Дала облысын провинцияларға бөлу

КСРО территориясындағы далаларды ботанико-географиялық аудандастыру туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Алыс шетел авторларының (Grisebach, 1872, 1884, Drude, 1890; Engel, 1912; Brunu-Blanquet, 1923, 1928; Walter, 1927 және т.б.) және орыс авторларының (Танфильев, 1897; Коржинский, 1899; Кузнецов, 1912; Берг, 1913; Крылов, 1912; Комаров, 1923; Крашенников, 1925; Алехин, 1931, 1936 және т.б.) жұмыстары және т.б. жұмыстар бар.

Е.М. Лавренко (1940) далаларды макроаудандастыру жұмысын жасады. Біздер тек дала облысын провинцияларға бөлудің «КСРО геоботаникалық картасында» (1956) берілген және Е.М. Лавренко (1970) енгізген түзетулерімен вариантына тоқталып өтеміз.

Ең алдымен Еуразиялық дала облысы бөлінеді, оған орманды дала да кіреді. Ол облыс батыстан шығысқа қарай тар алқап болып төменгі Дунайдан солтүстік-шығыс Қытайдағы Сунгара өзенінің ортаңғы ағысына дейін және оңтүстік Қытайдың сарғылт саздақ (лесс) жотасына дейін Румынияның жазықтығын және аласа тауларын, КСРО-ның Еуропалық бөлігін, Батыс Сібірдің және Солтүстік Кавказдың оңтүстігін, Монғолияның орта бөлігін және Даурияны алып жатыр.

Дала облысы өз кезегінде 2 облыс тармағына бөлінеді:

А) Қара теңіз маңы – Қазақстан даласы

Б) Орталық Азия даласы

Ары қарай облыс тармақтары 4 провинция блогына, 9 провинция және провинция тармақтарына бөлінеді:

А) Қара теңіз маңы – Қазақстан даласы облыс тармағы.

Бұл облыс тармағы орманды далада негізінен балқарағайлы орманның (қарағайлар тек жеңіл топырақтарда) болуымен сипатталады. Шөп қабаттарында қауырсынды қаулар (Pennatae қатары) басым. Оңтүстік далаларда эфемероидтар (әсіресе Poa bulbosa) және эфемерлер көбірек кездеседі. Бұл облыс тармағы 2 провинция блогына бөлінеді.

А-1. Шығыс Европалық блок 3 провинцияға бөлінеді:

1. Балқан-мезиск орманды дала провинциясы. Карпаттың шығыс және оңтүстік сарғылт-саздақ жазықтығын алып жатыр.

2. Шығыс Европа орманды даласы провинциясы Прут өзенінің алқабынан Орал тауына дейін созылады.

Бұл провинция 3 провинция тармағына бөлінеді:

а) Орта Днепр орманды даласы (Орта Днепр бассейні Украинаның шығыс шекарасына дейін).

б) Орта Орыс (Жоғарғы Дон) орманды дала (Жоғарғы Дон бассейні және көршілес Ока өзені бассейнінің бөлігі).

в) Каспий-Волга орманды дала (Кама және Волгадан оңтүстігінен батысқа қарай және шығысында Белая өзеніне дейін).

3. Қара теңіз маңайы (понтикалық) даласы провинцияға алдыңғыдан (№ 2) Қара теңіз және Азов теңізі жағалауына дейін Қырым және үлкен Кавказ таулары етегіне дейін. Батыстан шығысқа қарай Төменгі Дунайдан Волга өзені бассейніне дейін екі провинция тармағына бөлінеді:

а) Азов-Қара теңіз маңайы даласы Дунай, Днестр, Днепр, Дон және Кубан өзендері төменгі ағыстары бассейнін және Қырымның жазықтық бөлігін қамтиды.

б) Орта Дон даласы Дон өзенінің Орта және аз да болса төменгі Донның бассейнін қамтиды. Донның оң жағалауынан Волганың оң жағалауына дейін және Ергения биіктігін қамтиды.

А-2. Батыс Сібір Қазақстан блогы екі провинцияға бөлінеді:

4. Батыс Сібір орманды даласы провинциясы кең алқап болып Оралдан Кузнецк Алатауына дейін созылады.

5. Волга-Қазақстан даласы провинциясы – төменгі Волга және төменгі Дон алқаптарынан Оңтүстік Батыс Алтай және КСРО және КНР шекараларына дейінгі жерді алып жатыр. Бұл провинция 4 провинция тармақтарына бөлінеді:

а) Волга-Батыс Қазақстан даласы (батысында Волга және Ергениядан шығысында Торғай жотасы жазықтығына дейін Қазақ ұсақ шоқыларының батыс шетіне дейін.

б) Шығыс Қазақстан даласы – Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының солтүстік бөлігі даласын қамтиды.

в) Қалбы-оңтүстік Алтай тауы даласы

г) Тарбағатай-Сауыр тауы даласы

Б) Орталық Азия немесе (Дауыр-Монғол) даласы облыс тармағы.

Орманды дала бөлігінде балқарағай немесе қарағай ормандары болуымен сипатталады. Шөп қабатында тырса тәрізді (Capillatae қатары), ал шөлді дала аймағы тармағында – сақалды (Barbatae) қаулар басым. Эфемероидтар мен эфемерлер кездеспейді. Бұл облыс тармағы 2 провинция блогына бөлінеді.

Б-1. Дауыр-Монғол блогы екі провинцияға бөлінеді.

6. Хангайск-Дауыр тауы орманды даласы провинциясы.

7. Монғол даласы провинциясы.

Б-2. Маньчжурск-Солтүстік-батыс Қытай блогы екі провинцияға бөлінеді.

8. Маньчжурск даласы провинциясы

9. Шэньсийско-Ганьсуйск орманды дала және дала провинциясы

Наши рекомендации