СӨж тақырыбының жоспары

Ф КГМУ 4/3-01/01

ИП №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

БЕКІТІЛДІ

Қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі,

фармация және медико-профилактикалық ісі

факултетінің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде

«___» «____» 2009 ж.

Хаттама № ___

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Молекулярлық биология және медициналық генетика

MBG 1201

Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағат көлемі: 90 (2 кредит)

Курс: __1___

Семестр: __1,2___

Арағанды 2009 ж

Жұмыс бағдарламасы «051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандық бойынша, ҚР МЖБС 3.07.475 – 2006 жылы бекітілген және типтік бағдарлама «Молекулярлық биология және медициналық генетика» негіздерінде құрастырылған, 2007 ж.

Жұмыс бағдарламасы кафедраның мәжілісінде қарастырылды

«____» _________.2009 ж Хаттама № ____

Каф. меңгерушісі, доцент: ____________Б.Ж.Құлтанов

Жұмыс бағдарламасы медико-биологиялық және фармациялық пәннің салалық әдістемелік комиссиясында талқыланды

“_____”_________ 2009 ж. Хаттама №___

Төрайымы, доцент: ____________Н.А.Тимченко

ҚММУ Әдістемелік кеңесінде мақұлданған

«_____» __________2009 ж. Хаттама №_____

«БЕКІТЕМІН» ҚММУ-ның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры, профессор Р.С. Досмагамбетова ________________________________ «___»___________2009 ж.

Кіріспе

Молекулярлық биология нуклеин қышқылдарының және ақуыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, жасушадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу процесстерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулярлық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, клетканың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты процесстермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай фундаментальдық дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулярлық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік процесстеріндегі молекулярлық және жасушалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі ролін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, микробиология және фармакология дисциплиналарын оқу үшін теориялық база болып табылады.

Пәннің мақсаты:

Ағзаның қызмет атқаруындағы негізгі молекулярлы-генетикалық, жасушалық механизмдері туралы және олардың клиникалық тәжірибедегі қолданылуы туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

· кең тараған ауруларға эффективті диагностика жүргізу, профилактикасы мен емдеуі үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулярлы-генетикалық және жасушалық механизмдерінің ролі туралы түсінікті қалыптастыру

· теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

· кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

· медицинадағы молекулярлы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

· тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент тиіс:

Білу:

· тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулярлы-генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтары;

· тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–функцональдық ұйымын;

· жасушааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың ролін, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері

· генетикалық және жасушалық гомеостаздың тұрақтылық сақтауының негізгі механизмдері;

· тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі ролі;

· адамның тұқым қуалайтын патологияларының негізгі белгілері

· тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы, профилактикасы және емдеуінің негізгі принциптері

· молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптері;

· молекулярлы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде.

· Істей білу:

· аурудың даму механизмін түсіндіру үшін, молекулярлы-генетикалық процесстер туралы білімді қолдану;

· адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

· хромосомалардың әртүрлі типтерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

· адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

· арнайы сөздік материалын, молекулярлы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;

Реквизитке дейінгі: Жалпы биология, химия, медициналық биофизиканың мектептегі курсы

Реквизиттен кейінгі: биохимия, гистология 1, микробиология, физиология 1, фармакология 1, патологиялық физиология 1, клиникалық медицинаға кіріспе.

Дәрістің тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Орындалу түрі ұзақтығы
1. 2. 3. 4.
  Кредит № 1.    
Молекулярлық биология жәнемедициналық генетикаға кіріспе. Жасуша биомембранасының молекулярлық құрылысы және қызметтері, мембрана арқылы тасымалдау, жасушаішілік органеллалардың, цитоқаңқаның құрылымы және қызметтері. жалпылама   1 сағат
Жасушалық цикл Жасушалық циклдің реттелуі.Жасушааралық сигнализацияның және интеграцияның молекулярлық механизмдері. мәселелік   1 сағат
Ақуыздар, құрылысы, жіктелуі, қызметтері. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі, қызметтері. жалпылама   1 сағат
Нуклеин қышқылдары және ақуыз биосинтезі. ДНҚ репликациясы. Нуклеин қышқылдары. «РНҚ әлемі» концепциясының мәселелері. мәселелік   1 сағат
Генетикалық код. Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялық реттелуі. жалпылама   1 сағат
  Жалпы сағат саны:  
  Кредит № 2.    
Моногендік, полигендік тұқым қуалау. Адам генетикасының негізгі әдістері. мәселелік   1 сағат
Проэмбриональдық және эмбриональдық дамудың генетикасы жалпылама   1 сағат
Тератогендік факторлар, дамудың туа біткен ақаулары. Гендік және хромосомалық мутациялар. жалпылама   1 сағат
Популяциондық генетика. жалпылама   1 сағат
Экогенетика. Фармакогенетика. жалпылама   1 сағат
  Жалпы сағат саны:  
  Барлығы 10 сағат

