Азақстан Республикасының Экологиялық кодексі

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен

азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Атмосфералық ауаны қорғау туралы

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Азаматтық қорғау туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Сол сияқты күрлелі мәселелер 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексінде қаралған

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен

азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Атмосфералық ауаны қорғау туралы

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Азаматтық қорғау туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Сол сияқты күрлелі мәселелер 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексінде қаралған

§ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ
2007 жылғы 9 қантар, № 212-III
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)


ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

§ 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
3) генетикалық түрлендірілген организмдер

§ 4) генетикалық түрлендірілген өнімдер

§ 5) ең озық қолжетімді технологиялар

§ 6) инертті қалдықтар деген негізгі ұғымдар пайдаланылады

Қоршаған ортаға төнген қатер

§ қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

§ Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда.

35. Дрозофиланың морфологиялық белгілері мен жыныстық айырмашылықтарын түсіндіріңіз. Дрозофила - жеміс шыбындары тұқымдасына жататын жәндіктер. 1000-нан аса түрі бар. Барлық жерде, әсіресе, көкөніс-жеміс сақтайтын қоймаларда кездеседі. Дрозофилалар ұсақ жәндіктер; көзі қызыл, тұрқы 2 - 3,5 мм-дей. Олар өсімдіктердің шырынымен және шіріген органикалық заттармен, ал дернәсілдері микроорганизмдермен қоректенеді. Дрозофилалар өте өсімтал, әрбір 10-15 күнде ұрпақ береді. Өсімтал болғандықтан генетикалық зерттеулерге пайдаланылады. Мысалы, дрозофиламен жасаған эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде америкалық ғалым Т. Морган тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты. Қазір лабараторияларда, негізінен, Дрозофиланың Drosophila melanogaster түрі өсіріліп, тәжірибелер жүргізіледі. Бұл түрді қоршаған ортаны ластаудың экоторксикологиялық және генетикалық қауіпін, әсіресе мұнай мен ауыр металдардың қасиетін бақылау үшін тест-объектілер қолданылады.

Қанаттың морфоздары әдетте ассиметериялы болады. Ассиметрияның пайда болу себептерін анықтау үшін көптеген авторлармен дара дамуының сипаты, гентикалық орталық факторлардың әсер етуі зерттеледі. Сонымен қатар, популяциялық генетикада ассиметрияның экологиялық аспектілерге толық зерттелмеген. Алматы қаласының және оның жақын аймағындағы табиғи популяцияны зерттеген кезде өмір жағдайы санының ауытқуы түріндегі кезеңдік өзгерістерге қатысты реакциялары анықталды. Осылайша 2006-2007 жылдары біздің зерттеулерде тамыздың соңында қарағанда мамырдың соңында З есе аз және қыркүйектің соңына қарағанда 2 есе аз мөлшерде шыбындар ұсталды. 14 және 15 кестелеріндегі мәліметтерден Алматы қаласының маңайынан ұсталған популяцияларға қарағанда Атырау қаласындағы бастапқы популяциясы (Ғ0 и Ғ,) қанаттардың морфозының үлкен бөлігіне ие екендігі көрінеді. Соңғысы бақылау ретінде қолданылады, өйткені автотрассадан алшақ жерде және дачалар маңында, мегаполистан 11 км жерде ұсталған. Қанаттардың морфоздары әдетте ассиметриялық түрде көрінетіні анықталды. Торакс пигментациясының морфозы түрлі экспрессияға ие. Осы морфоздардың тұқым қуалаушылығын зерттеу үшін бір ұрғашының ұрпақтарын талдауға мүмкіндік беретін тізбектер орнатылған. Ассиметрияның пайда болу себептерін зерттеу үшін қазіргі кезде де дарақтың дамуының сипатына орта факторының әсерін анықтау сұрақтары да шешілмеген болып саналады.

 

36. Физикалық мутагендерді жазыңыз.. Мутагендер - мутацияның жүруіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация деңгейін әжептәуір жоғарылатады. Физикалық мутагендер радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелер, гамма сәулелер,жоғары немесе төмен температура және т.б. жатады.

