып есептелінеді. Арқар муфлоннан ірілеу салмағы 80-85 кг дейін тартады. Қылшық жүннің астында түбіт өседі, түр-түсі қызғылт-қошқыл болады.

Ойдың шыққан жабайы тектері - student2.ru

Арғали - құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қой тұқымдарының ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кг, ал аса ірілері 240 кг-ға дейін барады. Орталық Азия, Сібір тауларында, Сарыарқа, Ұлытау, Жоңғар тауларында кездеседі. Құлжасының мүйізі үлкен, түбі жуан, жалпақ, дене түсі сұр, бурыл, қылшық жүнді болып келеді.

Ойдың шыққан жабайы тектері - student2.ru

Жалы бар жабайы қойлар – Солтүстік Африкада әлі де жабайы түрде өмір сүреді. Олар өте ірі, биік, денесі мықты, басы ұзынша, маңдайы жалпақ, мойны қысқа болып келеді. Ерекшелігі мойнының астыңғы жағында және алдыңғы аяқтарында ұзын жалы түсіп тұрады. Кейбір ғалымдар бұл қойды Африкада өсірілетін қойлардың арғы тегі деп есептейді.

Қазіргі табиғатта бар қойдың жабайы тектерінің барлығын ғылыми түрде талдап-тұжырымдап, үлкен екі түрге бөлген (Калкин, 1970). Оның біреуі – жуан мүйізділер. Бұл жабайы қойлар Солтүстік Батыс Америка мен Солтүстік Шығыс Азияда да тараған. Екіншісі, жабайы қой түрі – Азия, Африка және Еуропада тараған жабайы қойлар муфлон мен арғали. Бұлардың жергілікті жағдайға байланысты ерекшеліктері бар 36 нәсілі анықталған. Олар муфлоннан тараған кипрлік, анатомилік, кавказдық, исфахандық, ларистандық, пенджабтық, белудтистандық, тәжіктік, бухарлық эльбрустық, ауғандық қызылқұмдық, ауғандық, қызылқұмдық болып бөлінсе, Арғалидан тараған нәсілдер қаратаулық, тянь-Шяньдық, памирлік, солтүстік қазақстандық, батыс тибеттік, гималайлық т.б. болып бөлінеді. Сол сияқты жалды қойдан шыққан тұқымдарда баршылық.

Ең басты биологиялық тұжырым – осы табиғатта бар жабайы қойлардың барлығы да үй қойларының қай-қайсысымен шағыластырса да өміршең ұрпақ береді. Ал, ешкі және оның жабайы қой тегімен шағылыстырғанда ешқандай да ұрпақ бермейді.

Қой тегінің қазіргі табиғатта бар түрлері мен нәсілдерінің барлығына тән келбетінің сұлулығы, денесінің мықтылығы, аяғының еттілігі, басының кішілігі және сүйектілігі, көзі ашық, құлағы тік, қысқа құйрығы, қысқа аталығының мүйізі үлкен және артына қайырылған. Ал аналығының ішінде мүйізсіз тоқалдары да кездеседі.

Жабайы қойдың жүндері аса терең зерттелмеген. Негізі олардың денесінде өсетін түктің екі түрі бар. Ұзын болып өсетін қылшықты және төменгі жағында өсетін түбіт жүнін ажыратады. Олардың қатынасы өзгеріп тұрады. Қыста жүндері қалыңдай түссе, жонға қарай түлейтін кездері де болады. Жүндерінің түсі мал түрі мен нәсілдеріне қарай әр түрлі яғни көбінесе қоңыр, қызғылт болып келеді. Бүйірі мен қабырғасында ақшаң, бозғылт түстілері де кездеседі. Бір қылшықтың ұзына бойы әр түрлі болып та келеді. Астыңғы жағы боз-сары және оның ұшы қара болатыны да бар. Сондықтан, қозылар қара болып туып, өсе келе қоңыр түске айналады. Бұлардың барлығы да жабайы қойлардың жаратылысынан өміршеңдігін, мықтылығын, қоршаған ортаның қатаңдығы мен шұғыл өзгеріске көнбістігін көрсететін құбылыстар.

Қойдың қолға үйретілуіне байланысты табиғатындағы өзгерістері.Үй малдарының барлығы да өзінің жабайы тегімен салыстырып қарағанда көп өзгеріске ұшыраған. Сол сияқты қойдың табиғаты да өзгереді, оның барлық ағзалары мен жүйелері де өзгеріске ұшырады. Ең алдыменен оның жүріс – тұрысы, тәртібі өзгереді. Қой адамның дегеніне бағына бастайды. Соның нәтижесінде баптап бағуға көніп, бағытты айдауға, байлауға, қолға ұстауға, саууға, жүнін қырқуға үйренді.

Сонымен қатар, оның сезім ағзаларының жұмысы баяулап, кеміп, басылады. Көзінің өткірлігі, құлақтарының дыбысты есту дәрежелері төмендеді. Аталықтары мен аналықтарының сырт көрінісінің ерекшеліктері бәсеңдеп, қошқары саулығына ұқсас болды, жыныстық мезгілі маусымдық емес, жыл он екі айға созылатын және жүні көктемде түлемейтін болды. Сол сияқты көптеген шаруашылыққа пайдалы, бейім қасиеттері пайда болды ал пайдасыз, зиян қасиеттері жойылды.

