Ақуыздар Вирустардың негізгі компоненті /50-90 пайызы/.

Жалпы вирусология,вирустардың жіктелу негіздері. Вирионның құрылымыжәне химиялық құрамы. Бактериофагтар

Жоспар

1.Вирустар туралы қысқаша мәліметтер

2.Вирустардың басқа микрооганизмдерден

ерекшеліктері

3.Вируцстардың классификациясы, құрылымы,

химиялық құрамы, өсіп-өнуі, дақылдандыру әдістері

4.Вирустар мен жасушаның өзара әрекеттесуінің

салдары

5.Инфекция кезеңдері және жұғу жолдары

6.Зертханалық диагноз қою әдістері

7.Емдеу және алдын-алу принциптері

Мақсаты:

— Вирустар және олар қоздыратын аурулар туралы жалпы мәліметтер беріп, олардың ерекшеліктері, жіктелуі, негізгі қасиеттері туралы және де олар қоздыратын аурулардың микробиологиялық диагностикасымен, емдеу және алдын алу принциптері туралы студенттерге білім беру

Вирустар -өте ұсақ жасушалық құрылысы жоқ генетикалық деңгейдегі паразиттік организмдер.

ВИРУСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

— Генетикалық деңгейдегі паразиттер өзінің геномымен жасуша геномына әсер етіп байланысқа түседі, "өз дегенін істетіп" көндіреді.

— Өте ұсақ, нанометрмен өлшенеді, электрондық микроскоппен ғана көрінеді.

— Кристалл ретінде де кездеседі /полиемиелит вирусы/. Кристалдар жылдар бойы сақталуы мүмкін, ал кез-келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.

— "Денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін /құтыру вирусы/.

МОРФОЛОГИЯСЫәр түрлі болады – икосаэдрлық, таяқша немесе цилиндр тәрізді, дөңгелек, сопақша, сперматазоид тәрізді, жіпшелі.

Вирионның МӨЛШЕРІ бойынша :

1.Өте ұсақ – 20-50 нм /пикорнавирустар, парвавирустар/;

2.Үлкендігі орташа – 50-150 нм;

3.Ірі вирустар – поксвирустар.

ҚҰРЫЛЫСЫ бойынша:

— Жай қарапайым вирустар – НҚ капсидпен қоршалған. Нуклеокапсид кубтық немесе спиралдық симметрия-сымен орналасады.

— Күрделі вирустар – қосымша липопротеидтік қабықшасы бар /суперкапсид/.

Ақуыздар Вирустардың негізгі компоненті /50-90 пайызы/. - student2.ru

ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Нуклеин қышқылы

— Вирустар құрамында кездесетін нуклеин қышқылдарының түрлері:

— 1.екі жіпті сызықшалы ДНҚ /герпес, аденовиусар/.

— 2.екі жіпті сақиналы ДНҚ

— 3.екі жіпті сақиналы ДНҚ, бір жібі үзілмелі /гепатит В вирусы/

— 4.екі жіпті өзара шиеленіскен ДНҚ /паповавирустар/.

Нуклеин қышқылдары генетикалық информацияны сақтайды және ақуыздардың құрамын қадағалайды.

Ақуыздар Вирустардың негізгі компоненті /50-90 пайызы/.

Липидтер /4-42 пайызы/

Көмірсулар /3-10 пайызы/

ВИРУСТАР ТАКСОНОМИЯСЫ:

Иерархиялық деңгейлер:

— тұқымдастықтар /аты -viridae деп аяқталады/,

— тұқымдастар тармағы /-viriae/,

— туыстыр /-virus/,

— түрлері.

Мыс., Herpesviridae, Alphaherpesvirinae, жай герпес вирусы. Адамдар мен жануарлар вирустары 19 тұқымдасқа бөлінеді.

Ақуыздар Вирустардың негізгі компоненті /50-90 пайызы/. - student2.ru

ДНҚ-лы вирустар /7/:

— поксвирустар

— герпесвирустар

— гепадновирустар

— иридовирустар

— аденовирустар

— паповавирустар

— парвовирустар

Ақуыздар Вирустардың негізгі компоненті /50-90 пайызы/. - student2.ru

РНҚ-лы вирустар /12/:

— пикорнавирустар

— калицивирустар

— тогавирустар

Бирнавирустар\цирциновирустар

— коронавирустар

— парамиксовирустар

— рабдовирустар

— ортомиксовирустар

— буньявирустар

— аренавирустар

— ретровирустар

Ақуыздар Вирустардың негізгі компоненті /50-90 пайызы/. - student2.ru

ВИРУСТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУІ:

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді:

— Жасуша ішінде кездесетін көбею түрлері

- вирустар.