37. Қазақстанның ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелеріне мысалдар келтіре отырып жазыңыз,

Қазақстанның ұлттық экологиялық мәселелері:

- Арал теңізінің акваториясының тарылуы және оның түбінің жалаңаштануы, тұзданудың жоғарғы дәрежесімен жаңа шөл ауақтарының қалыптасуы;

- Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының болуы.

- Каспий теңізінің қорларын қарқынды меңгерудің теңіздік жоне су жағалауындағы экожүйеге әсері.

- Су қорларының жүдеулігі және ластануы.

- Тарихи ластанулар.

- Трансшекаралық экологиялық мәселелер.

- Әскери-космостық және сынақ комплекстік полигондарының әсері.

Қазақстанның жергілікті экологиялық мәселелері:

- Ауа бассейнінің ластануы.

- Радиоактивті ластанулар.

- Бактериологилық ластанулар

- Химиялық ластанулар.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар (ҚР экологиялық мәселелерінің реестрі, 2008). Табиғи ортаға биотаға зиянды әсер ететін улы заттардың орасан зор көлемі түседі. Статистика бойынша ҚР агенттігінің деректері бойынша 2003 жылы өнеркәсіптік өндірістердің улы қалдықтары 141,9 тонна болды. Осы көлемнен 20,5% (29,1 млн т ) қайта қолданылды, тек 2,6% (3,7 млн т) ғана толық залалсыздандырылды. Қалған 109,1 млн.тонна қоршаған ортаға қауіпті заттар керексіз қалдықтар болып саналады, олар табиғи ортаны ластайды және биотаға потенциалды қауіп төндіреді.

1999-2007 жылдар аралығында Қазақстан атмосферасыма стационарлық көздермен зиянды заттардың қалдықтарының көлемінің жылына 2308,6-дан 2884,3 мың тоннаға артуы тіркелеген (6-кесте).

Ақпарат көзі: статистика бойынша ҚР агенттігі, 2004

Қазақстан территориясында құрлықтың бёткей суларының сапасы. Құрлықтың беткей суларының сапасын бақылау жұмыс істейтін гидропосттардың көмегімен ұлттық гидрометерологиялық қызметпен жүзеге асырылады. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша судың сапасының негізгі критериі болып балық шаруашылығы, тұрмыстық-сулык және коммуналды-тұрмыстык суқоймалары үшін ластаушы заттардың мүмкін болатын кон- центрациясы саналады (7-кесте).

Қазіргі уақытта мониторинг немесе экология-биохимиялық зерттеулер жүргізгенде, ең алдымен тізімі ұдайы кеңейетін, зиянды ластаушылар қатарына жататын беделді металдар меңгеріледі. Осылай АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің кеңесімен аса зиянды элементтер тізіміне келесі металдар кірді: Be, Al, Cr, Ni, As, Se, Cd, Hg, Pb, Na, V, Mn, Co, Cu, Zn, Mo, Ag, Ba,Tl (McKinney, Rogers, 1992). Мониторингтің жергілікті деңгейі (Павлодар облысының мысалында)

Ертіс өзені. Өндірістік ластанулар, ерекше өнеркәсіппен өн- дірілетін ластанулар. Судың сапасына металлургиялық өнеркәсіппен өндірілетін ластаушылар да үлкен әсер етеді. Ластаушы загтар: нитраттар, бензин, фенол,СПАВ, қорғасын, мырыш, мыс.

Облыстардағы ең өткір экологиялық мәселелері:

- облыс қалаларында атмосфералық ауаның ластануының жоғарғы деңгейі.

- елді мекендерде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды көму және орналастыру мәселелері;

- тазалау құрылғыларының апатты жағдайы және қалаларда нөсерлік канализациялардың жоқтығы;

- ҚО мониторингін жүзеге асыру үшін экологиялық бекеттер торының

- орман өрттері және ағаштарды заңсыз кесіп алу.