Кейбір қой тұқымдарында төлшілдік қасиеті өте жақсарды. Оның нәтижесінде әр жүз саулықтан 150-200 қозыға дейін алуға мүмкіндік туды. Қойдың дене құрылымында өзгерістер пайда болды. Көптеген жүнді, етті қой тұқымдарының аяқтары қысқарды, дене бітімі өзгеріп, баяу жүріп, жай қимылдауға көшті. Сүйектері жалпақтанып, олардың кемік бастары ұлғайып өсті. Ол сүйектерге бекітілетін еттердің сіңірі азайып, бұлшығы көбейді.

Үй қойы мен жабайы қой тегінің жүнін салыстырғанда үй қойларының терісінде жүн беретін фолликулалары аз немесе жоқ болып, олардың ортасындағы түтікшелері жойылады екен де, орнына аралық талшық көбейіп, түбіт талшықтардың өздері жуанырақ болады екен. Нәтижесінде қой терісіндегі жүнді тұтастай алғанда биязылануына ұяң жүн береді, ал, биязы жүн беретін қой тұқымдарында тек қана түбіт талшықтары пайда болып, түгелдей біркелкі биязы жүн өседі. Қолда өсірілетін қойдың жабайы тектерінен ерекшеліктерінің ең бастысы – жүн өнімдерінің жоғарылығы. Жабайы қойларда пайдалы жүн өндіру мүмкін емес, себебі ондай жүн оларда өспейді.

Қолға үйретілген қойларда адамның өсіру, бағу әдістерінің нәтижесінде, сонымен қатар, қоршаған ортасының өзгеруіне сәйкес, мүмкін мутация нәтижесінде қой терісінде өсетін жүн мүлде өзгеріп, өнімді пайдалы құбылысқа ұшыраған.

Археологиялық, зоологиялық және гистологиялық зерттеулердің нәтижелері жүндес қойлар бірнеше мыңдаған жылдар бұрын жүнсіз қойлардан біртіндеп пайда болған деп болжайды. Адам алғашқы кезде жүнді пайдаланудың жолын білмеген. Кейін, жүн пайда болғаннан соң ғана ол өнімді пайдаға асыруды үйреніп, жүндес қойларды тездетіп көбейту жолдарын іздестіре бастаған деседі.

Солай біртіндеп қойды селекциялау жолын ашқан болуы тиіс. Осы айтылғандарды Рейдер (1961, 1962) өзінің зерттеулерімен дәлелдейді. Ол үшін Рейдер көне тарихи кезден табылған жүндер мен терілерді зерттеп шығады. Алдымен ол жабайы қойлардың терілерінен бірінші реттегі жүн фолликуларынан дамып өскен ұзын қылшық талшықтарды және екінші реттегі жүн фолликулдарынан өскен қалың да қысқа биязы талшықтарды анықтаған. Содан бірте – бірте өзгерген қойлардың жүн мен терілерін тексере келе олардың терісінде бірінші реттік фолликулалардан өсіп шығатын жүн талшықтарының өзгеріп биязыланатын, екінші фолликулалардың көбейіп, қалың және ұзын биязы жүн өсетіндігін анықтаған. Рейдер Алтай таулары маңындағы мұз дәуірінен қалған Скифтардың жаңа дәуірге дейінгі 4-5 ғасырдағы обалардан жақсы сақталған тері мен жүндерді зерттегенде, олардың терісіндегі өсіп тұрған жүннің жіңішкелігі орта есеппен 21 мкм болған.

Арқар мен үй қойларының қозыларының ана құрсағынан бастап дамуын зерттегенде (С. Н. Боголюбский, 1956) арқар төлдің терісі 2 есе жұқа болған. Ересек арқар терісінің қалыңдығы 1673 мк болса, гиссар, меринос қойларының тері қалыңдығы 2500-2100 мк-ға жеткен. Арқар терісінің тор қабаты пилярлы қабатынан көп қатты дамыған болса, мериностар мен прекос қойларда керісінше болған. Сондықтан олардың ара қатынасы арқарда 0,80-0,90 болса, прекоста 2,38, мериностарда 2,30 болған. Екінші реттегі фоликулалардан өсіп шыққан жүн талшықтар қатынасы арқарда 3,3; Еділбай қойларында 4,5; Романов қойында – 5,7; мериностарда 13,3-17,3 дейін болған. Үй қойларының ерекшеліктерінің бірі - қой құйрықтарының әр түрлігі. Тағы қойлардың барлығының құйрығы қысқа және майсыз келеді. Ал үй қойларының құйрықтары әр түрлі: ұзын майсыз, ұзын майлы, қысқа және құйрықты қойлар бар. Құйрығының омыртқа саны 4-8см-ден бастап 2м4-30 дейін барады және денесінде де әр түрлі болады. Ол өзгерістердің барлығы да қоршаған ортасына, ондағы ауа райы, адамның бағып-күту, іріктеу-сұрыптау жұмыстарына да байланысты болған болар.

Үйде үйретілген қойлардың мүйіздері өзгеріске ұшырағаны байқалады. Әсіресе, үй қойлары үлкен мүйізден айырыла бастады, ал саулық қойларда мүйіз мүлде болмайтын болды. Үй қойының ішкі ағзалары да өзгеріске ұшырады. Үй қойының жүрегі үш бұрыштылығын жойып кеңіп дөңгелене түсті, еттерінде майлар пайда болды. Өкпе, бауыр, бас миында осындай өзгерістер пайда болды қойдың үркектігін, асаулығын, қашағандығын басып, оны отарлап бағуға мүмкіндік және өнімділігін жоғарылатып, адамға қажет өнімдерді молынан бере бастады.

Наши рекомендации