Тәжірибелік (және/немесе семинарлық, зертханалық) сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Орындалу түрі ұзақтығы
1. 2. 3. 4.
  Кредит № 1    
Молекулярлық биология жәнемедициналық генетикаға кіріспе. Микроскопирлеу техникасы. семинарлық 2 сағат
Жасуша мембранасының молекулярлық құрылысы және функциональдық компоненттері. Жасушаішілік тасымалдау механизмдері семинарлық 2 сағат
Жасушаішілік органеллалардың құрылымы және қызметтері. семинарлық 2 сағат
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметтері. Ақуыздар фолдингі. семинарлық 2 сағат
Ақуыздардың және нуклеин қышқылдарының биосинтезі. семинарлық 2 сағат
  Жалпы сағат саны:  
  Кредит №2.    
Жыныс генетикасы және жеке даму. семинарлық 2 сағат
Белгілердің тұқым қуалауы: моногендік, полигендік, тіркес. Цитоплазмалық тұқым қуалау. семинарлық 2 сағат
Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы. семинарлық 2 сағат
Популяциялық генетика негіздер семинарлық 2 сағат
Экогенетика және фармакогенетика негіздері. семинарлық 2 сағат
  Жалпы сағат саны:  
  Барлығы  

ОЖСӨЖ тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Орындалу түрі ұзақтығы
2. 3. 4.
  Кредит № 1    
Цитоқаңқа. Жасушааралық байланыстар, жасушааралық адгезия, жасушадан тыс матрикс тәжірибелік 2 сағат
Генетикалық код. Виды РНҚ түрлері.Құрылысы және қызметтері. Транскрипция. РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы. тәжірибелік 2 сағат
Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмі тәжірибелік 2 сағат
Жасушаның генетикалық ақпараты. тәжірибелік 2 сағат
Жасушалық цикл және жасушаның бөлінуі. тәжірибелік 2 сағат
Жасуша пролиферациясын реттеудің молекулярлы-генетикалық механизмдері. тәжірибелік 2 сағат
Апоптоз. тәжірибелік 2 сағат
Аралық бақылау – коллоквиум семинарлық 1 сағат
  Жалпы сағат:   15 сағат
  Кредит №2.    
1. Проэмбриональдық дамудың генетикасы тәжірибелік 2 сағат
2. Эмбриональдық дамудың генетикасы тәжірибелік 2 сағат
3. Белгілердің тұқымқуалау типтері мен қасиеттері. Аллелді емес гендердің өзара әсері. генетикалық есептер шығару 2 сағат
4. Белгілердің тұқымқуалау типтері мен қасиеттері. Аллелді гендердің өзара әсері. генетикалық есептер шығару 2 сағат
5. Мутациялық өзгергіштік. Мутагенез. тәжірибелік 2 сағат
6. Мутагендік факторлар. Мутациялар типтері. Репарация. тәжірибелік 2 сағат
7. Популяциондық-генетикалық зерттеулер. тәжірибелік 2 сағат
8. Аралық бақылау – коллоквиум семинарлық 1 сағат
  Жалпы сағат:   15 сағат

СӨЖ тақырыбының жоспары

Тақырыптың аталуы Орындалу түрі ұзақтығы
1. 2. 3. 4.
  Кредит №1.    
Вирустардың генетикалық аппаратыының ерекшеліктері. ДНҚ және РНҚ бар вирустар. Жоба/презентация 2 часа
Теломерлер. Теломеразалық белсенділік. Жоба/презентация 2 часа
Генетикалық инженерияның негіздері. Жоба/презентация 2 часа
Везикулярлық тасымалдау. Жоба/презентация 2 часа
Жасушаның қозғалыс органеллалары. Жоба/презентация 4 часа
Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдері. Жоба/презентация 3 часа
  Жалпы сағат:   15 сағат
  Кредит №2.    
Жыныссыз және жынысты көбею және олардың түрлері. . Жоба/презентация 2 сағат
Гаметогенез. Оогенез. Сперматогенез. Жоба/презентация 2 сағат
Адамның жыныс генетикасы. Жоба/презентация 2 сағат
Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия Жоба/презентация 2 сағат
Адамның тұқым қуалайтын патологиясында тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның ролі. Жоба/презентация 4 сағат
Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар Жоба/презентация 3 сағат
  Жалпы сағат: Жоба/презентация 15 сағат
  Барлығы   30 сағат

. Сабақ беру және оқыту әдістері:

· Дәрістер: жалпылама және мәселелік.

· Тәжірибелік және семинарлық сабақтар:

Сабақ тақырыбын талдау және талқылау. Мәселелік сұрақтарды құрастыру және оларды шешу жолдары. Қорытынды жасу.

СӨОЖ -Ситуациялық есептерді шығару, жалпы және медициналық генетика бөлімдері бойынша препараттарды микроскопирлеу.

СӨЖ –тақырып бойыншапрезентация/жобаны дайындау.

Білім алушылардың білімдерін және дағдынларын бағалау әдістері:

● Ағымды-тесттер және ауызша сұрау.

● Рубеждік –жазбаша.

● Қорытынды –емтихан (КО-да тесттер және сұқбаттасу, атауы жоқ препараттарды анықтау және генетикалық есептерді шығару - дағдылары)

Құралдар мен жабдықтар:

· Құралдар: компьютерлер, микроскоптар

· Жабдықтар: мультимедийлік оқулық нұсқауларының жинағы, кестелер, микропрепараттар, слайдтар, тесттік тапсырмалар жинағы, ситуациялық есептер, дәрістер, практикалық сабақтар, ОЖСӨЖ және СӨЖ бойынша студенттер үшін әдістемелік ұсыныстар

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

1. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология, Новосибирск: Семей МУ, 2003.

Қосымша:

1. Стамбеков С.Ж., Генетика, Новосибирск 2003

2. Казымбет П.К., Аманжолова Л., Нұртаева Қ. Медициналық биология. Алматы 2002.-350 с.

3. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006.

Ф КГМУ 4/3-14/01

ПП КГМУ 4/01

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Наши рекомендации