Сонымен, қалалардағы ауаның ластағіуының жоғарғы деңгейінің себептері өндірістің ескі технологиясы, тазалау құрылғыларының тиімсіздігі, пайдаланылатын отынның төмен сапасы, қуат көздерінің дэстүрлі емес және жаңартылған түрлерін әлсіз қолдану болып саналады. Осы тұрғыда өндірістік орталықтардағы тұрғындардың айтарлықтай бөлігі зиянды қалдықтардың жоғары әсер ететін зонасында тұрады, себебі өнеркәсіптердің 20%-дан көбінде санитарлы-қорғаныс зонасы жоқ. Қоршаған ортаға жанама әсерді өңделген газдармен ондаған ластаушы заттар шығаратын автокөлік көрсетеді, оның жалпы көлемі жылына 1098 мың тонна. Көптеген ірі қалаларда ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлесі 60 пайызға дейін жетеді, ал Алматы қаласында жалпы санның 90 пайызын Құрайды. Автокөлік санының бірден жоғарылауы ірі қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көміртек тотығының және азот диоксидінің концентрациясының өсуіне әкеледі, бұл жерлерде бұл заттардың концентрациясы болатын шамадан да артық.

Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру бойынша шаралар жүйесін өндіру үшін «2005-2007 жж. аралығында ҚР қоршаған ортасын қорғау» бағдарламасы дамытылды, бұл бағдарлама елдегі атмосфералық ауаның сапасын айтарлықтай өзгерту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, ерекше бұл дамығағі өндірістік-транспорттық инфрақұрылымы бар урбанизирленген аумаққа қатысты.

38. Урбанизацияланған территориялардың сапасын анықтау және тіршілік ортаның экологиялық қауіпсіздігін жобалау мақсаттарын түсіндіріңіз. Улы элементтердің ағаш жапырақтарында жиналуы 1-3 қауіптілік класы- 1(11 жататын (мырыш, қорғасын, мыс, кадмий) улы токсиндердің жапырақ пластинкаларындағы мөлшерін анықтауға талдау жүргізілді, химиялық талдаудың екі әдісі қолданылды - вольтамперометрикалық инверсия (ВИ) және инструментальды нейтронды-активационды талдау (ИНАА). СТА құралында ВИ әдісін қолдаиу арқылы жүргізілген зерттеудің нәтижелері (мырыш, қорғасын, мыс, кадмий). Сынамалардағы кадмийдің мөлшері анықтау дпапазонынан төмен екендігі белгіленді және берілген материалдарда көрсетілмеген. Павлодар қаласының әртүрлі зоналарында бұтақтық өсімдіктердегі ауыр металдар мөлшерін анықтау иотижелері 10-кестелерде көрініс тапты.Өсімдіктердегі ауыр металдардың аккумуляциясы маңызды юхногенді атмосфералық қалдықтар көздерінен алшақтау шамасы (1-5км) бойынша өтеді солтүстік және оңтүстік-шығыс мромзоналары. Атмосфералық ауада ауыр металдардың тарауының бағыты басым жел бағытына сай келеді. Павлодар қаласының гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша , Павлодарда басым жел бағыты батыс (20%), оңтүстік (17%), оңтүстік-батыс (15%) болып саналады. Мырыштың биоиндикацнясы үшін көбінесе жиде, қайың және үйеңкі ағаштарын пайдалануға болады. Сонымен қоса мырышты терек, шырша, қарағаш, тал, қарағай жинайды. Қаланың барлық зонасында қорғасынды ең көп деңгейде қарағайдың балауса бұтағы жинайды, сонымен бірге шырша, терек, қайың,үйеңкі, қарағаш, талда жинайды. Мыстың аккумуляцияға бейімділігі қайың ағашында айқын Kepiледі, аз айқындылық - теректе, қарағашта, үйеңкіде, ең төмен деңгейі - қарағай мен талда.

39. Қазақстанда экологиялық зардап шеккен аймақтағы (Арал және т.б) қоршаған орта ластануының тұрғындар саулығына ықпал етуін көрсетіңізАрал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

40. Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен аймақтағы (Семей ядролық полигон) қоршаған орта ластануының тұрғындар саулығынана ықпал етуін көрсетіңізТұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Наши рекомендации