— Жасушадан тыс түрі – вирион.

— Вириоид – капсидсіз НҚ.

Вирустар тек жасуша ішінде ғана өсіп өнеді. Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым:нуклеин қышқылы, ақуыз, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.

ВИРУСТАРДЫҢ КӨБЕЮІ:

1 ФАЗА – адсобция, жасушаға жабысуы. Айрықша емес – белгілі бір ортада, температурада, катиондардың бар жерінде. Айрықша – жасуша рецепторларының вирус ақуызына сәйкес келуі.

2 ФАЗА – вирустың жасушаға енуі. 2 жолмен:1) виропексис /пиноцитоз, фагоцитоз/, 2) жасуша және вирус қабықшасының өзара бірігуі.

3 ФАЗА – депротеинизация, вирус геномы ферменттердің көмегімен қабықшадан бөлінеді.

4 ФАЗА – эклипс-фаза /қараңғы,тұтылу/-жасуша тұтылып тек вирустың еркіне береді, вирустың құралу бағдарламасын іске асырады. Вирус геномының экспрессиясы басталады:

— транскрипция-ДНҚ-ын РНҚ-на көшіру,

— трансляция-вирустың ақуыз молекуласынан құралуы,

— репликация-геномның көбеюі.

5 ФАЗА – вирус компаненттерінің жиналуы. Ядрода да, цитоплазмада да болуы мүмкін.

6 ФАЗА – жасушадан шығуы. 2 жолмен – 1)бүршіктену 2)жарылу.

Вирустарды дақылдандыру әдістері:

— жануарлар организмінде

— тауық эмбрионында

— дақыл жасушаларында

— Науқастан алынатын зерттеу заттар аурудың түріне, клиникалық көріністеріне байланысты – қан, сүйек кемігі, ликвор, несеп, мұрын- көмей шайындысы, тіндер биоптаты және т.б.

Микробиологиялық диагноз қою әдістері:

— Вирусоскопиялық әдіс (ЦПӘ, жасушаішілік қосындылар, денешіктер)

— ИФР (РИФ)

— Вирусологиялық әдіс (тауық эмбрионы, жасуша дақылдары)

— Биологиялық

— Серологиялық (КБР,БР,ГАТР,ИФТ)

— Молекулалық-биологиялық(ПТР,ДНК-зондтау)

Вирустық инфекцияларды емдеудің негізгі бағыттары:

Вирустық инфекцияларды емдеу үшін қолданылатын препараттар үш тәсілмен әсер етуі керек:

v қоздырғышқа тікелей әсер етіп, өсіп-өнуіне жол бермеу;

v Организмнің қорғаныс күштерінің ынталандыру(стимулдеу);

v кесел барысында пайда болған(немесе болатын) бұзылыстарға жол бермеу

Тікелей әсер ететін немесе этиотропты препараттарға жатады:

— Спецификалық вакциналар қолдану;

— Бейспецификалық – табиғи резистенттілікті интерферонның және басқа иммунды стимуляторлардың көмегімен күшейту;

— Антивирустық химиялық препараттар қолдану, олар вирустардың репродукциялануын таңдамалы (избирательно) басып тастайды.

Сонымен емдеу 3 бағытта жүргізіледі:

— I- этиотропты – ауру қоздырғышына тікелей әсер ететіндер- антивирустық препараттар, иммунды модуляторлар (амантадин, ревмантадин, ацикловир, видаравин, оксолин, арбидол, ставудин, интерферон және т.б.)

— II-патогенетикалық – организмнің жалпы улануына, сусыздануына, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінде және басқа ағзаларда бұзылыстар пайда болуына жол бермеуге және де бактериялық асқынулардың алдын алуға бағытталған препараттар

— III- симптоматикалық – ауру симптомдарын (басы ауыру, ұйқысыздық, жөтел, дене қызбасы және т.б.)басатын препараттар.

Наши рекомендации